Мен шабыттанамын Ең алдымен шабыт сөзінің мән-мағынасын аша түссем , шабыт -ол рух, рухтанушылық, шығармашылық күштің пайда болуы. Шабыт адамның рухани күштерінің ширығып өрлеуі, шығармашылық толғанысы дегенді білдіреді. Мен қандай жағдайда шабыттанамын? Жүректі тебірентер өлең жолдарын оқығанда, рухани күш аламын. Сонымен қатар, бір келеңсіз жағдайға тап болған уақытта Анаммен сырласа отырып, шерімді тарқата куш қуат алып шабыттанып, жігерлене түсіп келеңсіз жағдайдан жол тауып шығамын. Ең бастысы алғаш шабыттанып, өлең жолдарын қағаз бетіне түсіруіме себепкер болған Менің Атам! Атамның өмірінің ең соңғы күндерінің бірі еді. Қанша ауырып, сырқаттанып жүрседе немерелерін көруге келген еді. Сонда есімде қалған Атамның сөзі: - Ауруханада суық, жаурап журмін. Жылы су жоқ, алақаным жарылып кетті, - деген еді. Сонда жанарымнан еріксіз жас тамшылады, бірақ білдірмеуге тырыстым. Алақанын ұстап көріп едім, шынымен жарылғанын сездім. Үйдегі кілегейді алып келіп, алақанына ысқылай жаға бастадым. Атамның жанарына қарап отырып, уақыттың қалай зымырап өткенін аңғармай қалдым. Сол кун әлі есімде... " Атамның алақанына жағылған соңғы ем "- деген алғаш шабыттана өлең жолдарын қағаз бетіне түсірген едім. Мен үшін рухани күштің қайнар бұлағы жақын жандарым. Жүрегіме жақын жандардың мейіріміне, сүйіспеншілігіне бөлене отырып шабыттанамын!!!