Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Профессиональное образование

"Бухгалтерлік есеп" пәнінде әр түрлі деңгейлі тапсырмаларды қолдану
Өзге елдермен терезе теңдестіріп, әлемдік өркениетке қол созып отырған еліміздің ұрпақ тірбиесін назардан тыс қалдырмауы шарт екендігі даусыз. Республикамыздағы білімдік мекемелердің кәсіби мамандарды дайындауына байланысты барлық кәсіби оқу орындарының оқу материалдарының шынайы мүмкіндіктеріне байланысты білім мерзімі, мазмұны, оқыту нысандарын қайта қарау керегі алғышарт. Оқытушылар оқушыларды тезірек оқу орнынан шығарып салу мақсатында жоғарлатылған баға қоюы бұрыннан бәрімізге мәлім. Жоғарлатылған баға қою - оқушының шынайы білім деңгейін көрсете алмайды. Оқытушылардың басты мақсаты күнтізбелік-тақырыптық жұмыс жоспарын орындау, сондағы көрсетілген мерзім ішінде барлық жоспарды уақытылы жүзеге асыру, оқыту журналын бағаға толтыру болып келеді. Бұл жерде оқушының жеке ерекшеліктері – оқу темпі, оқу материалдарының мазмұны мен көлемі, білімді меңгеру процесі және т.б. назардан тыс қалады
Кәсіби оқу орындарында арнайы пәндерді оқу процесі әр оқушымен әр қилы меңгеріледі. Сол себепті арнайы пәндерді, сонымен қатар «Бухгалтерлік есеп» пәнін, оқу кезінде топтаға барлық білім алушылардың жеке ерекшеліектері есепке алынуы қажет. Білім сапасына әсер ететін оқу материалдарын білім алушылармен әр қилы меңгеруі, тек оқу материалдарының қиындығы және мерзімі ғана емес, сонымен қатар көптеген себептерге байланысты болуы мүмкін:
 Оқытушылардың арнайы білімінің болуы;
 Арнай оқу - әдістемелік әдебиеттердің болуы;
 Берілген білімді оңай меңгерту үшін көрнекілі – дедактикалық, техникалық құралдардың бар болуы.
«Бухгалтерлік есеп» пәнін оқу процесі барысында білім алушылармен өте үлкен көлемде оқу материалдары меңгеріледі. Бұл материалдарды әр білім алушы әр түрлі оқуы мүмкін, сабақ барысында топ білім алушыларының арасында әр түрлі курс тақырыбын бір білім алушы жақсы меңгерсе, келесі бір білім алушы тек теориясын меңгереді, бірақ есеп немесе шоттар корреспонденциясын дұрыс шеше алмайды, ал келесі бір білім алушы бұл берілген материалды мүлде ұқпайды. Осы себептерден топта ай, семестр аяғында білім сапасы төмендейді. Арнайы пәндер, «Бухгалтерлік есеп» пәні сонымен қатар, мұқияттылықты, зейінділікті талап етеді.
Жоғарыда келтірілген оқушылар ерекшеліктерін ескере отырып, «Бухгалтерлік есеп» пәндерінің оқытушылары оқу процесін осыған сай құра білу қажет.
Мен арнайы пән «Бухгалтерлік есеп» пәнінің оқытушысы ретінде өзімнің жұмыс процесімде әр топтын білім алушыларының білім деңгейін оқу барысында жетік бақылаймын. Егер де қандайда бір курс тақырыбын оқу кезінде жетік меңгерген, шала меңгерген білім алушылар табыла қалса, мен бақылау жұмысын құрастырғанда әр оқушының білім деңгейін ескеремін, яғни әр деңгейлі бақылау жұмыстары - тест тапсырмалары мен есеп беремін.
Тестік жұмыстарға келетін болсақ, тестің әр түрлі деңгейі бар. Олар:
1. Бірінші деңгейдегі тестік жұмыс. Бұл тапсырманы орындау кезінде білім алушылар тек алған білімдерін тексереді, яғни негізгі ұғымдар, серзаттың жіктелуі бойынша сұрақтарға жауап береді – альтернативті тестер.
2. Екінші деңгейдегі тестік жұмыс. Бұл деңгейдегі тапсырма «білім – көшірме» оқушының есінде қалған, зерзат туралы алған білімін ары қарай ойлау қабілетін талап етеді. Бұл тестік тапсырмаға зерзаттын сипаттамасын, ерекшеліктерін және талдамасын анықтау жатады.
3. Бірінші және екінші деңгейлік тестік тапсырма тек оқу материалдарын енді – енді меңгеру, оқу барысында, яғни алғашқы кезеңдерде қолданылады. Сондықтан бұл тапсырманы ағымдық бақылау кезінде қолданған тиімді. (бақылау - өздік жұмысы)
4. Үшінші деңгейлік тестік жұмыс. Үшінші деңгейлік тапсырманың негізгі талабы: оқушының алған білімін тәжірибе жүзінде, яғни типтік, шоттар корреспонденциясын «Бухгалтерлік есеп» пәнінде, қолданылуы керек.
5. Төртінші деңгейлік тестің талабы берілген тапсырма бойынша алған білімдерін жаңа ситуациялық кезеңдерде қолданылуы. Ол Бухгалтерлік бланкілердің толтыру тәртібі, есеп шығару. Мысалға алатын болсақ: өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау. Үшінші, кей арада төртінші деңгейлік тестік тапсырмалар қандайда бір оқу курсын тәмәмдағанда аралық бақылау нысанында қолданылғаны жөн.
Бірақ менің ойымша, оқушылардың білім деңгейін бақылау кезінде мониторингтің тек тестік құралын қолдану арқылы қол жеткізуіміз шарт емес, сонымен қатар басқа да құралдар қолдану арқылы: бақылау, анкеттік сауалдама, топтық бағалау құралы және т.б. арқылы қол жеткізуімізге болады.
Категория: Профессиональное образование | Добавил: kasenova-1985 (2015-04-24) | Автор: Айжан E
Просмотров: 1119 | Теги: әдістемелік нұсқа, білім беру, оқытушыға көмек | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 11:49 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru