Учительские университеты
Оқушының қабілеті мен дарындылығы
Оқушының қабілеті мен дарындылығы
Дайындаған: Садвакасова Құндыз Тұраровна №2 Өнер мектебі
Қарағанды 2015 Қабілет- іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай орындауда көрінетін қасиеті. Бір сөзбен айтқанда, қабілет дегеніміз- ұғымталдық, зеректік, алғырлық, қағілездік, сезімталдық, байыптылық, табандылық, еңбекқорлық қасиеттердің белгілі деңгейде жетілген жиынтығы. Қабілеттің дамуының табиғи негізін құрайтын бар қабілет жиынтығы дарыған оқушыны- дарынды, талант дейміз. Нышандардың жинағын дарындылық деп атайды. Бұл туа бітетін қасиет. Кейбір балалар оқуға түспей тұрып та қабілеттіліктерін танытады. Тек кана дарындылық жалғыз өзі уакытта дами алмайды. Қабілеттік- шеберлікті тез игеруге алғы-шарт болса, шеберлік жолындағы еңбек талантының ұшталуына, жетілуіне, іске асуына көмектеседі. Еңбек бәрінде жеңбек деген халық мәтелі әр уақыт асқан талантты деген домбырашының жадында болғаны дурыс. П.И. Чайковский айтқан екен «Адам неғұрлым талатты болса, солғұрлым еңбекқор болуы керек» деп. Шеберлік дегеніміз білімнің еңбек арқылы іске асуы, өнердің қорытындысы. Болмаса естуі өткір адам музыкант болады деу өте қате пікір. Адамға белгілі бір қызметті көңілдегідей атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысуын талант деп атаймыз. Бірақ табиғаттан қанға беріліп, ана сүтімен дарығанға не жетсін.
|
Категория: Профессиональное образование | Добавил: bbk (2015-01-14)
| Автор: Садвакасова Кундуз Тураровна E
|
Просмотров: 704
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]