Главная » Статьи » Профессиональное образование |
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Өткізген: Бустанова Г.И. Топтың жас ерекшелігі: № 14 ортаңғы топ Білім беру саласы: «Коммуникация». Бөлімі: Көркем әдебиет. Тақырыбы: «М.Төрежановтің «Кішкентай бағбан» әңгімесін түсіндіру. Мазмұны бойын-ша әңгімелеу. Мақсаты: Балаларды әңгіменің мазмұнымен таныстыру. Міндеттері: БМ: Шығарма мағынасын түсінуге, кейіпкерлер іс-әрекетін бағалауға, олар жайлы айтуға, сипаттама бере білуге одан әрі үйрету. Ойлау,есте сақтау,еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру. ДМ: Ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Көркем сөйлеу және орындау қабілеттерін дамыту. ТМ: Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу. Қолданатын көрнекі құралдар: жемісті бақ, жемістер, бақты күтетін адам - бағбан бейнеленген суреттер. Сөздік жұмыс: бағбан, өрік – жеміс. Қостілділік компонент: бағбан – садовник, өрік – абрикос. Сабақ барысы: Мотивациялық – қозғаушылық кезең: Шаттық шеңбері: Күндей жадырап Айдай арайлап Жұлдыздай жарқырап Судай таза көңілмен Бүгінгі күнімізді бастаймыз. (Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталап айтады). Ұйымдастырушылық- ізденістік кезең: Өріктің суретіне назар аудартады. -Балалар, бұл не? (Бұл өрік). -Орыс тілінде ол абрикос деп аталады (Жемісті екі тілде атайды). -Өрік жеміс пе, әлде көкөніс пе? (Өрік – ол жеміс). -Сендер тағы қандай жемістерді білесіңдер? (Жемістерді атап шығады). -Жемісті ағаштар қайда өседі? (Бақта өседі). -Жемісті ағаштарды кім күтіп қарайды? (Бағбан күтіп қарайды). -Жемісті ағаштарды бағбан (қостілділік компонент) күтіп қарайды. -Бүгін сендердің назарларына мен «Кішкентай бағбан» әңгімені ұсынамын. Оны жазған жазушы Мәдіхат Төрежанов. Әңгімені оқиды.Мазмұны бойынша сұрақтар қояды. «Кішкентай бағбан». Кішкентай Арман жолда ойнап жүріп, бір өрік дәнін тауып алды. Өрік дәні үлкен екен, шағып жеуге көзі қимады. Атасына келіп: «Осыны ексем,шыға ма?-деп сұрады. «Шыққанда қандай! Зор өрік болады. Тұқымы таза екен»,-деді атасы. Ол әлгі тұқымды егіп, баптап тұрады.Жас шыбық әдемі болып жайқалып өсті. Екі-үш жылда балдай тәтті жеміс салды. Содан соң, ол басқа жеміс-жидек тұқымын тапса, егетін болды. Қазір бағына көр-шілер қатты қызығады. Қауын-қарбыз ұрығын да әкеліп еге бастады. Қазір жұрт Арманды «Кішкене бағбан»деп атайды. Сұрақтар: 1. Әңгіме қалай аталады? 2. Арман ненің дәнін тауып алды? 3. Атасына қандай сұрақ қойды? 4.Отырғызған дәні өсіп жеміс берді ме? 5. Неге жұрт Арманды «Кішкентай бағбан» деп атап кетті? Сергіту сәті Бір, екі – еңкей, Бүгілмесін тізең. Үш-төрт шалқай Иілмесін тізең. Қолды көтер аспанға Саусақты соз, жасқанба. Д/ойын: «Жеміс пе, көкөніс пе?». Шарты: тәрбиеші кезекпен жеміс-тің немесе көкөністің суретін көрсетіп, алдымен «Жеміс пе, көкөніс пе?» деп сұрақ қояды, содан соң оны атап беруге ұсынады. Рефлексиялық – түзетушілік кезең: -Біз бүгін қандай әңгімемен таныстық? -Әңгімеде қандай кейіпкерлер бар? -Арманды қандай бала деп айтуға болады? -Жақсы. Әңгімені тағы да бір рет тыңдап алыңдар. Белсенді болған балаларды мақтайды. Күтілген нәтиже: Біледі: әңгіме мазмұнын толық жеткізуді біледі және оны сахналай алады. Игереді: кейіпкерлерге мінездеме беру дағдылары. Меңгереді: әңгіменің кейіпкерлерін сомдауды меңгереді; ауызекі сөйлеу,ойын еркін жеткізу дағдысы қалыптасады. | |
Просмотров: 1121 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|