Главная » Статьи » Профессиональное образование |
Тулембетова Айслу Багитовна №14 о/м химия пәнінің мұғалімі. Сыныбы:9 «Ә» Табиғаттағы металдар. Қазақстанда кендерден металл алу Сабақтың мақсаты: Білімділік:металл кендері жайлы түсінікті дамыту. Қазақстанның кен орындары жайлы мәліметтер беру. «Металлургия» ұғымын қалыптастырып, белсенділігі әртүрлі металдарды өндіру әдісі туралы мағлұмат беру.Қазақстандағы кен орындарын зерттеген, оның металлогендік картасын жасаған ғалым академик Қ.И.Сәтбаев еңбектері жайлы мағлұмат беру. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, қорытындылау, талдау қабілетін дамыту.Оқушыларды қосымша тапсырма, слайд материалдары арқылы еліміздің экономикасында тау-кен саласының алатын орны, Қазақстандағы ең ірі минералды шикізат қорлары жайлы білімдерін ғылыми негізде тереңдету. Тәрбиелік:Жергілікті материалдарды пайдалана отырып, оқушыларды елін-жерін сүюге тәрбиелеу. Құралдар: «Минералдар және тау жыныстары» жинақтамасы, Географиялық карта.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі. Сабақтың барысы. I. Сабақты қабылдауға дайындақ. Сұрақ-жауап әдісін пайдаланып, үй тапсырмасын еске түсіруге болады. 1.Жемірілу деген не? 2.Жемірілудің металдардың белсенділігіне қандай қатынасы бар? 3.Жемірілудің қандай түрлері бар? 4.Жемірілумен күресудің басты бағыттарын атап беріңдер. II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Географиядан алған оқушылардың алған білімін пайдалана отырып, Қазақстанның кен байлығын еске түсіру қажет. Қазақстан жерінде периодтық жүйедегі элементтердің барлығының дерлік қосылыстары кездесетінін, бір ғана Алтайдың Қазақстанға қарасты жағындағы кен орындары және соның ішінде 900-гежуық полиметалл кен көздері табылғаны айтылады. Қазақстанның басты байлығы-түсті металдар. Түсті металдар: ауыр, жеңіл, асыл, сирек кездесетін металдар болып бөлінетіні туралы мағлұмат беріледі. (Бейне ролик) Кендерден металдарды бөліп алумен металлургия өнеркәсібі айналысады, ол грек тілінен аударғанда металлдарды өңдеу деген сөз екенін түсіндіріп кеткен жөн. І.Ақпараттық материалды білу, түсіну 1-топ тапсырмасы. Ауыр түсті металдардың маңыздыларын атап шығыңдар. Олардың еліміздегі кен орындары. Жауап:1.Ауыр түсті металдарға: мыс, қорғасын, мырыш жатады. Мыс кен орнының маңыздылары-Жезқазған, Қоңырат, Саяқ, Қаратас жерлерінде. Қорғасын, мырыш кен орындары-Жәйрем, Ащысай, Текелі, Зырян, Ертіс, т.б. жерлер бар. 2-топ тапсырмасы. Табиғатта сом (бос) түрінде кездесетін асыл түсті металдар және олардың Қазақстандағы кен орындары. Жауап:2.Асыл түсті металдарға: алтын, күміс, платина, осмий, палладий жатса, олардың кен орындары-Жолымбет, Майқайың, Бақыршық жерлерінде кездеседі. Ал платиноидтардың қоры Солтүстік Балқаш пен Алтайда бар. 3-топ тапсырмасы.Еліміздегі темір кен орындары.Темір кенін өндіруші компаниялар қайда орналасқан? Қара металлургия деген не? Жауап: Еліміздегі ірі темір кен орындары қатарына Қостанай облысындағы Соколов-Сарыбай(15 компания),Лисаков Қашар, Аят, Орталық Қазақстандағы Атасу, Қаражал жатады.Теміртау-магнитка металлургия зауыты.Д/ж үлесі 6 пайыз. 4-топ тапсырмасы.Қазақстанның металлогендік картасын жасаған ғалым. Полиметалл кендер және сирек кездесетін металдар туралы айтып беріңдер. Жауап: Қазақстан кен байлықтары мен металлургия өнеркәсібі сөз болғанда, тұңғыш академик Қ. Сәтбаевтың қосқан үлесі кеңінен айтылып, оқушыларға ол туралы реферат даярлатуға да болады. Мұндай мәліметтерді пайдалану, сабақтың мазмұнын ашумен қатар оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеп, туған жер байлығына құрмет сезімін оятады. Оқушылардың туған жерге, оның қара тасын ардақтап ғалымдарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі болып табылады. Оқушы ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылады. Бүгінгі металлургия саласы адамзатқа 80-нен аса таза металл және 5000-нан аса қасиеттері алуан түрлі құймалар беріп отыр. Енді еліміздегі бай кен орындарынан таза металды бөліп алдың өндірістік тәсілдерін анықтауды оқушылардың ізденімпаздық әрекетін дамыту үшін қосымша тапсырма ретінде беруге болады. Қазіргі заманғы металлургия металдарды бөліп алу әдістеріне қарай 3-ке бөлінеді. Оқушылардың назарын оқулықтағы кестеге аударған жөн. Оқушылар географиялық карта көмегімен Қазақстандағы металлургия өнеркәсібі дамыған аудандарды атайды. Мысалы, Қарағанды металлургия комбинаты, Соколов-Сарыбай, Лисаков және Қашар комбинаттары темір кендерінің концентартымен жұмыс істеп, феррохром шығарады. Ақтөбе зауыты Оралдан жеткізілетін кварцитті пайдаланып, ферросилиций шығарады. Шымкентте қорғасын зауыты, Текеліде қорғасын-мырыш комбинаты бар. Алюминий және титан-магний өндірісі Өскемен мен Павлодарда бар. Балқаш және Жезқазған кен металлургия комбинаттары –мыс өнеркәсібінің аса ірі кәсіпорындары. Осы өндірістердің дамуына зор үлес қосқан ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Ғалым Қазақстанның қазба байлықтарын зерттеп, оның металлогендік картасын жасады. ІІ.Білімді қолдану. ІІ кезең тапсырмалары Бүгінгі металлургия саласы адамзатқа 75-тен астам таза металды және 10 мыңнан астам құймаларды беріп отыр.(Слайд металдарды алу әдістері). Кендердің құрамындағы металдың массалық үлесін анықтау.Топ басшысы суырады. 1. Халькопирит CuFeS2 минералының құрамындағы мыстың массалық үлесі (35) 2. Хромит FeCrO4 құрамындағы хромның массалық үлесі (46,4) 3. Пирит FeS2 құрамындағы темірдің массалық үлесі (46,6) 4. Магнезит MgCО3 құрамындағы магнийдің массалық үлесі (28,5) ІІІАлған білімін , ақпараттарын талдай білуі. ІІІ кезең тапсырмалары Металдарды алудың әдістері қанша түрге жіктеледі? 1-топ .Пирометаллургия. Куприттен мыс алу; вольфрам оксидінен таза вольфрам алу реакция теңдеулерін жазыңдар. 2-топ.Гидрометаллургия. Мыс(ІІ) оксидінен осы әдіспен таза мыс алу реакциясын жазыңдар. 3-топ. Электрометаллургия. Алюминий мен натрийді балқыма электролизі арқылы алу әдісінің теңдеулерін жазыңдар. 4-топ. Металлотермия. Титанды магниотермия әдісімен, хром(ІІІ) оксидінен алюминотермия әдісімен алу теңдеуін құрастырыңдар.Топтар тақырыптарын қорғауы. IV.Ортақ пікірлер, қорытынды, түйін. III. жаңа сабақты қорытындылау мақсатында тест сұрақтарын даярлап, ұсынуға болады. Кім жүйрік?Есепті тез және дұрыс шығарған оқушы өз тобына ұпай алады. Есептер. Массасы 78 грамм жез құймасы (Сu +Zn) тұз қышқылынан 13,44 л (қ.ж.) газды ығыстырады. Құймадағы мыстың массалық үлесін табыңдар. 1.Жеңіл балқитын металдар. 2.Металдарды алудың қандай әдістерін білесіңдер? 3.Электр тоғын ең күшті өткізетін металл. 4.Қ. Сәтбаев ашқан кен орындары, т.б. Үйге тапсырма. §41. 1-6-жаттығулар. Қосымша әдебиеттер. Жұмыс дәптерінен тапсырмалар. Реферат даярлау. Оқушыларды бағалау. | |
Просмотров: 5843 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|