Главная » Статьи » Профессиональное образование |
«Мамандар аламаны» сайы Өткізілу орны:Риддер аграрлы-техникалық колледжі" Оқытушы: Коконева Анар Бакытбековна, арнайы пәндер оқытушысы Мақсаты: - Оқушылардың кәсіптік дайындық деңгейлерін анықтау; - Оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін қорыту және бекіту; - Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; - Мамандыққа деген қызығушылықтары, жауапкершілік сезімдерін арттыру Жабдықталуы: компьютер, проектор, слайдтар, тапсырмалар Сайыстың құрылымы мен барысы 1. Ұйымдастырушылық кезең: • Сәлемдесу • Қатысушы командалармен таныстыру • Әділқазылар алқасымен таныстыру 2. Сайысты өткізу жоспары: Сайыс 5 кезеңнен тұрады: 1-кезең – «Сәлем – сөздің атасы». Әрбір топ өз тобымен таныстырады (атауы, ұрандары, мүшелері, лауазымдары. (5мин). Жоғарғы ұпай саны – 5 балл. 2-кезең - «Біз – шебер аудармашымыз». Бұл сайыста берілген тапсырманы 7-10 минут ішінде аудару қажет. Жоғарғы ұпай саны – 5 балл. Аудармашы құқылы: 1. Өзінің жұмыс қызметіне байланысты кәсіпорын басшысы қабылдаған шешімдер жобаларымен танысуға; 2. Кәсіпорын құрылымдарының басшыларынан және мамандардан өзінің қызметіне қажет ақпараттар мен құжаттарды алуға;. 3. Аудармашыға жүктелген сұрақтарды шешуде барлық құрылымдық бөлімшелердің мамандарын жұмылдыруға(бұл құрылымдық бөлімшеде қарастырылған жағдайда, егер болмаса – басшының рұқсаты бойынша); 4. Өзінің лауазымдық міндеттерін орындауда кәсіпорын басшыларынан жәрдем жасауды талап етуге 3-кезең - «Білімді – мыңды жығар» Ақылдылық қыздарға жарасады, Көзі ашықпен бәрі де санасады. Келесі сұрақ – жауап сайысында Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік. Слайдтарда мамандық бойынша қазақ тілінде сұрақтар берілген. Әр команда таңдаған сұраққа жауап береді. Тек дұрыс жауап жауап ғана бағаланады. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Егер команда өз сұрағына дұрыс жауап бере алмаса, екінші командаға ол сұраққа жауап беруге рұқсат етіледі. Қосымша сұрақ 3 ұпайға бағаланады. Сұрақтардың жалпы саны -15. Сұрақтар: 1. «Ресми құжат» терминіне түсінік беріңіз. (Ресми құжат – жеке немесе заңды тұлға жасаған, белгіленген тәртіппен ресімделген, куәландырылған құжат). 2. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қашан қабылданды? Бұл заң нені реттейді? («Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылы 22 желтоқсанда қыбалданды, № 326-1. Осы Заң ҚР-ның Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді). 3. Бұйрық деген не? (Бұйрық – кәсіпорын басқару құжаттарының ішіндегі ең маңызды әрі көп тараған түрі болып табылады. Бұйрық – қандай да бір міндетті (өндірістік және кәсіпорын қызметтеріне байланысты)шешу үшін кәсіпорын директоры шығаратын нормативтік құжат) 4. Ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесі деген не? Олардың түрлерін атаңыз. (Ғылыми – анықтамалық аппарат жүйесі – жіктеудің, сипаттаудың, есепке алудың бірыңғай әдістеріне негізделген өзара тығыз байланысты мұрағаттық анықтамалықтар мен есептік құжаттар кешені. Оларға картотекалар, каталогтар, қор бойынша және тақырыптық шолулар, мұрағат бойынша жолкөрсеткіштер, анықтамалықтар, істер тізімдемелері жастады. Ғылыми анықтамалық аппарат жүйесі құжаттарды жедел іздестіру, құжаттық ақпаратты тиімді пайдалану мақсатында жасалады және үнемі толықтыру мен жетілдіруді қажет етеді). 5. Жасалу кезінде аты көрсетілмейтін құжат түрі. (хат) 6. Жеке құрам бойынша бұйрықтан көшірменің деректемелері (Мекеменің аты – құжат авторы; құжат атауы – БҰЙРЫҚТАН КӨШІРМЕ; түпнұсқа құжаттың күні мен нөмірі; басылған жері (қала); бұрыштамасы, анықтаманың бөлігі (егер бар болса); міндеттеме бөлігі – қажетті бұйрық пункті; қол қою; куәландырылған қысқа жазуы («қол қою» деректемелері төмен 3 интервал арқылы) 7. Келіп түскен құжаттағы 01-15-256 индексі нені білдіреді? (01 – құрылымдық бөлімшелердің немесе саланың шартты белгісі (индексі); 15-номенклатура бойынша істің нөмірі; 256 – құжаттың реттік нөмірі) 8. Құжат бланкісі деген не? Анықтамасын беріңіз. (Құжат бланкісі – ресми жазба құжат авторын сәйкестендіретін деректемелердің жиынтығы және онда ауыспалы ақпараттардың орындары көрсетіліп, түрақты ақпараттары жазылады) 9. Құжат формуляры деген не? (Құжат формуляры – белгілі бірізділікте орналасқан ресми жазба құжат деректемелерінің жинағы) 10. Құжаттарды сақтайтын құралдарды атаңыз. Олардың орналасуы. (Құжаттарды сақтайтын негізгі құралдар – тұрақты немесе жылжымалы металл стеллаждар, отқа төзімді етіп өңделген ағаш стеллаждар болып табылады, қосалқы құралдар – металл шкафтар мен сейфтер. Сақтау құралдарын орналастыру мынадай нормаларға сәйкес жүзеге асырылады: қатараралық қашықтық – 120см; сақтау құралдары аралықтарының қашықтығы – 75 см; ғимараттың сыртқы қабырғасы мен оған парарель қойылған сақтау құралдары аралық қашықтығы – 75см; қабырға мен сақтау құралы бүйірінің ара қашықтығы – 45см; еден мен сақтау құралының төменгі сөресіне дейінгі аралық – 15см. Құжаттардың орналасқан жерін белгілеу мақсатында әрбір сақтау құралына топографиялық карточка жасалады. Топографиялық карточка нөмірі сақтау құралының нөміріне сәйкес келеді) 11. Мұрағат деген не? Оны қандай түрлері бар? (Мұрағат – құжаттарды сақтайтын бөлім немесе құрылымдық бөлімше. Түрлері: мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар) 12. Өтініш деген не? Өтініш қандай жағдайларда жызылады? (Өтініш – азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүддерелерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, жазбаша түрде баяндалатын, өтіну, сұрау туралы құжат. Өтініш жазылатын жағдайлар: жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру, кезекті демалыс сұаур, кезектен тыс демалыс сұрау, материалдық көмек сұрау, біліктілігін арттыру, жалақыны көтеру, анықтама беру және т.б.) 13. Түйіндеме деген не? (Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін анықтамалық-ақпараттық іс қағазының бір түрі) 14. Ұйымдық құжаттар түрлерін атаңыз. (Ұйым жарғысы, оның құрамы, штаттық кестесі, қағида, қызметтік нұсқаулар, ұйымның құрылтайшы құжаттары) 15. Электрондық пошта деген? (Электрондық пошта Интернеттің аса маңызды ақпаратты ресурсы болып табылады. Электрондық коммуникациялардың жаппай көпшілік құралы болатындығына қоса, ол арқылы халықаралық компьютерлік екі ондығынан қабылдауға, не жіберуге болады) 4-кезең - « Хатшы жағдайлардан қалай шығады? 1-ЖАҒДАЙ Бұл кезеңде қатысушы командалар іскерлік этика бойынша білімдерін практикалық тапсырмаларды орындауда қолдануы тиіс. Әрбір командадан бір қатысушы тағайындалады. Ол өз кезегінде ұсынылған келушілерді қабылдау нұсқасын талдайды немесе ұсынылған жағдайдар бойынша телефонға жауап береді. Жоғарғы ұпай саны – 5 балл Бағаланады: - Іскерлік этика ережелерінің білуі; - Қабылдау және қызметтік телефонмен сөйлесу технологияларының білуі 2-ЖАҒДАЙ Директор Арман Асқарұлы. Қабылдау бөлмесіне келуші кіріп келді. Басшының өзі оған ешбір баяндаусыз кіруге құқығын берген. (Келішінің аты-жөні Әлия Сериковна). - Сәлеметсіз бе, Арман Асқарұлы өзінде ме? Келушімен іскерлік диалог орнату қажет. Жоғарғы ұпай саны – 5 балл 3-ЖАҒДАЙ Әрбір команда бойынша бір хатшы, бір басшы тағайындалады. Хатшының тапсырмасы – басшысына кофе әзірлеп, оны ұсыну. Жоғарғы ұпай саны – 5 балл 5-кезең - Үй тапсырмасы : «Құжаттық мұра» Командалар көрермендер мен әділқазылар алқасының назарына ШҚО-ның құжаттық мұрасы туралы ақпаратты ұсынады. Слайдтар ұсынылады. Жоғарғы ұпай саны – 5 балл. Бағалау критерийлері: • ұсынылатын материалдың мазмұндылығы; • слайдтардың ресімделуі; • сауаттылығы «Ойымды жалғастыр» – көрермендермен ойын «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы топтардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық! Мақал-мәтелдерді жалғастыру қажет. Таблода мақал-мәтелдер беріледі, солардың жалғасын табу қажет Мақал-мәтелдер: 1. Жеті жұрттын тілін біл, ... (жеті түрлі білім іл.) 2. Білекті бірді жығар, ... (білімді мыңды жығар ) 3. Отыз тістен шыққан сөз, ... (отыз рулы елге тарайды) 4. Білгенің бір тоғыз, ... (білмегенің тоқсан тоғыз) 5. Тіл тас жарады, ... (тас жармаса, бас жарады) 3. Қорытынды кезеңі • Ұпайларды санау және жеңімпаз команданы анықтау • Марапаттау • Құттықтау үшін сөз беру | |
Просмотров: 746 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|