Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Профессиональное образование

Жаңа формациядағы жаңа мұғалім
Қазіргі заманның жаңа формациядағы мұғалімі-баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасай алатын рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс орната алатын, білімнің заманауи жаңа мазмұнымен қаруланған, әлемдік бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мұғалім болуға тиіс.
Сапалы білім беруді қазіргі заманның зор жетістігі болып табылатын, электронды құрал-жабдықтарға негізделген жаңа ақпараттық технологиялармен ұштастыра жұргізуді бүгінгі отандық педагогиканың алтын діңгегіне, мектеп жұмысының тірегіне айналдыру баршамыздың міндетіміз. Білім беруді ақпараттық технологияға негіздеудің екі сипаты бар. Оның біріншісі – білім сапасын арттырады, екіншісі - әлемдік өркениет жетістіктерін игеруге мүмкіндік береді. Осы екеуін бір-бірімен ұштастыра отырып, қазақстандық өскелең ұрпақты өз күш-жігері мен білім-біліктілігін өзінің жеке өмірі мен қоғам игілігіне баулу – егемен еліміздің кемел келешегі үшін тиімді болмақ.
Президент Н.Ә. Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында білімді тағы да еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруі жөніндегі жұмыстың басым бағыттарының бірі ретінде белгілей отырып, «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры – ұстаздың қолында» деп ұстазға үлкен міндет қойып отыр. Осы жауапкершілікті жан-тәнімен сезініп, жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай, жұмыла бірлесе көтерген жүктің жеңіл болатынын мұғалім мен оқушының бірлескен жұмысының нәтижесі көрсетеді.
Ұстаз – шәкірт жүрегіне жол табатын, оның жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуына жауап беретін жан. Ұстаз алдындағы шәкіртінің жан-жақты тәлім-тәрбие алуына, олардың ішкі қабілетін анықтауға, дарынын шыңдауға, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағынан сусындатуға жағдай жасайды. Шәкірт даналықты, ақылдылықты, көрегенділікті бойына жастайынан отбасынан, ата-анасынан, бертін келе ұстазынан дарытады. Өз білгенін, көргенін шәкіртіне жеткізе білу, оның ой-өрісінің сағат санап өсуіне ықпал жасау – ұстаздың басты мақсаты. Егер әр ұстаз шәкірттерінің жан-жақты білім , тәлім-тәрбие алуына , олардың ішкі қабілетін анықтауға , дарынын шыңдауға, көздеген мақсатына жетуге ықпалын тигізсе, ол ұстаздың жетістігі болып табылады.
Ұстаз жолының қиын да, қисыны көп жолдардан тұратынын біле тұра осы жолды таңдаған себебім-еңбегімнің жемісі ретінде шәкірттерімнің білім нәрімен сусындап, білім шыңына жетелей отырып, болашақ өмірімізді жарқын көргім келеді. Ия, ол мақсатқа жету үшін мына біз үнемі өзгеріс үстінде және мектепте тиімді ұстаз болу үшін біліктілігімізді үздіксіз арттырып отыруымыз қажет. Ол үшін жақсы ұстаз –оқушылардың әлеуметтік және жеке тұлға түрінде дамуы үшін өзінің жауаптылығын сезінуі қажет. Адам өмірінде таңғажайып қызықтар бастан өтіп жатады. Бірақ, бәрінен де көңіліме жақсы әсер қалдырғаны – біздің осы курстың ( «Білім беру сапасын арттыру жағдайында оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылық бағытын арттыру) «бетпе бет» кезеңінде алған теориямызды практикамен ұштастырып, ол практиканы жүргізе отырып, мүлде басқа көзқарас қалыптасты. Оқушыларды еркін сөйлету, олардың әңгімелесуі, топтасып, жұптасып, қызыға жұмыс жасауы, танымдық қабілеттерін дамыту, сергіту сәттерін тиімді ұйымдастыру, қабілеттерін ұштау, сергіту, сыныптағы жақсы психологиялық ахуал туғызу, сыни көзқарастарын қалыптастыру, жаңа әдіс –тәсілдерді әрбір сабаққа шебер қолдану – мұның барлығы кәсіби қызметімді өзгертуі мүмкін деп әбден айта аламын. Тәжірибе кезінде оқушыларымды асыға күтемін, олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл күймен келетінін ойлаймын. Себебі сабақ бастамас бұрын оқушыларымның сабаққа де¬ген көңіл күйін білу мақсатында түрлі тренингтер ұйымдастырып жақсы психологиялық ахуал туғызу, таңғажайып ба¬лалар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің, мейірімнің дәндерін қондыру – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, ешнәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді. Пәк, көңілді оқушылармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Осы қуаныш пен сенімнің болуы – әр ұстаздың бақыты деп ойлаймын. Жалпы, мектептегі тәжірибеден өте отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана от-ырып, оқушылардың сыни көзқарастарын қалыптастырып, сынып ішінде еркіндік беру, сыныптастарымен әңгімелесуге мүмкіндік беру, оқушыларды бір-біріне бет¬пе-бет отырғызу, сергіту сәттерін тиімді ұйымдастыру, сабақта ынтымақтастық орнату, оқушылардың өзін- өзі бағалауын, топтардың бір -бірін бағалауын жүзеге асыру, сыныптағы талантты және дарынды оқушылармен жұмыс, АКТ тиімді пайдалану, сыныптың жас ерекшеліктеріне сай жұмыстарды жоспарлау, өткізетін сабақты жан- жақты әзірлеу, талдау жұмыстарын жүргізе отырып «Жаңа мұғалім» атағына сай болуымыз қажет деп ойлаймын.
Жаңа технологияларды пайдаланған кезде оқушылардың пәнге қызығушылығы мен болжау қабілеттері артады, жаңалықты тез қабылдауға, өз бетінше шығармашылықпен ізденуге бейімделеді.
Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті, жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Сабақта әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдалану, оқушының жеке басын құрметтей отырып, білім беру – қазіргі оқытудың негізгі талабы, өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек.Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» дегені әр ұстаздың жадында болуы тиіс.
Категория: Профессиональное образование | Добавил: imk789 (2015-01-12) | Автор: Илимбаева Меруерт Кусаиновна E
Просмотров: 1851 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 4:07 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru