Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Профессиональное образование

ТЕХНИКАЛЫҚ, КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ТАЛАБЫ - ДУАЛЬДІ ЖҮЙЕНІ ЕНГІЗУ
ТЕХНИКАЛЫҚ, КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ТАЛАБЫ - ДУАЛЬДІ ЖҮЙЕНІ ЕНГІЗУ
Наржанова Б.А., арнайы пән оқытушысы
Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжі

Кез ─ келген елді өркениеттің жоғарғы сатысына шығаратын, халқының әлеуметтік ахуалын көтеріп, білімді білікті, қуатты мемлекетке айналдыратын күш себептердің бірі ─ оңтайлы жүргізілген экономикалық саясаты мен ғылыми ─ техникалық жетістіктер болып табылады. Еліміздің экономикасын дамыта отырып, кәсіби оқу орындарында шеберлікпен білім беріп, кәсіби мамандарды дайындау. Белгілі бір маман иелерін дайындайтын, олардың сана ─ сезімін, ойлау қабілеттілігін, мамандығына деген ынтасын ашатын жастардың іскерлік қабілетін дамытатын маман иелерін дайындайтын киелі орда─ білім ошақтары.
Қазіргі таңда кәсіби оқу орындарында оқушыларға яғни студенттерге әлемдік деңгейдегі сапалы кәсіби білім беру мен болашақ мамандардың теориялық білім беру ғана емес тәжірибелік әсерлігін меңгеретін маман иелерін дайындау болып отыр.
Білім берудің ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді.
Кәсіби білім беру ошақтарында электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқу құралдары және электрондық желілерімен жабдықталуы қажет.
Қазіргі таңда осы оқу құралдары білім беру жүйесінде ең маңызды фактор болып отыр, ал оны қозғаушы күші ─ білім беретін оқытушы. Кәсіби оқу орындарында жаңа технологияларды ендіре отырып, оқыту үрдісін дамыту демократияландыру және іздендіру, талпындыру, оқу кезіндегі студенттің шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету сол себеп арқылы студенттердің даралық интелектуалдық сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту.
Кәсіби оқу орындарын инновациялық басқару жолдарын дамыту мемлекеттік сектордың шынайы жәрдемісіз мүмкін емес. Оны білеміз, дегенмен білім саласында өзгермейтін бір ғана талап бар. Ол – білім сапасы. Сол білімді ұрпаққа даярлайтын басты тұлға - оқытушы ұстаз. Білім сапасын көтеру үшін ең алдымен оқытушы өзі білімге мүдделі, ізденімпаз, ынталы, ойшыл, жан-жақты, әрбір жаңалыққа жаны жақын болуы тиіс. Бүгінгі күні болашақ қоғам азаматын қалыптастыруға қызмет ететін біздің әрқайсымыз әлеуметтік, ғылыми – техникалық және мәдени жоғарылауға сай, қызмет етумен шектелмей, одан озып, алған кетуге, болашақты үлкен үмітпен болжай білуге тиіспіз. Үздіксіз іздену – бүгінгі білім заңының басты талабы болып отырганы анық.
Біз өмір сүріп отырған әлем үнемі жаңару үстіндегі ақпараттық білімдік орта, онда қарым-қатынастық және ақпараттық технологиялардың кіруі білім беру үрдісінің қажетті деңгейіне қол жеткізеді. Сондықтан, білім беруге қойылатын талаптар үнемі өзгереді. Қазіргі заман ақпараттық және қарым-қатынас технологияны пайдалануға дағдылануы, ақпаратты тауып өңдей білуі, шығармашылықпен ойлап, шешім қабылдауды және өмір бойы оқып үйренуге, ізденуге тиіс. Қазіргі уақытта Қазақстанда тек экономикалық және саяси процесте ғана емес, білім жүйесінде де, сонымен тағы басқа салаларда да жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Бәсекелес 50 – елдің қатарына жету үшін біздерге мамандар қажет. Бұл мамандарды дайындайтын оқытушылар студенттерін жаңа заман талабына сай білім нәрімен сусындатып, тәрбиелі, үйретіп болашақта Қазақстанның экономикасына үлесін қосатындай азаматтар мен азаматшаларды дайындауға, тәрбиелеуге міндетті.
Білім жүйесін жаңғырту аясында дуальды кәсіби білім беруді дамыту, жұмысшы кадрларының зәрулігін еңсеру үшін қолданбалы мамандықтардың заманауи орта-лықтарын құру міндеттері қойылды. Дуальды жүйенің негізі оқу орны мен өндірісте қатар оқыту болып табылады. Бұл кәсіптік-техникалық білім берудегі басты проблема – жоғары оқу орнындағы теория мен заманауи өндіріс практика¬сы арасындағы алшақтықты жою¬ға мүмкіндік береді. Дуальды оқытуда теория мен практиканың өзара байланысы принципі жүзеге асырылады, мұның өзі болашақ маманға кәсіпорында жұмыс істеу кезінде қажетті біліктілікке ие болуға көмектеседі. Мұндай оқыту өндірістің нақты сұраныстарына барынша жақындатады да жұмыс берушілер дайын мамандарға ие болады.
Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы үшін қажет кадр¬ларды қамтамасыз етуде Қа¬зақстан Теміржолы (ҚТЖ) – орасан зор рөл атқарады. Теміржол ма-ман¬¬¬дық¬тары бойынша оқу практикасын өту кезінде жұ¬¬мыс¬шы мамандығына оқыту ұйымдастырылады, бұл кейін өн¬¬¬діріс¬тік практиканы штаттық жұ¬¬мысшы орнында өткізуге мү쬬кін¬дік береді. Қа¬зақстан теміржолы жетекші мамандары оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқулықтар жасауға, сондай-ақ өндірістік прак¬тиканың жетекшілері, курстық және дипломдық жобалаудың кеңес¬ші¬лері, рецензенттері және Мемлекет¬тік аттестаттау комиссиясының мүшелері ретінде оқу процесіне қатысады.
Категория: Профессиональное образование | Добавил: narzhanova77 (2016-06-02)
Просмотров: 746 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 0:56 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru