Главная » Статьи » Профессиональное образование |
Бөлім: 10-бөлім: Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын! Мектеп: №36 орта мектеп Күні: 2-сабақ Мұғалімнің аты-жөні: Адамзатова Жансұлу Оразбековна Сынып: 7 Е Қатысқандар саны:12 Қатыспағандар саны:1 Сабақ тақырыбы: Наурыз — ұлыстың ұлы күні! Мақсаты: Қарапайым сөйлемдер арқылы ұлттық мейрамды сипаттау, оны өзгелерге таныстыру. Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы. Жетістік критерийлері: Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша ұлттық мерекеге қатысты жаңа сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрады, достарымен наурыз жайлы сөйлеседі, қазақша ақпарат береді. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, наурыз мейрамына қатысты жаңа сөздерді сөйлесім барысында тиімді қолдана алады, сыныптастарымен сұхбат құрады. Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып бойынша қосымша деректер келтіреді, мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап береді, наурыз мейрамы жөнінде мәтін құрай алады. Жаңа сөздер: Сыбаға, жібиді, ырыс, игі, аймақ. Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, слайдтар, Р.Рымбаеваның үнтаспасы, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер. Оқыту әдістері: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, тест, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Шағын шолу» стратегиясы, диалог, «Алты тақия» тәсілі. Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Сабақтың басы 10 минут 1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (5 мин) Мұғалім «шаттық шеңберін» құрғызып, ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін оқушыларға: - Әр адам өзіне, отбасына немесе жақын туыстары мен дос жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір- бірінің үйіне кіріп дәм татады. -Балалар, сендер қарым-қатынас барысында бір-біріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?( Наурыз тілек) (Топқа бөлу: бәйшешек, қызғалдақ, түймедақ) Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады. Топқа бөлінеді. Өткен сабақты тексеру. (5 минут) 1. Стратегия «Шағын шолу» (күнделікті сабақ барысында 1 минуттық уақыт аясында балалардың не түсінгенін білу үшін жүргізілетін бақылау) Нұсқаулық: 1.Өткен тақырып бойынша 7 сөз жазу 2. Қатесіз жазу 3. t-1 минут 2. Тест. Оқшау сөздер. ҚБ- Бір-бірін бағалау. Оқушылар өткен тақырып бойынша 1 минуттық уақыт аясында 7 сөз жазады. Тест тапсырмасын орындайды. ІІІ. Сабақтың ортасы 30 минут 1. «Наурыз мейрамы» презентациясын қорғау. (слайдтар) 5 минут Сұрақтарға жауап беру - Наурыз айында өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, әсем шөпті ата? - Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы? - Жігіттер қыз – келіншектерге не сыйлайды? ҚБ- қошемет көрсету Ынтасы жоғары оқушылар қорғайды, сұрақтар қояды. Әнді тыңдайды. 2.Қызығушылықты ояту. (3 минут) Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында Р.Рымбаеваның «Наурыз-думан» әнін тыңдатады. Оқушылар әнді тыңдайды. 1.Сөздікпен жұмыс. (5 минут) А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Сыбаға- доля; определенная часть Жібиді-оттаивать; размякать Ырыс- богатство; достаток; изобилие Игі-хороший; добрый Аймақ- край; округ; регион - Жаңа сөздермен сөйлем құрастырайқ. Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. Сөйлем құрастырады. 10 минут 2. Айтылым. Жазылым. Топтық жұмыс. 1-топ: «Наурыз тойы!» тақырыбында мәтін құрайды. Нұсқаулық: 1. 5 сөйлем құрастыру 2. Жаңа сөздер мен оқшау сөздерді пайдалану 3. T-5 минут 2-топ: «Қандай керемет мереке!» тақырыбына диалог құрастыру. Шетел досыңмен наурыз мерекесі туралы сөйлес. Нұсқаулық: 1. Диалог құрастыру 2. Жаңа сөздер мен оқшау сөздерді пайдалану 3. T-5 минут 3-топ: Оқулықтағы 10-тапсырманы орындайды. Сөйлемдерде берілген сөздердің орнын алмастырып, дұрыс нұсқасын жазады, айтады. Нұсқаулық: 1. Сөйлемдерді дұрыс құрастыру. 2. Постер жасау 2. T-5 минут ҚБ- Сәттілік баспалдағы. Айтылым. Өлеңнің мазмұнына сай мәтін құрастырады, айтады. Оқушылар мәтін бойынша досымен Наурыз мейрамы туралы әңгімелеседі, диалог құрады. Оқушылар сөйлемдерде берілген сөздердің орнын алмастырып, дұрыс нұсқасын жазады, айтады. 2 минут Сергіту сәті. «Қара жорға» биі. Жаңа топқа болу (көкпар, қыз қуу, бәйге) 5 минут Ойтолғаныс. Полилог. «Ақылды 6 тақия»: «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» тақырыбында 6 оқушыдан топтасып, 6 түрлі тақия киіп, өзара пікірталас өткізеді. Ақ тақия: Наурыз туралы ақпарат беру. Сары тақия: Бұл қандай мереке? Қызыл тақия: Айтылған ойға қалай қарайсын? Жасыл тақия: Жаңа идеялар, болжамдар. Қара тақия: Қандай қиындықтар пайда болады? Көк такия: Айтылған ойдан қандай қорытынды шығаруға болады? Нұсқаулық: 1. Тақия түсіне сай жауап дайындау 2. 2 сөйлем 3. T-5 мин ҚБ: Смайликтер Бата беру Оқушылар топтасып, 6 түрлі тақия киіп, өзара пікірталас өткізеді. Ұл бала бата береді Сабақтың соңы 5 минут Үй тапсырмасы 82 бет 3 тапсырма, жаттау. Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады. Кері байланыс Сөйлемді аяқта. Сабақ ......... өтті. Маған ....... ұнады. Наурыз туралы 1 сөйлем. | |
Просмотров: 821 | Комментарии: 3 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|