Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Профессиональное образование

Жоғары оқу орындарында студенттердің акмеологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері
Астана қаласы С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінің 2 курс магистранты Султанова Эльмира Алимхановна
Жоғары оқу орындарында студенттердің акмеологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері
Қазіргі уақытта білім беру, оның ішінде кәсіби білім беру актуалды проблемалардың біріне айналды. Себебі, ол мемлекетіміздің алға қойған талаптарына байланысты. Сондықтан да, кәсіби білім берудегі талаптарға сұраныс заман талабына сай өзгеріске ұшырады. «50 дамыған елдер» қатарына кіру үшін елімізге заман талабына сай ойланатын, ұшқыр ойлы мамандар қажет. Ал, болашақ маман тұлғасына негізгі талаптар - шығармашылыққа бейімділік, кәсіби деңгейін дамытып отыру және шырқау шегіне жеткізу сияқты талаптар қойылады. Егер де жоғары оқу орындарында осындай мамандарды дайындап шығарсақ, еліміздің болашағы жарқын екеніне сеніміміз мол.
Н.Ә.Назарбаев шілдедегі қоғамдық еңбек етудің 10 тезисі ұсынысында, ол жоғары оқу орындарында «Жеке және әлеуметтік жетістікке жету, акмеология негіздері» атты міндетті оқу курсын оқу бағдарламасына ендіруге ұсыныс білдірді. Елбасымыз халыққа жолдауында еліміздің барлық оқу - тәрбиелік үрдісі «ескірген әдістемелерге негізделген» деп санайды. /1/
«Акмеология»- (көне грек: acme- биік, шың, табыс, logos- ілім) адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптілік шыңға жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым; жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық пәндер тоғысында пайда болған, белгілі бір іс-әрекет сферасында адамның жоғары дәрежеде акме дамуы жөнінде ғылым алу, өзін-өзі түзету, өзін - өзі басқару құралдары арқылы өзін - өзі жетілдіруге қабілеттілік деп қарастырады. /2-32-34 /
Қоғамның сұранысы мен талаптарына сай жаңа технологияларды пайдалану арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Жоғары оқу орны негізінен жақсы білім алған, сондай -ақ болашақтағы кәсібін білетін оған бейім оқуына жалғастыруға бағытталған жастардың түсуіне мүдделі. Г.И.Рузавиннің айтуынша, егер студент өзінің болашақтағы кәсіби ортасын жақсы елестете алса, онда білім алудағы іс-әрекеті мақсатты болады. Жоғары оқу орнына түскен кез келген студентке тиімді білім беру ақпараттық технологиялар негізінде іске аспақ. Кез - келген елдің экономикалық қуат, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы, сол елдің инновациясының даму деңгейімен анықталмақ. Инновация- бұл оқытудың тиімділігін арттыру мақсаты мен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарлаудың жүйелі тәсілі. /3-150 бет/
Қазіргі заманғы студенттің басты мақсаты көптеген пәндерден, олардағы ұшан - теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін тани білу. Бұл мәндік көзқарас синтездік жиынтығын қарастырады, яғни ол студенттердің ойлау қабілетін шектейді. Алайда, акмеологиялық факторларды іске асыру үшін күшті қозғаушы себептер қажет. Бұл себептер жетістікке жетудің түрткілері болуы мүмкін. Оқытушының міндеті – студенттерге олардың мотивтері мен қажеттіліктерін қалыптаптастыруға көмек беру.Осылайша, инновациялық білім беру өз құрамына- жеке тұлғалық көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, мәндік және акмеологиялық көзқарастарды, кәсіби шеберлікті, екі мәдениеттің (техникалық және гуманитарлық) синтезін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіреді.
Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды пайдаланудың студенттердің білімін көтерумен қатар, оның тәрбиелік те маңызы зор. Дәстүрлі оқыту әдісіне қарағанда кредиттік оқыту жүйесі, электрондық оқулық немесе жаңа инновациялық оқыту технологиясы студенттердің жалпы қызығушылығын туғызады, ол өз кезегінде оларды сапалы және тұрақты білім алуына жағдай жасайды.Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуының негізгі бағыты «мультимедиа» жүйесі болып табылады., «Мультимедиа» терминін ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «көп орталық», яғни электрондық ақпаратты тасушы, құрамына бірнеше түрде мәтін, сурет, бейне және т.б. топтаушы деген мағынаны береді./4/
Оқытудың кез-келген түрінің тиімділігі студент пен оқытушының ара-қатынасына, педагогикалық технологиялардың пайдалануына, оқу мазмұнына, әдістемелік материалдардың құрастырылу деңгейіне тәуелді екенін ұмытпағанымыз жөн.
Акмеологияның адам туралы басқа ғылымдардан артықшылығы - ол адам өмірінің келесі кезеңдері мен кәсіби даму жолын зерттейді. Акмеология адам кәсіби шыңға өз әрекеттегенде ғана жететінін басшылыққа ала отырып, оның шарықтау және кәсіби әрекеттегі түзету проблемарымен айналысады. Адамның тағдыры мен жеке бағытында оның кәсіби бағдарының алар орны зор. К.К.Платонов кәсіби әрекетті бөліктерге бөлуге келетіндей мынадай белгілермен сипаттайды:
- Өнімділік (тиімділік);
- Қарқындылық, шапшаңдық;
- Нақтылық және беріктік;
- Ұйымдастырушылық;
- Біліктілік;
- Шешімталдық;
- Құзыреттілік
Сонымен, кез-келген диалектикалық даму үрдісі секілді білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, шабытты шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді. Маман құзырлығы неғұрлым жоғары болса, өз қызметінде ерік - күш, материал, уақыт сияқты ресурстарды аз жұмсай отырып, нәтижеге жете алатындығы дәлелденген қағида.
Бүгінгі таңда еліміздің бірқатар университеттерінде студенттер мен оқытушылардың шығармашылық ізденіс нәтижесінің жоғары болуына барлық жағдай жасылынған. Университеттің педагогикалық ұжымы авторлық бағдарламалар құрастырып, кең ауқымда қолданысқа ие болуына жағдай жасап отыр. Барлық бағдарламалар оқытушы мен студент тұлғасы жетістігінің құзыреттілігін дамыту, өзін-өзі дамытуға бағытталған. Осы жерде жоғары оқу орындары ұжымы көптеген жетістіктерге жетуде.
Жалпы, «акме» және «мәдениет» терминдері өте тығыз байланыста. Акме нәтиже ретінде, сонымен қатар, өзін-өзі дамыту үрдісі ретінде тұлғаның мәдениетінде көрініс табады.Ал, мәдениет, өз кезегінде өзін-өзі дамытудың және тұлғалық құндылықтың көрсеткіші болады.
Акмеологиялық мәдениетті меңгерген тұлғаның бойында өзін-өзі қалыптастыруға деген жауапкершілік, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі әрқашан жаңартып отыруға деген дайындық, өзін-өзі қалыптастыру үрдісіне әсер ететін тәсілдер мен формаларды әрқашан жаңартып отыру сияқты қасиеттер қалыптасады.Алайда, акмеологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін күшті қозғаушы себептер қажет. Бұл себептер жетістікке жетудің түрткілері (мотивациясы), яғни қажеттіліктер. А.Маслоу бойынша жетістікке жетудің мотивациясы ретінде өзін-өзі көрсету қажеттілігін қарастыруға болады.
Акмеологиялық бағытының жүзеге асуының соңғы нәтижесі болып, келесідей мазмұнға ие мынадай құрамдас бөліктерден тұратын тұлғаның акмеологиялық бағдары:
- Кәсіби- құндылықты бағдарлану (қоғамдық құндылықтарға негізделген педагогикалық іс-әрекет: тұлға үйлесімділігін, еркіндігін тәрбиелеу, оның шығармашылық шабытын дамыту, танымдық қызығушылығын белсендету, өзін-өзі дамытуға ұмтылу қажеттілігін белсендету және т.б.)
- Кәсіби мақсат қою (кәсіби біліктілігін арттыруға көзделген иерархиялық мақсаттар қоя білу.)
- Кәсіби мотивация (білім алуға құштарлық, білім алудың маңыздылығы мен оның болашақ өмірде қажеттілігін сезіне білу.)
- Кәсіпте жетістікке жетуге ұмтылыс (жетістікке жетуге ұмтылыс, өзін-өзі дамытуға, шығармашылық пен кәсіби іс-әрекетті дамытуға дайын болу, сапалы білім алуға дайын болу.)
Сөзсіз, акмеология білім беру сапасын арттыру үшін қажет, себебі болашақ мамандарды тәрбилеуде кәсіби білім берудің акмеологиялық моделін құруға мүмкіндік береді. Акмеология ғылымының әдістемелік және түсініктер құралдарының әлі де болса толық құрастырылмауына қарамастан, акмеологиялық шарттар оқу-тәрбие үрдісінің бөлінбес бөлігіне айналып, болашақ маманға білім берудің жаңа үлгісінің субъектісіне айналды.
Сонымен, болашақ маманға сапалы білім беру мәселесін акмеологиялық шарттарды сынақтан өткізу мен теориясын зерттеуді қолдана отырып, акме-технологияларды қолдану арқылы шешуге болады.

Қолданылған әдебиеттер:
1. vlast.kz сайты «Июльские тезисы 10 идей для общества»
2. Медведев В.П. О роли акмеологии в современном профессиональном образовании / Фундаментальные исследования.-15.05.2011.- 32-34 б.
3. Загвязинский В.И. Методология и методикадидактического исследования:М: Педагогика, 1982-150б.
4. «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту» тұжырымдамасы
Категория: Профессиональное образование | Добавил: Бурабай (2014-09-22) | Автор: Султанова Эльмира Алимхановна E
Просмотров: 2928 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 6:44 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru