Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Профессиональное образование

Лексика: сөз мағынасы, жалпы қолданыстағы сөздер мен қолдану аясы тар сөздер
«АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ АТБАСАР ҚАЛАСЫ № 5 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

«ҰБТ-ге дайындық» аудандық семинар-практикумі.
Тақырып: «Лексика: сөз мағынасы, жалпы қолданыстағы сөздер мен қолдану аясы тар сөздер»



Дайындаған: Кенжетаева Катира Газизовна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

2015жыл.
Сабақтың тақырыбы: «Лексика: сөз мағынасы, жалпы қолданыстағы сөздер мен қолдану аясы тар сөздер»
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушыларды ҰБТ-ге сапалы дайындау үшін өтілген тақырыптарды түрлі талдау жасау арқылы пысықтау,нақтылау,алған білімдерін қолдана білуге үйрету. 2. Дамытушылық: түрлі тапсырмаларды жылдам және тез, шығармашылықпен орындау дағдыларын дамыту. 3. Тәрбиелік: оқушыларды психологиялық жағынан дайындау, барлық – оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге баулу. Сабақтың түрі: Білімін және іс әрекет әдістерін жетілдіру. Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, бірін-бірі бағалау әдісі, сұрақ-жауап,тест, қосымша мәлімет. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. – Сәлемдесу. - Жақсы көңіл-күй тілеу. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. «...Бәрі сенің қолыңда» Біздің ұранымыз «Таудай биік талабым,оқып,біліп аламын!» ІІ.Ой қозғау. –Балалар, бұл мақал неден тұрады? - Дұрыс, сөздерден. -Тілдегі барлық сөздердің жиынтығы қай салада болады? - Жақсы, лексика саласында. ІІІ. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Лексика: сөз мағынасы, жалпы қолданыстағы сөздер мен қолдану аясы тар сөздер» 3.1. Әр оқушының алдарында белгілер жатыр,сол белгілер арқылы үш топқа бөлініңдер.
І топ - синонимдер
ІІ топ – омонимдер
ІІІ топ – антонимдер
Үш топқа бөліндік, енді жетекші дайындаңыздар. Бағалау парағының критериясымен танысып өтейік: 1.Өзін-өзі бағалау. 2.Бір-бірін бағалау. 3. Нақты бағалау (объективно)
ІҮ.Тапсырма: «Сөз мағынасы» ( 2-3мин.)
І топ- «Тура мағыналы сөздер» туралы не білесіңдер,мысал келтіру. ІІ топ – «Ауыспалы мағыналы сөздер» ІІІ топ – «Көп мағыналы сөздер» 4.1. Қосымша мәлімет:
Сөз мағынасы

Тура мағына
Әрбір заттың,ұғымның өзіне тән мағынасы: Мысалы: «кітап» - заттық ұғым, «қызыл» - сындық ұғым, «бес» - сандық ұғым
«бер»- қимылдық ұғым Ауыспалы мағына
Көбіне екінші сөзбен тіркескенде пайда болады. М: «көз» сөзі –дене мүшесі атауы
* Жұмыстың көзі, күннің көзі, бұлақтың көзі деген тіркесстерде «көз»-ауыспалы
Терең көл, ашық терезе, терең ой, ашық мінез адамның тілі, далада күту, ана тілі, қонақ күту Көп мағына (полисемия) – 1.Сөздің басқа сөздермен тіркескендегі жанама мағыналары.
2. Бір негізден жасалады және бір сөз табына тән болады.
№ «Бас» сөзі Ауыспалы мағынасы
1 Адамның басы дене мүшесі
2 Судың басы су басталған жер,бұлақ
3 Сөздің басы әңгіменің басталған кезеңі,сәлем
4 Таудың басы таудың ең төбесі, шың
5 Таяқтың басы бір нәрсенің ұшы
6 Балтаның басы құрал-сайманның жүзі бар жағы
7 Шөптің басы бір нәрсенің ең жоғарғыжағы
Сондай –ақ, ата, түбір, кілт, бел, түп, құлақ, төркін, жол, көз, қану, бет т.с.с. сөздер көп мағынаға ие бола алады.
Ү. Бекіту: Тест.
1.Тура мағыналы сөз тіркесін көрсет:
А. Қара тер В. Ескі дос С.Қара киім. Д. Қара жүрек Е. Қара хабар
2. Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін анықтаңыз.
А. Мөлдір су В. Ескі дос. С.Кең көше Д. Жаңа дүкен Е. Ақ көйлек
3. Көп мағыналы сөзді көрсетіңіз.
Үсен домбырасының құлағын бұрап берді.
А. Үсен В. Домбырасының С. Құлағын Д. Бұрап Е. Берді.
ҮІ. Рөлдік ойын. «Өз тобын қорғау» (2-3 мин)
1 оқушы – «шешен» - ережені айтады, 1 оқушы – «қорғаушы» - мысал арқылы дәлелдейді, 1 оқушы - «зерттеуші» - ерекшелігіне көңіл бөледі.
6.1.Бірінші сөз «Синоним» тобына сөз беріледі.
Синоним сөздерінің белгілері:
1) Әр түрлі дыбысталады.
2) Бір ұғымды білдіреді.
3) Бір сөз табына жатады.
4) Сөйлем ішінде бір сөйлем мүшесі болады
Есте сақта!: «КӘРІ» -адамға, малға қатысты сөздермен тіркесе берді, ал «ҚАРТ» тек адамға, (қарт жылқы –емес)
6.2. Бекіту: (аудирование) - Ас,тағам, тамақ, ауқат – қай сөз табына жатады?
- Сабырлы, байсалды, төзімді, ұстамды, салмақты ?
- Қуану, шаттану, көңілдену, мәз болу, екі аузы екі құлағына жету, төбесі көкке жету?
- жылдам, тез, шапшаң, лезде, әп-сапта?
2-ші кезең: «Омонимдер» тобына сөз беріледі
Қосымша мәлімет. Омонимдердің жасалу жолдары:
№ Жасалу жолдары Мысал
1 Жұрнақ арқылы (жұрнақпен жасалған омонимдер туынды омоним болады) ШЫҚ+ЫС –ШЫҒЫС, ЖАС+ТЫҚ
2 Кірме сөз арқылы Бақ (парсы. «бақт», сап (араб. «саф»
3 Дыбыстық өзгеріс арқылы Біз (бігіз)
Көп мағына мен омонимдік мағынаның айырмашылығы.
(Отличие многозначных слов от омонимов)
№ Омонимдік мағына Көп мағына
1 Сөз жеке тұрып, бірнеше мағына білдіреді. Сөз басқа сөзбен тіркесіп, көп мағынаға ие болады
2 Сөздің омонимдік мағыналарының арасында ешқандай мағыналық ұқсастық, жақындық болмайды. (адамның басы, аяқпен бас) ұқсастық, жақындық болады (судың басы-(бұлақ), таудың басы-(шың).
3 Әр түрлі сөз табына жатады Көбіне бір сөз табына жатады
Есте сақта: 1.Жазылуы бірдей, бірақ сөз ретінде басқа-басқа сөздер – ОМОГРАФТАР М: Қызыл алма-зат есім , кітапты алма.
3-ші кезең – «Антоним» тобына беріледі.
Қосымша мәлімет. Антоним қолданылатын орындар
№ Қолданылатын орындар Мысал
1 Қос сөздер Жоғары-төмен, ақ-қара
2 Тіркескен сөздер Құй да төк, ал да бер
3 Мақал-мәтелдерде жиі кездеседі Көз- қорқақ,қол-батыр, Бас болу оңай,-бастамақ қиын
Есте сақта!!! Жұрнақ арқылы және «жоқ,емес» сөздері жасалған болымды-болымсыз мағынадағы сөздер антоним бола алмайды. М: (әдемі-әдемі емес, алған-алған жоқ, ал-алма, сулы-сусыз,көңілді-көңілсіз т.б.)
ҮІ. Бекіту: Тапсырма. (топтық жұмыс)
І. Сөйлемдерден антоним сөздерді ажыратыңыз.
1.Екі жарты, бір бүтін. (мақал)
2.Жақсы менен жаманның
Арасы жер мен көктей... (Базар жырау) 3.Сөйлемнен омоним сөздерді табыңыз, оның мағынасын атаңыз.
Қой-ешкі, сиыр өріске кеткенімен, ауыл ақтан торықпай отырған сияқты. (С.Ерубаев) 4. «Әдемі» сөзіне синоним қатарын ата.
ҮІІ. Келесі көңіл бөлуге лайық-
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СӨЗДІК ҚҰРАМЫ. (словарный состав казахского языка)
Жалпы ,жиі қолданыстағы сөздер. Қолдану аясы шектеулі сөздер
(төл сөздер,әдеби тілге жатады) (қолдану өрісі тар лексика)
Қолдану аясы шектеулі сөздер
(необщеупотребительные слова)
№ Түрі Ереже Мысал
І Көнерген сөз: архаизм
тарихизм Қазір қолданылмайтын сөздер мата: патсайы дәстүр:барымта тұрмыс:сәукеле. Уез, би,болыс
2 Жаңа сөз (неологизм) Қолданысқа енген тілдегі жаңа сөздер Жаңа сөз Бұрынғы атауы
Ғаламтор
ұшақ Интернет
самолет
3 Кәсіби сөздер Кәсіп,өнер,шаруашылыққа қатысты сөздер Әңгелек, мұрап
4 Диалект Бір аймақта ауызекі тілде ғана қолданылады диалект әдеби
Азанда
сым Таңертең
шалбар
5 Кірме сөздер Шет тілден енген сөздер Музей-мұражай
Семья-отбасы
6 Термин сөздер Басты белгісі – тура мағыналы сөз болуы Тіл білімі:әріп.буын
Физика: оптика,қуат
7 Эвфемизм,
Дисфемизм Эвфемизм-сыпайы сөздер
Дисфемизм-(дөрекі)сөздер Қоспай айт Өтірік айтпа
жас боқмұрын
8 Табу сөз Халықтың нанымы бойынша, атын тура атамау
Табу-индонезия тілінде
«тыйым салу» Ұлыма қасқыр
Жаман ауру

қайынына Қылтамақ

Мырза жігіт
ҮІІІ.Тапсырма: Одного старца звали «Рақмет»,что означает «спасибо».Придумайте невестке замену этому слову,чтобы поблагодарить соседей, которые знают как зовут свекра.
- Көп жасаңыз! –Алғыс айтамын! – Балаларыңыздың рақатын көріңіз! – Жақсылығыңыз құдайдан қайтсын! т.б.
ІХ.Рефлексия: - Лексика нені зерттейді? - Лексикаға не жатады?
Х.Қорытынды: Тест. 1. Антоним сөздерді белгіле. А) Асхана,мұражай В) Мектеп,сабақ С) Үлкен, кіші. Д) Ата,әке Е) Кітап,дәптер 2. «Мақсат» сөзіне синоним табыңыз. А) Арман В) Даңқ С) Мұрат. Д) Жау Е) Міндет 3.Тура мағыналы сөз тіркесі. А) Өткір тіл В) Алтын бесік С) Киім дүкені Д) Ақ жол Е) Ашық мінез 4.Ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркесін белгілеңіз. А) Күміс білезік В) Күміс алқа С) Күміс күлкі Д) Күміс сырға Е)Күміс құмыра 5. Араб тілінен енген сөзді белгілеңіз. А) Жәшік В) Нан С) Парта Д) Мұғалім Е) нөкер 6. Табу сөзді ажыратыңыз. А) Театр В) Әкім С) Жас Д) Құжат Е) Ұлама 7. «Ақылшы, кеңесші» синонимдерінің орысша аудармасын анықтаңдар. А) Советник В) Умный С) Красивый Д) Здоровый Е) Добрый 8. Көнерген сөзді белгілеңіз. А) Құжат В) Ханзада С) Жастық Д) Таудың басы Е) Аяқпен бас 9. «Қоян жүрек» фразеологизмнің синонимін табыңыз. А) Батыр В) Әлсіз С) Салмақты Д) Күшті Е)Қорқақ 10. Мақалдың тақырыбын табыңыз. Білімді өлмес – қағазда аты қалар, Ұста өлмес – істеген заты қалар. А) Өнер-білім В) Денсаулық С) Адамгершілік Д) Ерлік Е)Достық.
ХІ. Өзін-өзі тексеру: Тест кілті:
1- С, 2 – С, 3 – С, 4 – С, 5 – Д,
6 – Е, 7 – А, 8 – В, 9 – Е, 10 – А.
Рақмет,сәттілік тілеймін.

Тұрақты тіркес – фразеологизм - тіркескен сөздің бір түрі.
№ ереже мысал
1 бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады Оқу инемен құдық қазғандай.(қандай?) баяндауыш болып тұр.
2 Т.т. синоним бола алады Азар да безер болды – ат-тонын ала қашты
3 Т.т. антоним бола алады Ит терісін басына қаптады – басын сипады
Тұрақты тіркестің ерекшеліктері: сөздердің орны тұрақты, яғни орындарын өзгертуге болмайды, басқа сөзбен де ауыстыруға болмайды; барлығы бір мағынаны білдіреді.
Мақал-мәтелдің ерекшеліктері
№ МАҚАЛ Мәтел
1 Көбіне құрмалас сөйлем түрінде келеді. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Сөйлем аяқталмай келеді. Кемедегінің жаны бар
2 Мақалда себебі мен салдары қатар айтылады. (шарты мен нәтижесі қатар берілген) Істің салдары айтылады да, себебі айтылмайды. «Дарияның жанынан құдық қазба»
3 Ой нақты айтылады. Жері байдың елі бай. Мәтел ишарамен,тұспалдап жеткізеді. Әлін білмеген әлек.
4 Ақыл-кеңес,өнеге түрінде Ата-ана қадірін балалы болғанда білерсің Эмоциялық мағына басым болады Айдағаны- бес ешкі,ысқырығы жер жарар.
Шағын тест.
1.Қайын сіңлісін өзіне қарату үшін келіннің қолданатын табу сөзін табыңыз. А) Бикеш В) Қорасан С) Жылан Д) Найзағай
2. Сөздіңі тура мағынасын табыңыз. А) Бақшадағы жүзімнен үзіп берді. В) Әке-шешеден ерте қол үзген еді. С) Ол – тепсе,темір үзетін жігіт. Д)Қарт әбден күдер үзген екен
3.


Төменде берілген неологизмдердің қайсысы жоғарыдағы суретте көрсетілген? А)Ғарыш кемесі В)Ғарышкер С)Ғаламтор Д) Зымыран

Оқушыларды ҰБТ-ге дайындауда төмендегідей жұмыстар атқаруымыз міндет:

* ҰБТ-ға дайындыққа арналған жобалар құрастыру.
* Өткен тақырыптардан теориялық білімдер беру.
* Оқушының сабақ үрдісінде жаңа білімді меңгеруіне басты көңіл бөлу.
* Тест жұмысын орындағаннан кейін коррекциялық жұмыстар жүргізу.
* Тақырыптық тест құрастыру.
*Әр тараудан кейін сынақ қабылдау.
Күнделікті сабақ барысында қойылған баға сол сабақтың ғана нәтижесі болып қоймай, ҰБТ-ның балл жүйесіндегі бағаға сәйкес келуі үшін не істеу керек? Оқушы төмен балл алмаудың немесе өте жақсы деген баға алудың жолын қарастырайық. Қазақ тілі тест тапсырмасының бірінші пәні ретінде тұрғандықтан оқушы білетін сұрақтарды белгілеп шығады да, қалған уақытын күрделі сұрақтарды шешуге қалдырады. Оқушының бірден сұраққа жауап беруі оның дайындығының жақсы екендігін көрсетеді. Қазақ тілінен сұрақтарының ішінде күрделі сұрақтарды шешу жолдарын қарастырайық.
1. Лексикада ережелерін қайталап, әр тақырыптан 25-30 сөзден аспайтын жаттығу жұмыстарын 4 рет орындаған жағдайда оқушы есіне жиі сақтап алады.Егер оқушыға тақырып қиындық туғызса, жаттығуды орындаған кезде көмектескен дұрыс. Бірақ үй тапсырмасына мысалдар жазып келумен қатар ережелерді жаттауға тапсырма берген дұрыс.
Категория: Профессиональное образование | Добавил: kkg_1961 (2015-03-31)
Просмотров: 8349 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 11:53 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru