Главная » Статьи » Профессиональное образование |
ХИМИЯ ПӘНІҢ ОҚЫТУДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ Тасименова Лилия Владимировна Орал технологиялық «Сервис» колледжі XXI ғасыр ақпарат қасыры болғандықтан адамзатқа компъютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жанартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Қазіргі кезеңде әрбір оқытушының алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттің бірі – студентке тиянақты білім беру. Ол үшін химия пәнінін оқытушылары оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірбиесінде таңдап алуы керек. [1] Педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болумен жаңа технологиялар өмірге келді. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану – оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсетеді. [2] Студенттердің ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармышылық қабілеттерін дамыту, алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға үйретеді, егер: - жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында тиімді пайдаланса, студенттің пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі, зерртеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады; - жаңа ақпараттық технологияны қолданса әрбір студент оқу процесінің субъектісіне айналуы нәтижесінде оқу жүйесінің қарқыны, білім сапасын артады. Жаңа технологияны пайдалана отырып, химиялық термодинамика, химиялық кинетика және тотығу-тотықсыздану реакцияларын, заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу – химия пәнің оқытудағы негізгі мәселелер. Химиялық өзгерістер мен химиялық заңдылықтарды зерделей отырып, студенттер практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты күнделікті дәрісте, зертханалық және практикалық сабақтарда: - мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидары, электрондық оқулықтарды); - компъютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта); - анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры); - интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай қондырғылар студенттердің қызығулышығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Студенттің сабаққа деген қызығушылығын ояту оқытушының сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс –тәсілдерінің бәрін де бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану-сабақтың сәтті өтуінің кепілі. [3] Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану студенттің дүниетанымын кеңейтеді. Студент білімін қорытындылау кезінде қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, таңымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеңіміз – тек компьютер мен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, химиялық формулалар, сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалан білу деген сөз. Химиялық формула – химиялық тілдің ең маңызды бөлігі болып есептеленеді, себебі сол заттың химиялық құрамын ажыратып береді. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл студенттерге өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. «Химик анықтамалығы» журналы №1 (15), 2010 жыл. 2. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. 3. Салихова А. «Оқушылардың шығармашылығын дамыту» Ғылыми-әдістемелік журнал.- №5.-2009 ж. Источник: http://ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. «Химик анықтамалығы» журналы №1 (15), 2010 жыл. 2. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 20 | |
Просмотров: 1652 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|