Учительские университеты
Ундеу
Қазақстандық техникалық және кәсіптік білім берудің жүйесі бәсекеге қабілетті, үш тілде еркін сөйлейтін, техника мүмкіндіктерін пайдалана алатын, базалық құзыреттіліктерді меңгерген, өзге халықтың мәдениеті мен дәстүрін қолдайтын тұлғаны қалыптастыруға бет бұрыс алды. Елбасының тапсырмасын орындау барысында, техникалық және кәсіптік білім жүйесін қайта жаңғырту: дуалды оқыту жүйесін дамыту, бизнес пен жұмыс берушілердің белсенділігін арттыру, оқыту мен өндіріс арасында әлеуметтік серіктестікті дамыту, үштілді кадрларды дайындау, Е-learning, электронды оқыту жүйесін толық енгізу, ТжКБ мазмұнына өзгертулер енгізу, кредиттік, қашықтықтан оқыту, модульдік технологиялар белсенді енгізу мәселелері оң шешімін табуда. Қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ оқытушылардың еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Ең маңыздысы, Министр білім министрлігі атынан оқытушыларға көңіл аударуда. Қазіргі білім жүйесінде болып жатқан өзгерістер мен рефоромаларды қолдаймыз.
|
Категория: Профессиональное образование | Добавил: saltanattussenova (2017-03-06)
E W
|
Просмотров: 416
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]