Главная » Статьи » Профессиональное образование |
Павлодар облысы, Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі. Қазақ тілі пәнінің оқытушысы Галимова Сауле Жеңісқызы Кәсіптік қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану. Қазіргі заман талабына сай білім беру үшін бүгінгі таңда оқытудың мазмұнын өзгерту, яғни білім беру сапасын арттыру қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан сабақтарда тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, оқушылардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн. Оқушылардың ойын дамыту, белсенділігі мен дербестігін қалыптастыруда оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың маңызы ерекше. Әрине, ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып, жаңа технологиямен сабақ беріп отырса, оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады. Сондықтан да қазіргі ұрпаққа білім беруде, жаңа технологияның алатын орны ерекше. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытуға көмектеседі. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып сабақ жүргіземін. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат - баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Караев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген. 1) репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты; 2) алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруі мен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды; 3) эвристикалық деңгей оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді; 4) Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Саралап білім беру – қабілеті және мақсаты әр түрлі оқушылардың дамуына жағдай жасайды. Даралап-саралап оқыту технологиясының мақсаттылық принципі – әр сабақты өткізуге арналған жоспарда, ең бірінші, сол сабақтың мақсаты көрсетіледі. Деңгейлік тапсырмалар беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттеріне ойластырып, саналы меңгерту. Оқушылардың білім сапасын көп жағдайларда төмен болуы осындай түрлі жағдайларды ескермеудің салдары деп айтуға болады. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау оқушылардың іскерліктерін жүзеге асырады. Қазақ тілі сабағында деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат – оқушылардың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру.Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді жүзеге асыру қажет: оқушылардың өздігінен білім алуына жағдай жасау; оқушылардың бір – бірімен білім алмасуына бағыт беру; шығармашылық қабілеттерін арттыру; сөздік қорын байыту. Деңгейлік тапсырмаларда әр деңгейдің алатын орны бар.Әр деңгейде орындалатын тапсырмалар түрлі талаптарды көздейді. Осы технология бойынша кәсіптік қазақ тілінен «Қара металлургия» мамандығының 2 курс оқушыларына арналған сабақтың жоспары. Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан - өндірісті аймақ. Етістіктің райлары. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың таным-дүниесін кеңейту, сөздік қорын молайту, етістіктің райларының жасалу жолдарын білу. 2. Дамытушылық: деңгейлік тапсырма орындау арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын , логикалық ойлау қабілетін, тіл байлығын, ойын дамыту 3. Тәрбиелік: білімге, еңбекке баулу, кәсіпке деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылығын арттыру Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты пысықтау сабағы Әдіс-тәсілдері: деңгейлік тапсырма орындау Көрнекті құралдар: кәртішкелер, слайд, тест Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Сұрақ-жауап. 1) Бүгін ауа райы қандай? 2) Көңіл күйлеріңіз қандай? ІІ. Жаңа тақырып Сөздікпен жұмыс Сөздік: табиғи байлықтар- природные богатства аймақ - край, регион пайдалы қазбалар - полезные ископаемые өндіру - производство,переработка өңдірісті өңір - промышленный регион,край кәсіпорын - предприятие ашық акционерлік қоғам (ААҚ) - открытое акционерное общество (ОАО) қабылдаған жөн - необходимо принять талап - требование,потребность қазан шұңқыры - котловина кен орны - месторождение шикізат - сырье өркендету - развивать,процветать жүзеге асыру - внедрять в жизнь Тапсырма: Берілген сөздерге синоним создерін жазу, синоним сөздермен сөйлем құрастыру (ауызша) белгілі – аймақ – өркендету – өндіру – шешім – қомақты – Синоним сөздермен сөйлем құрастыру (ауызша) Мәтінмен жұмыс Шығыс Қазақстан - өндірісті аймақ Шығыс Қазақстан облысы өзінің әдемі табиғаты және табиғи байлықтарымен белгілі. Халық бұл аймақты «Кенді Алтай» немесе «Маржанды алқап» дейді. Бұл өлкеде пайдалы қазбаларды алу мен өндіруде көптеген өндіріс орындары жұмыс істейді. Өскемен - Шығыс Қазақстан облысының орталығы, өндірісті өңір, түсті металлургияның ірі орталығы. Қаланың ең ірі кәсіпорындары «Қазмырыш» ААҚ, Үлбі металлургия зауыты, титан магний комбинаты (ТМК). Бұл өндіріс орындары елімізге, шетелдерге қажетті өнеркәсіп тауарларын дайындап шығарады.Үлбі меллургия зауыты» ААҚ «Казатомрпом» ұлттық компаниясымен одақтасып уранды толлингтік өңдеу сызба нұсқасын қалып-тастырды. Өскемен титаны қазір шетелдік «Бойнг» ұшақтарын жасау ісіне қолданыла бастады. Шығыс қазақстандықтардың «Азия-Авто» көлік құрастыру зауытын ашуын болашақ үлкен істің бастамасы деп қабылдаған жөн. Бұл бастама үкіметтің қазір қолға алып жатқан индустриялық инновациялық саясатын жүзеге асыру талаптарына дәл келеді. Қазіргі күні облыста Зайсан қазан шұңқырында байқалып отырған мұнай қорын анықтау жөнінде жұмыстар жүріп жатыр.Осы өңдіруді игеру үстінде кендірлік кен орнындағы сланецтің мол қорынан да мұнай өңдіру мүмкіндіктері бар. Осыған сәйкес кен орнына аталған шикізаттан мұнай айыратын зауыттың құрылысын жүргізу көзделуде. Сонымен барған сайын дамып келе жатқан ел экономикасына Шығыс Қазақстан секілді өндірісті аймақтың қосар үлесі де қомақты болып қала бермек. Металлургияның қыр-сыры мен маңызын жақсы білетін Елбасы шығысқа келген әр сапарында ондағы кәсіпорындарды аралап көріп, мәселелерінің шешім табуына үнемі қамқорлық көрсетіп отырады».Осындай мол табиғи кен байлықтарды дұрыс пайдалану, өңдіріс орындарын өркендету және жүзеге асыру бәрі өз қолымызда, халық қолында» делінген Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында. Деңгейлік тапсырма орындау. І деңгей - оқулық деңгейі. Топпен жұмыс. 1. Мәтінді түсініп оқу ( әр топқа бір абзац ), сұраулы сөйлем құрастыру. Етістіктің райлары Кестемен жұмыс.(слайд) 2. Берілген етістіктерді ашық , бұйрық, шартты, қалау райларда жазып, айтыңыздар Өндеу, жұмыс істеу, қалыптастыру, пайдалану, көрсету. ІІ деңгей - алгоритмдік деңгейі. Жұптық жұмыс. 1. Кестені толтырыңыз Қаланың ең ірі кәсіпорындары Нені дайындап шығарады? 2. Мәтін бойынша диалог құрастыру. ІІІ деңгей – эвристикалық деңгейі. Өз пікірлерін ортаға салу Дамып келе жатқан ел экономикасына Шығыс Қазақстан өндірісті аймағының қосар үлесі қандай деп ойлайсыңдар? Мақалдың мәнін қалай түсінесіңдер? Енбексіз өмір – сөнген көмір. ІҮ деңгей – шығармашылық деңгей. Шағын эссе жазу. .... бәрі өз қолымызда, халық қолында. Қорытынды тест 1.Шығыс Қазақстан облысы өзінің әдеби табиғаты және ..... белгілі. А.теңіз, көлдерімен В.табиғи байлықтарымен С.тауларымен 2. «Осындай мол табиғи кен байлықтарды дұрыс пайдалану, өндіріс орындарын өркендету және жузеге асыру бәрі өз қолымызда, халық қолында деп .... жазылған А.Тіл туралы заңында В. Бағдарламада С. «Қазақстан -2030» жолдауында 3. Өндіріс орындары қажетті өнеркәсіп тауарларын ..... даярлап шығарады А. елімізге, шетелге В. мәдениетке, мемлекетке С. тұрмысқа, әдебиетке 4. .... – Шығыс Қазақстан облысының орталығы. А. Астана В. Өскемен С. Шымкент 5.Өскемен өнеркәсібінен шетеледік ұшақтар жасау ісіне қолданылатын металл. А. мыс В. титан С. сынып 6. Өскемен қаласындағы «Қазмырыш», Үлбі металлургия зауыты, титан магний комбинаты (ТМК) қандай кәсіпорындар? А. ауыл шаруашылық В. жеңіл кәсіпорындары С. ірі кәсіпорындар 7. Шартты райдағы етістіктердің жұрнақтарын белгілеңдер. А. –ғы, -гі В. –са, -се С. -лық, -лік 8. Қалау райдағы етістіктерді табыңыз. А. барған жоқ, ішкен жоқ В. барып отырмын, келіп отырмын С. барғым келеді, ішкім келеді ІІІ.Үй жұмысы: Мәтіннің мазмұнын айту, 10 етістікті барлық райларда қолданып жазу Қорыта келгенде деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың тиімділігі: - оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады; - оқушының жеке қабілеті айқындалады; - іштей бір-бірінен қалмауға тырысады; - тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады; - топ оқушылары толық бағаланады; - әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады. Демек, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар. | |
Просмотров: 1099 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|