Главная » Статьи » Профессиональное образование |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ЭЛЕКТРОТЕХНИКА КОЛЛЕДЖІ «Бекітемін» Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары ______________ Кем М.В. АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ Пән: «Қозғалыстың қауыпсіздігі және техникалық пайдалану» Сабақтын тақырыбы: Поезд қозғалысын ұйымдастыру. Оқытушы: Хамилаева В.М. отырысында қарастырылған Хаттама № _____ «_____» ________ 2015 ж. ПЦК меңгерушісі __________Какетаева Г.Е. Семей-2015 Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезені: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Поезд қозғалысын ұйымдастыру. Сабағымыздың негізгі мақсаты сабақ барысында поезд диспетчерінің жұмысымен, оның міндетімен,поезд қозғалыс графигімен, оның түрлерімен таныстыру, оқушылардың сөздік қорын молайту, ой өрістерін дамыту. Темір жол жұмысшылары қандай салада жұмыстарын атқармасада ең маңыздысы – жол қауыпсіздігі. Темір жол көлігінің қызметкерлеріне қозғалыс қауыпсіздігі, жүктердің сақтанымдылығын қамтамасыз ете отырып жолаушыларды,жүктерді,багажды тасымалдауға деген қажеттіліктерді қанағаттандыру, техникалық құралдарды тиімді пайдалану,қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі талаптарды орындау болып табылады.Осы аталған міндеттрердің орындалуына барлық мамандықтардың ішінде ең маңыздысы поезд диспетчерінің жұмысы. Сабағымыздың эпиграфында көрсетілгендей Қазақстанның болашағы техникалық мамандарға байланысты. 2. Жаңа сабақ Біздің сабағымыз сайыс ретінде өтеді. Балалар, сендер барлығын төрт топқа бөлініп отырсындар топтардың атауы: 1 топ: «Магистраль» 2 топ: «Локомотив» 3 топ: «Теміржолшылар» 4 топ: «Эвалюшен» 1. Әр бір топ алдын ала берілген тапсырма бойынша баянадамаларын дайындады. Топ жетекшілері бізді осы баяндамаларымен таныстырып презентацияларын өткезеді. Презентация келесі баяндамалар бойынша беріледі: 1. «Магистраль» - поезд диспетчерінің жұмысы 2. «Локомотив» - поезд қозғалыс графигінің түрлері және ролі 3. «Теміржолшылар» - поезд қозғалыс графигін жүргізу тәртібі. 4. «Эвалюшен» - поездардың нумерациясы және индексі Әр бір топ жетекшісі шығып студенттерді берілген тапсырмаларына сәйкес таныстырады. Оқушылырдың баяндамалары жетон арқылы бағаланады. 3. Темір жол өкілі Шунгулова Гаухар Берикболовна оқушыларды темір жолдағы поезд диспетчерімен станция кезекшілердің арасындағы регламент тәртібімен таныстырады. 4. Презентация өткізіліп болғанан кейін берілген баяндамалар бойынша бекіту сұрақтары «Кім тапқыр» ойыны электронды түрде теледидарға шығарылып бекітіледі. Дұрыс жауап берген топқа жетон беріліп бағаланады. Сұрақтар: 1. Поезд диспетчері шифр бойынша калай белгілініеді 2. Поезд диспетчерінің міндеті 3. Поезд қозғалыс графигі неше сағатқа жүргізіледі 4. Графиктердің түрлерін атап беріндер 5. Индекс неше саннан тұрады 6. Индекстің сандары нені білдіреді 7. Поездың номері қай станцияда беріледі 8. Поезд қозғалыс графигінде үзінді сызықпен белгі неше минутты білдіреді 9. Графикте поездар калай бөлінеді 10. Поезд диспетчерінің айналымы неше километрды құрайды көрсететін көріністер. Сергіту сәтинде оқушыларды психологиялық жағынан сергітемін. Сабақтын екінші бөлімі «Эрудит» ойынынан басталады. «Эрудит» ойыны. Сұрақ-жауап. Барлығы 20 сұрақ. Әр бір топқа 5 сұрақтан беріледі. Топ жетекшілері сұрақтарды тандап алады. 1. Класс бойынша берілген станциялардың ішінен қайсы ең төмен болып саналады: a жолаушы b сұрыптау c аралық d жүк e учаскелік 2. 14-32 баллға дейін классқа жатады: a класстан тыс b I c II d III e IV 3. Станция дегеніміз: a бекет b аралық пункт c бөлу пункті d жолдар e құрылым 4. Поезд қозғалысының қауыпсіздік негізі: a Техникалық пайдалану ережесі b Сигнал беру жөніндегі нұсқаулық c Поездардың қозғалысы мен маневрлік жөніндегі нұсқаулық d Техникалық жарлық актісі e Ескерту қағазы 5. Шақыру сигналының көрсеткіші: a айдай әппақ b көк c жасыл d сары e қызыл 6. Аралықта орналасатын бағдаршам: a кіру b шығу c өтпелі d қоршау e маневрлік 7. Локомотив бригадасы ауысатын станция: a жолаушы b сұрыптау c аралық d учаскелік e жолаушы 8. Аралық жолдардың жалғасы болып табыланын жолдар: a тиеу b сұрыптау c түсіру d бас e кірме 9. Сұрыптау дөңестен түсірілген вагондар қандай жолдарда жинақталады: a тиеу b сұрыптау c түсіру d бас e кірме 10. Кәсіпорындармен темір жол станциясын байланыстыратын жол аталады: a тиеу b сұрыптау c түсіру d бас e кірме 11. Сигнал дегеніміз: a бағдаршам b үлгі c бұйрық d ереже e тапсырма 11. Поезд қозғалыс графигі сағатқа жүргізіледі : a 12 b 24 c 36 d 48 e 6 12. Поезд қозғалыс графигін жүргізеді: a ДСП b НОД c ДСЦ d ДНЦ e ДС 13. Кезектен тыс поездарға жатады: a қалпына келтіру b өртсөндіргіш c қартазалағыш d вагонсыз локомотивтер e барлығы 14. Кезектегі поездарға жатады: a жолаушы жүрдек b жолаушы жедел c барлық қалған атаулары бар жолаушы поездары d жүк e барлығы 15. Поезд қозғалыс кестесін бекітеді: a «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ b НОД c ДСП d ДНЦ e ДС 16. ҚР темір жолдарымен жүріп өтетін барлық категориялы жолаушы поездары қозғалысының кестесін бекітеді: a «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ b НОД c ДСП d ДНЦ e ДС 17. Қозғалыс кестесінде қарастырылмаған поездарға нөмерлері беріледі: a жол үстінде b тағайындалған станцияда c график бойнша d тағайындалуы кезінде e ажыратылған кезінде 18. Поезд қозғалыс графигінде үзінді сызықпен уақыт белгіленеді: a 1 сағат b 10 мин c 20 мин d 30 мин e 5 мин 19.Жүк поездарға жатады: a учаскелік b өтпелі c құрамды d шығарушы e барлығы 20. Поезд қозғалыс графигінің қай түрінде тақ бағыттағы поездардың саны жұп бағыттағы поездардың санына тен келеді: a паралельды b паралельден тыс c пачкалық d жұп e жұптан тыс Келесі тапсырмада топтарға поезд қозғалыс графигі беріледі. Берілген график бойынша оқушылар участіктен өтетін поездардың санатын анықтайды. Топтық жұмыс жетонмен бағаланады. Келесі жоспар бойынша оқушыларға поезд диспетчерінің жұмысы бойынша бейнеролик көрсетіледі. Оқушылардың білімі тест сұрақтарымен бекітіледі. Әр бір оқушы электронды тест сұрақтарына жауап береді.Бағалары компьютер арқылы қойылады. Сабақтын соңында қортынды бағалар топтарға және жеке оқкушыларға қойылады.Топтар грамоталармен марапатталады. | |
Просмотров: 836 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|