Учительские университеты
кім қайда оқуға түспек?
Әрине ең көп жоғарғы оқу орындары Алматыда орналасақан, демек 55 – і. Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл ғана болғанына қарамастан, осындай жоғары көрсеткіштерді көріп отырмыз. Бұл мемлекетіміздің жетістігі. Қуантатыны – оқу орындарының көптігі демографиялық жарылысты көрсетеді. Нақтырақ айтсақ, 1991 жылдары студенттер саны 287 367 болса, 2012 – 2013 жылғы санақ бойынша 620 442. Ал Алматыдағы 55 жоғарғы оқу орнында 186 499 студент оқиды.186 499 студенттің орташа есеппен 16 000 Қазақ Ұлттық Университетінде білім алып жатыр. Осындай нәтиженің өзінен – ақ талапкерлердің басым бөлігі ҚазҰУ – ды таңдайтындары көрініп – ақ тұр,өйткені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. QS World University Rankings Results 2011 және Top Universities сайтының келтірген деректеріне қарағанда университет 2009 жылы 600 орынна төмен болған, ал 2010 жылы 501-550 аралығында болса, 2011 жылы 401-450 аралығына дейін көтерілген. 2012 жыллғы Әлемдік үздік 299- шы университет. Сонымен қатар, 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған «Рейтинг.kz» зерттеу орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – 41,7 пайыз жинап, 1-орында тұр. Мен Қазақ Ұлттық Университетінің бітіруші түлегімін. Қара шаңырағымыздағы беделді факультеттердің бірі Эклномика және Бизнес Жоғарғы Мектебі. Соның ішінде өзім білім нәрімен сусындап жатқан Қаржы кафедрасын ерекше атап өтсек болады. Ермекбаева Баян, Керімбекова Нұргүл, Ақмарал Қажығалиқызы секілді дарынды ұстаздар білімге бағыттауда. Жас түлектерді қара шаңырақтан білім алуға шақырамыз.
|
Категория: Профессиональное образование | Добавил: bkabdoldaeva (2014-04-21)
| Автор: Сакен Асем E
|
Просмотров: 504
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]