Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Великая Отечественная

ҰОІӘ: Әлия, батыр қызы сен, халқымның!
Малика Сандибековна Абубакирова, МКҚК №40 «Балдәурен» МДҰ тәрбиешісі
Ақтөбе қаласы

Тобы: ересектер
Білім беру саласы: таным,қатынас,шығармашылық
Білім беру бөлімі: қоршаған ортамен таныстыру,көркем әдебиет,жапсыру
Тақырыбы: «Әлия,батыр қызы сен,халқымның!..»
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының бойында адамгершілік–патриоттық сезім ұялату. Әлия Молдағұлованың ерлікке,патриотизмге толы өмірімен таныстыра отырып, олардың санасында бір-біріне жанашырлық, аяушылық, сыйластық, достық сияқты адами құндылықтарды қалыптастыру.Өз халқына, Отанына адал қызмет етуге, батылдық пен қайсарлыққа тәрбиелеу.
Алдын –ала жүргізілген жұмыс: : Әлия мұражайына саяхат жасап,мұражай жәдігерлерімен танысу,қаладағы Әлияға арналған ескерткіштерге, Әлия монументіне, «Мәңгілік алауға» тағзым ету. Батырлар аллеясымен жүріп өту.
Көрнекіліктер: Әлия Молдағұлованың портреті, мұражайдан сыр шертетін жылжымалы папка, теледидардан көрсетілген слайдтар, өзім құрастырған бейнефильм «Әлия», балалардың әскери формада болуы.
Сөздік жұмыс: Мұражай, мерген, винтовка, пилотка, фашист,окоп.
Шаттық шеңбері:
Мықты болса іргеміз,
Бәріміз біз біргеміз.
Шаңырақ пен кереге –
Ұстасып бір тұрады.
Қайыспайтын уықтар,
Тұтастырып тұрады. (Балалар сәйкес қимылдар жасап, бірге айтады)
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі және қай ай?
- Жылдың қыс мезгілі. Ақпан айы.
- Дұрыс. Балалар, біз қай елде тұрамыз?
- Біз қазақ елінде тұрамыз. Ол Қазақстан деп аталады.
- Жарайсыңдар. Әрбір адам үшін өзі тұратын ел – Отаны болып табылады.Демек,біздің Отанымыз Қазақстан. Енді біз Отан, туған ел туралы білетін тақпақтарымызды еске түсірейік, сонан соң әңгімемізді жалғастыратын боламыз.
Балалар тақпақтар айтады:

1-бала:Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
2-бала:Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың.
Отан – өлкең , астанаң,
Отан – аудан, ауылың.

3-бала: Елінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем-
Осы менің туған өлкем?!
4-бала: Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем –
Осы менің туған өлкем?!
- Жарайсыңдар! Енді балалар тағы да ойлануға тура келеді. Біз Отан туралы тақпақтар ғана емес, мақал-мәтелдер де жаттаған болатынбыз, олай болса Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдерді есімізге түсірейік? Қане, кім айтады?

 Отан оттан да ыстық.
 Отан отбасынан басталады.
 Отаның берік болса, жау алмайды.
 Елін сүйген ер болар.

- Өткен ғасырда, осыдан бірнеше ондаған жылдар бұрын біздің Отанымызға жаман ниетті адамдар (фашистер) соғыс ашып, жерімізді басып алуға әрекет жасаған болатын. Сол кезде елімізді жаудан қорғауға аттанған азаматтар аз болған жоқ. Олар өзінің кеудесін жау оғына төсеп, елімізде тыныштық орнатуға асықты. Солардың бірі – біздің жерлесіміз Әлия Молдағұлова болатын. Міне, мына суреттегі сол Әлия Молдағұлова.
Балалар, бұл бейне сендерге таныс па? Қайдан көрдіңдер?

- Мұражайдан көрдім.
- Ескерткішін көрдім.
- Мүсінін көрдім.
- Суретін көрдім.

- Иә, балалар, дұрыс. Біз бұл бейнені Әлия мұражайынан көрген болатынбыз. Олай болса мына бейнеүзіктерге назар аударайық:
(слайдтар бойынша Әлия Молдағұлованың өмірбаяны жайлы мәліметтер беру)
-Осы айтылғандардың қорытындысы ретінде менің өзім дайындаған «Әлия» атты бейнетаспаны көрейік. (Теледидар арқылы бейнетаспа көрсетіледі).
- Енді балалар ерлік, батырлық жайлы тақпақтар мен мақал-мәтелдерді еске
түсірейікші.

- Даламыздың даңқысын,
Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
- Мәңгі жасап жерде енді,
Биік бол деп таулардан.
Сенің балғын бейнеңді,
Жасап қойдық мәрмәрдән.

• Батыр туса ел ырысы,
жаңбыр жауса жер ырысы.
• Қару күшті емес, қару ұстаған күшті.
• Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.
• Көзі де мерген, қолы да мерген.

- Жарайсыңдар, балалар! Біз бүгін Әлия Молдағұлова жайлы көп мәлімет алдық. Сонымен, Әлия Молдағұлова кім?
- Әлия¬- қазақтың батыр қызы.
- Жарайсыңдар, балалар! Ендеше ақын ағамыз Бәкір Тәжібаевтың «Әлия» атты өлеңінен үзінді оқып берейін:
Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан,
Саған күнде қызыққан мөлдір аспан,
Саған күнде жазылған көркем дастан,
Саған күнде құшағын көктем ашқан.
Әлияның ерлігі,батылдығы мен қайсарлығы жайлы алдағы уақытта да зерттейтін боламыз.
Сергіту сәті. «Ұшты, ұшты»
- Балалар, мынау қандай құс?
-Көгершін.
- Дұрыс. Оны бейбітшілік құсы деп атайды. Қане, балалар, біздің еліміздегі бейбітшілік баянды болсын, соғыс болмасын деп, осы әсем көгершінді біз де жасап көрейік. Бұл көгершін неден жасалған?
- Қағаздан.
- Қандай әдіспен жасалған?
- Жырту әдісімен.
- Дұрыс. Енді қағазды жыртып дайындап аламыз да, бір шетін ғана желімдеп жапсырамыз, сонда көгершіннің кауырсындары үлпілдеп, әдемі болып тұрады.
(Балалар жырту әдісін қолданып, тапсырманы орындауға кіріседі)
- Қандай әдемі, сүйкімді көгершіндер. Сендер өте таза, ұқыпты жұмыс жасадыңдар. Мен сендерге «Жарайсыңдар!» дегім келеді, ал енді осы көгершіндерімізді жақсы тілектерімізді айтып қонақтарға ескерткішке ұсынайық.
Балалар жоғары белсенділікпен қонақтарға жақсы лебіздерін айтып көгершіндерін сыйлайды:

-Елімізде бейбітшілік болсын!
-Халқымыз аман болсын!
-Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
-Көпұлтты Қазақ елі жасасын!
-Қазақ елі өркендей берсін!
-Отанымыз гүлдене берсін!
Категория: Великая Отечественная | Добавил: Malika59 (2014-04-12) | Автор: Малика Сандибековна Абубакирова E
Просмотров: 3072 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 2.8/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 6:57 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru