Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Профессиональное образование

Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік біліктілігін қалыптастырудағы тиімді технологиялар, әдіс-тәсілдер
Қазақ тілі мен әдебиет пән оқытушысы
Жақсылықова Бахытгүл Айжанқызы.
Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік біліктілігін қалыптастырудағы тиімді технологиялар, әдіс-тәсілдер.
Менің өз білімін көтеру бойынша тақырыбым: «Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік біліктілігін қалыптастырудағы тиімді технологиялар, әдіс-тәсілдер».
Кәсіптік білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат - бәсекеге қабілетті сапалы мамандар даярлау, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру екені бәрімізге аян. Бүгінгі таңда қай салада болсын, маманның кәсіби дайындығы мен бәсекелестікке бейімдігін, атап айтқанда, кәсіпқойлық пен құзіреттілігіне ерекше мән беріледі. Сондықтан кәсіби мамандар даярлау ісінде педагог –ұстаздарға жүктелетін міндеттер жеңіл емес. Педагогика ғылымы адамзатпен бірге дамып келе жатқан ежелгі ілім болса, ұстаз - оқытушы арнайы дайындығы бар, оқу-тәрбие ісімен кәсіби шұғылданатын тұлға. Осы жерде «кәсіби »деген сөзге баса назар аудару қажет. Себебі ұрпақ тәрбиесімен әркім-ақ: ата-ана, тәрбиеші, тәлімгер, тәжірибелі мамандар айналысады. Дегенмен, педагогика заңдылықтарынан туындайтын жоғары талаптарға сәйкес нені, қашан, қалай істеу керектігін, белгіленген стандарт талаптарына сәйкес жүктелген кәсіби парызын белгіленген мерзімде сапалы орындап шығу жолдарын тек қана кәсіпкой педагог біледі. «Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болады» деген қағида сонау Сократ заманынан қалыптасқан. Сондықтан педагогикалық қызмет аса жауапты да күрделі саланың бірі болып табылады. Оның басты міндеті қашанда оқыту, тәрбиелеу, дамыту үрдістерін тиімді басқарып, бағыт – бағдар беру болып қалады. Болашақ мамандарды оқыту-тәрбиелеу мен білім берудің сапасын арттыруда оқытушының кәсіби шеберлігінің алар орны ерекше. Әсіресе, біздерге, қазақ тілі пән оқытушылары алдында үлкен міндет тұр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады.Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс.Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз.Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» деген еді.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те әдіс жоқ», ұстаздың өз сабағына қажетті, тиімді, балаларға ұғынымды тәсілді таңдап алу мұғалімнің өз қолында.
Педагогикалық шеберлікті жетілдіре отырып, мен үнемі шығармашылық ізденіс үстіндемін. Өздігімен білімін жетілдіріп, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерделеймін.
Сабақты қызықты өтуін қамтамасыз ететін бір әдіс – грамматикалық ойындар.
«Ойында жеке тұлғаның шығармашылық қабылеттері ашылады. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы мүмкін де емес... Ойын дегеніміз ұшқыр білімге құмарлықпен еліктеудің маздап жанар оты» А.С. Сухомлинский.
Грамматикалық ойындар – көп салалы күрделі педагогикалық құбылыс. Оны балаларды оқыту әдістерінің бірі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады. Ойын түрінде оқытушы үйрететін тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Дамыта оқыту жүйесінде грамматикалық ойындардың атқаратын маңызы зор. Ойын сабақтары оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.
Біз өз сабақтарымызда ойындарды, әсіресе, тіл сабағын меңгерту мақсатында жиі пайдаланамыз. Сабақта олардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздейміз.
Қазір біз сіздермен сабақта ойналынатын кейбір ойындарды бірге ойнайық. Алдымен «Танысу» тренингінен бастайық. Әрбіреуіңіз өз атыңызды айтасыз және сол бастапқы әріптен басталатын сөзбен өзіңізге мінездеме бересіз, мысалы, менің атым – Бахытгүл, мен бауырмалмын, өзіме - өзім берікпін, белсенді өмір сүремін, аздаған беделім бар.
Мұғалімдердің өзін таныстыруы.
«Әліпби тәртібі» - қазақ тілінде 42 әріп бар, оқушыларды 3-4 топқа бөліп ойнату. Сұрақтың жауабы әліпби ретімен сол әріптен басталады.
А – қазақтың ұлы ақыны – Абай
Ә - дыбыстың таңбалануы - әріп
Б – сөйлемнің тұрлаулы мүшелері - бастауыш
В – «тікұшақ»сөзінің айырмасы - вертолет
Г – раушан, бәйшешек не? - гүл
Ғ – Тоқтар Әубәкіров кім? ғарышкер
Д – қазақтың ұлттық аспабы - домбыра
Е – Қазақстан қандай мемлекет? - егеменді
Е – қарама-қарсы мағыналы сөздер - антоним
Ж – «жамандық» сөзінің антонимі
Қазақша басталмайтын сөздердің орнына кез келген басқа сұрақ қоюға болады, сондай- ақ бұл тапсыпмаларды тақырыптар бойынша беруге болады. Мысалы. Грамматика, ақын-жазушылар, т.б.
Крест –нөлдер ойыны. Топқа бөлінеді. 1 – крест, 2 – нөл тобы.
Сұраққа дұрыс жауап берген топ өз белгісін қояды.
1 – ребусты шеш – 6 – н
2 – сөйлемді ұйқастырып көр: (құлақтары шұнақ )-
ешкі баласы – лақ,
«Мені түсін»: тұрақты тіркес не мақал – мәтелдің синонимін табыңдар.
Төбе шашы тік тұрды. Оқу инемен құдық қазғандай.
« Ақылдылар баспалдағы». Жасыл жол - 4 сұрақ- 2рет қателесуге
болады. Көк жол - 3 сұрақ- І рет. Қызыл жол - 2 сұрақ қателесуге
болмайды.
Жасыл жол. Абай кім? Қандай өлеңдерін білесің?
2. уақыт туралы мақал-мәтел
3. кәс-іп-ті-кте дұрыс буынға бөлінген бе?
4. Жұмбақты шеш.
Тық-тық ұрып,
Шегесін қадап,
Мезгілді саған,
Айтады санап. Сағат
Көк жол. 1. Жаңылтпашты айт. Шеше ,шеше, неше кесе сынды кеше.
2. буын түрлерін анықта. Определи вид слога. Он-дық-тар-ды
3. кез келген 1 шумақ өлең айт.
Қызыл жол. Блиц - сұрақтар.
1. бір жылда неше ай бар?
2. Апта күндері
3. Сенің атыңкім?
4. Бір жылда неше күн?
5. Бір сағатта неше минут?
6. Болашақ мамандығың?
7. Жыл мезгілдерін ата.
8. Президент кім?
9. Рудный қаласының әкімі?
10. Бір ғасырда неше жыл?
Екінші сұрақ залдан.
«Триз» ойыны. Бір – бірімен байланыссыз сөйлемді байланыстыруы керек. Сабақта мәтінді де бірнеше бөлікке бөліп, бірінші сөйлем мен соңғы сөйлемді алып, ортасын байланыстыратындай сөйлемдерді өздері құрау керек.
Соңғы жылдары білім жүйесінде көптеген тәжірибиелі әдіс-тәсілдер жиналды, соның ішінен әрбір оқытушы өзіне сай келетінін таңдап, оны одан әрі дамытып, оқушылардың жеке тұлғалық сапасына, қабілеттілігіне бағдарлауға талпынуы қажет. Ең бастысы – өз пәніне, жұмысқа, оқушыға деген сүйіспеншілік, талап, үздіксіз еңбек. Жоғарыда айтылған ойдың дәлелі ретінде өз жұмысымның қорытындысын келтіре аламын:
2007-2008 жыл – қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық олимпиадада 1-орын (Аврамова Г.)
2009 -2010жыл- қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық олимпиадада 1-орын (Кейзерова Г.).
Категория: Профессиональное образование | Добавил: baha_love (2013-01-21) | Автор: Бахиткуль Жаксылыкова E
Просмотров: 2081 | Теги: әдіс, тәсіл | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 3:59 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru