Главная » Статьи » Профессиональное образование |
Қазақ әдебиеті пәні оқытушысы Апетов Канат Петржанович Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов өмірі, поэзиясы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ақын өмірі мен шығармаларынан мәліметтер беру. Дамытушылық: ойлау, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге, өзіндік жұмыстарды орындай білу дағдыларын арттыру. Тәрбиелік: адамгершілікке, жақсы қасиеттерге, әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру. Сабақтың әдісі: баяндау, топтық, жеке жұмыстар. Сабақтың көрнектілігі: интерактивті тақта, үлестірме материалдар, фигуралар. Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру бөлімі 6. Мәнерлеп оқу 2. Үй тапсырмасын сұрау 7. Өзіндік жұмыс. "Авторын тап" 3. Жаңа сабақ. Хронологиялық кесте 8.Криптограмма 4. Өлеңдеріне шолу 9.Үй жұмысын беру 5. Үзіліс (Психологиялық тренинг) 10. Қорытындылау. Бағалау № Жұмыс түрі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Күтілетін нәтиже 1 Ұйымдастыру бөлімі. 3мин. Амандасады. Түгелдейді. Сабақ мақсаты мен міндеттерін мәлімдейді. Амандасады, оқу құралдарын ашып, сабаққа әзірленеді. 2 Үй тапсырмасын сұрау. 12мин. Берілген Қасымның «Өзім туралы» өлеңін жатқа сұрайды. Өлеңді кезекпен жатқа айтады. 5 ұпай Еске сақтауды үйренеді. 3 Жаңа сабақ. 10мин. Интерактивті тақтадан ақын суреттерін слайд арқылы көрсетеді. Эпиграфын жаздыртады. «Қасым – қазақ әдебиетіндегі лирикалық поэзияның Мағжаннан кейінгі атасы» Оқулықтан Қасым өмірінен хронологиялық кесте сызады. («Өзім туралы» әні мен өлеңі баяу ойнап тұрады.) Тыңдайды. Эпиграфты дәптерге түсіреді. Өмірі мен қоғамдық қызметтерінен дәптерге кесте жасайды. 2 ұпай Жаңа мәліметтер алады. Өз беттерінше жұмыс жасайды. 4 Өлеңдері 10мин. Әр топқа бір өлеңін береді. Талдатқызады, оқытқызады. 1-топ «Туған жер» 2-топ «Домбыра» 3-топ «Көкшетау» 4-топ «Атамекен». Өлеңдерін топ ішінде талдап, мәнерлеп оқиды, түсіндіреді. 2 ұпай Мәнерлеп оқи білуге, ойларын жеткізуге үйренеді. 5 Үзіліс 5 мин. Орындарынан тұрғызып дене сергіту жаттығуларын жасатқызады. Содан соң әр оқушыға фигуралар үлестіреді. Жаттығулар жасайды. Берілген фигураларға қастарындағы көршілерінің жақсы қасиеттерін жазып, оқып береді. Адам қасиеттерін таниды. 6 Мәнерлеп оқу 15мин. Әр оқушыға «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасынан үзінді оқытқызады. Инт.тақтададан поэмаларын жазады. Кезекпен мәнерлеп оқиды. 3 ұпай Оқи білуге дағдыланады. 7 «Авторларын тап» 10мин. Инт.тақтадан поэмалар тізімін көрсетеді. 1. «Мен қазақпын» 2. «Құлагер» 3. «Райымбек» 4. «Ескендір» 5. «Жүсіпхан» 6. «Кедей» 7. «Еспембет» 8. «Батыр-Баян» 9. «Көкшетау» 10. «Қалқаман - Мамыр» Әр топ оқушылары жеке-жеке тақтаға барып поэманың авторларын жазады. 1дұрыс жауап 1 ұпай 8 Криптограмма 5мин. Тақтадан криптограмманы көрсетеді. Онда белгіленген ақындар есімдері мен әдебиет терминдерін табу керек екенін түсіндіреді. Қол көтеріп, тақтаға шығып, тапқан сөздерін оқиды. 1 ұпай Аңғарымпаздыққа үйренеді. 9 Үй жұмысы. Қорытындылау. 5 мин. Жауап бергеннен кейін команда басшыларының мәліметтері бойынша оқушыларды бағалалайды. Үйге топқа 3 шумақтан жаттап келуге береді. Топ басшылары ұпай сандарын мәлімдейді. Үй жұмысын жазады. | |
Просмотров: 6075 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|