Главная » Статьи » Великая Отечественная |
Қазақ хандығының ХVІ – ХVІІ ғасырлардағы дамуы. Сабақтың тақырыбы: «Тәуекел хан – қазақ халқының тарихындағы орны» (1582 – 1598 жж). Білім беру жүйесіндегі сабақтың орны – бұл сабақ алдында өткен сабақтардың жалғасы болып табылады, мақсаты міндетті деңгейге сәйкес оқулық материал курсын меңгеру. Пайдаланған технология: - «Оқытудың модульдік технологиясы», «Оқытудың компьютерлік технологиясы». Мақсаты: - 1 – Тәуекел туралы жан-жақты материал беру, 2 – Тәуекел хан билігіңің ерекшеліктерін ашу, 3 – ақпараттар арасындағы байланысты қалыптастыру, 4 – оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту. Сабақтың түрі: - 1 – білім іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы (сабақтың негізгі міндеттері – алдында алған білімдерін қайталау және бекіту, өзіндік ізденіс қызметін орындау). Сабақты ұйымдастыру түрлері: - 1) топтық; 2) фронталдық Сабақ тәсілдері: Негізгі тәсілдер: - пайымдау, түсіндіру, сұрақ-жауап, кластер құру. Білім беру әдістері: - практикалық, білім беру бақылауы, сабақта назар аударуды тәрбиелеу. Жалпы дидактикалық әдістер: - 1) ізденістік жұмыс; 2) танымдық іс-әрекет; 3) нақтылы материалды зерттеу; 4) мәселе туғызу; 5) іскерлікті және дағдыларды қалыптастыру. Сабақтың мақсаты: Бiлiмдiлiк: Тәуекел ханның тұлғасын қарастыра отырып оның билік еткен жылдарын, саясатын, сол кездегі қазақ халқының тарихын оқыту, сонымен қатар Тәуекел билігіне дейінгі елдің жағдайы туралы мәлiметтер беру. Дамытушылық: Оқушыларды теориялық бiлiмдерiн тәжiрибеде пайдалануға, тарихи оқиғаларды талдауға дағдыландыру, тарихи тұлғалардың iсiне мiнездеме берудi, себеп-салдарды анықтауға, өз ой-пiкiрiн жеткiзуге үйрету. Тәрбиелiк: белсендi азаматтық ұстанымды, тарихқа деген танымдық қызығушылықты, өз елінің тарихи тағдырына, қазіргі оның жағдайына, мәдениетiне, болашағына жауапкершiлiк сезiмдi тәрбиелеу. Сабақтың жоспары: Сабақтың міндеттері мен мақсаттарын қою – 2 мин. 1) «Қазақ хандары – Қасым мен Хақназар» топтық жұмыс – 8 мин (қайталау). 2) «Ойлан, тап!» ойыны – 5 мин (жазбаша, білім деңгейлерін тексеру). 3) «Тәуекел хан – қазақ халқының тарихында алған орны». Алдын-ала тапсырма алған оқушылардың тұсаукесері – 10 мин. 4) «Киіз үй» - кластері. Тәуекел хан тұсындағы тарихи оқиғалар бойынша алдын-ала берілген кестемен жұмыс – 10 мин. 5) «Өзекті сұрақтар» сайысы – 8 мин. 6) Қорытынды – 2 мин. Сабақтын барысы: Ұйымдастыру кезеңi: Құрметтi 7 сынып оқушылары бүгiнгi сабағымыздың тақырыбына назар аударайық. Балалар қалай ойлайсындар осы тақырып бойынша біз сендермен нені оқып үйренеміз? (Тәуекел ханның тұлғасын қарастыра отырып оның билік еткен жылдарын, саясатын, сол кездегі қазақ халқының тарихын оқып, сонымен қатар Тәуекел билігіне дейінгі елдің жағдайы туралы мәлiметтерді қарастырамыз). Сонымен қатар сендер теориялық бiлiмдерiнді тәжiрибеде пайдалануға, тарихи оқиғаларды талдауға, тарихи тұлғалардың iсiне мiнездеме беруге, себеп-салдарды анықтауға, өз ой-пiкiрлерінді жеткiзуге үйренесіндер. Сендер алдын –ала берілген тапсырмалар бойынша топқа бөлініп, жеке жұмыс атқардыңдар. Осы жұмыстың нәтижесін бүгін біз бірге қарастырып, сендер өздерінді бағалай отырасындар. Топ басшыларына берілетін бағалау парағы бар. I. «Қазақ хандары – Қасым мен Хақназар» топтық жұмыс – 8 мин (қайталау): 2 топқа алдын-ала бөлінген оқушылар, біреулері Қасым хан, ал екіншілері Хақназар хан туралы мәліметтерін ұсынады, тұжырымдайды. Тындап отырған топ қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып алады. IІ. «Ойлан, тап!» ойыны – 5 мин (жазбаша, білім деңгейлерін тексеру): Қашан? Қайда? Қандай оқиға болы? 1458 жылы көктемде Батыс Жетісуда 1470 жылы Керей хан және Жәнібек хан шабуыл жасайды бүкіл Дешті Қыпшақта Қасым хан билік жүргізген 1514 жылы Моғол билеушісі Саид шайбанилерге қарсы күрес жүргізуге Қасым ханнан көмек сұраған 1523 жылы Сарайшық қаласында Қазақ хандығында Хақназар (Ақназар) билік жүргізді 1570 жылы Жетісудың батыс бөлігі, Шу, Талас өңірі 1580 жылы Баба сұлтан жансыздары Хақназар және жанындағы сұлтандарды тегіс өлтірді Қазақ хандығында Орыс елшілері Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков болып қайтты «Қасқа жол» заңыңда 5 бөлімнен тұратын ережелер болған IІI. Тәуекел хан – қазақ халқының тарихындағы орны. Белсенділердің тұсаукесері – 10 мин: Әр топтың белсенділері алдын-ала берілген тапсырма бойынша Тәуекел хан туралы мағлумат береді. ІV. «Киіз үй» - кластері. Тәуекел хан тұсындағы тарихи оқиғалар бойынша алдын-ала берілген кестемен жұмыс – 9 мин: Балалар кесте сұрақтарын талқылайды тақтаға киіз үй клстерін құрайды. Тарихи оқиғалар Хронологиялық ауқымы Қысқаша сипаттама Қазақ тарихындағы маңызы V. «Өзекті сұрақтар» сайысы 8 мин: пікір-талас 1) Тәуекел хан 1582 жылы өз билігіне нығайған, құатты мемлекетті алды. Осы тұжырыммен келісесіндерме? Қандай себептері бар? 2) 1580-1582 жж Бұхар ханы Абдаллах Тәуекел сұлтан мен Шығай ханға Ходжент жерін сыйға береді, ал кейінен 1583 жылы Тәуекел хан Абдаллахқа шабуылға шығады. Достық қарым қатынас неге бұзылды? 3) Қалай ойлайсындар, сол уақыттағы Тәуекел ханның орыс мемлекетімен қарым –қатынасы қажет болды ма? Ал, қазіргі ҚР –ның Ресеймен қарым-құатынасы қандай? 4) Балалар, Тәуекелді біз кім деп айталамыз? VІ. Қорытынды – 3 мин. Топ басшыларына сөз беріледі (бағалау – топты, жеке әрбір оқушыны) VIІ. Үй тапсырмасы: § 40 (165-168 беттер). «Тәуекел - көреген саясаткер» атты эссе жазу. | |
Просмотров: 3154 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|