Главная » Статьи » Великая Отечественная |
Шакенов Берлык Жанабилович. Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі «Аманкелді атындағы орта мектебі» КММ ШҚО, Көкпекті ауданы, Мамай ауылы Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады Тақырыбы: «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады...» Мақсаты: • Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту. • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін еске алу. • Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі - өнеге тұту. Түрі: «Айтуға оңай...» бағдарламасының желісі бойынша тыл ардагерлерімен кездесу Көрнекілігі: тақырыптық презентация, шарлар, гүлдер. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі - Акт залы. «Кестелі орамал» әні ойнап тұрады. - Келген ата - аналар мен қонақтарды қарсы алу. Сынып бойынша ата - аналар қатысын бақылау. ІІ. Кіріспе бөлім Ернар: - «Соғыс» деген сөзді естігенде адамзат баласының жүрегі дір ете қалады. Неге? Өйткені соңғы 5 мың жыл ішінде 15. 583 соғыс (ірісі мен ұсағы) өткен екен. 4 млрд. Адам қаза тапқан. Осы 5 мың жыл ішінде тек 295 жыл ғана соғыссыз тыныш өткен екен. Осынау жойқын соғыстардың ішіндегі ең ірісі – 72 мемлекет қатысқан Екінші дүниежүзілік соғыс. 110 миллион адам қолына қару алып қанды шайқасқа кірген. Камила: - 1941 - 1945 жылдар аралығындағы соғысқа 35 млн. Адам, соның ішінде 1. 5 млн. Қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 - 50 жас аралығындағы ересектердің 80 пайызын құрады. Қазақстаннан аттанған 1 млн. 500 мың адамның 700 мыңы, облысымыздан аттанған 40 мың азаматының 20 мыңы, ал ауданымыздан аттанған 4929 адамның 2932 – сі ғана аман - есен елге оралды. Ернар: - Арма, ардақты ағайын, ата - ана, ұстаздар мен құрметті қонақтар! - Сөз барысынан аңғарып отырған боларсыздар, бүгінгі тәлімгерлер отауының кезекті сабағын Ұлы Жеңістің70 жылдығы оның ішінде тыл ардагерлерінің ерен еңбектері жайлы болмақ. - Бүгінгі «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады...» атты салтанатты кешімізге ардақты аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымызды қонаққа шақырып едік. Қол соғып, қошеметтеп арамызға, сыйлы орынға шақырсақ. - Ахметкали аға, Кульзия апа, Айтжамал апа, Муталап аға , Айтан апа, Шамшикамар апа, Зекен ата, Қайырбек ата, Қаман апа. Камила: Отан - Ана жылағанда шерленіп, Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт. Қара бұлтты қақ жарайық деді де, Қолдарына қару алды ерленіп. - Бұл соғыс халқымызға төнген ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы сұрапыл соғыс жүріп жатты. Ернар: Батыр ұл - қыз есімдері сақталады, Жыр болып жүректерде жатталады. Ғасырдан ғасырларға аңыз болып, Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады. - Сол бір жылдары 500 - ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды. Солардың бірі де, бірегейі – жерлесіміз Қойгелді Аухадиев. Камила: - Ұлы Жеңіске ат салысуда тылдағы еңбекте апаларымыз бен аналарымыз, әкелерімізден кем түскен жоқ. Уақытпен санаспай, ыстыққа күйіп, суыққа тоңа жүріп, Ұлы Жеңіске өз үлестерін қосқан еді. Жауға атылған үш оқтың екуі Қазақстанда жасалғанды. Соғыс өрті қашанда халық есінде. ІІ. Негізгі бөлім Берік : Соғыс жылдарындағы ауылдың тынысы. Мұражай деректерімен толықтырады. Жакупов Мусахан атаның деректерімен таныстыру. Ернар: Соғыс жалмап аға - іні, бауырды, Зар жылатты тыныш жатқан ауылды. Бірақ біздер сіздердің арқаларыңызда, Көрген жоқпыз сол бір қырған дауылды. Жалғызынан айырыпты ананы, Әкесінен айырыпты баланы, Бірақ біздер сіздердің арқаларыңызда, Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы, Қан майданға шығарып сап ардағын, Қыз - келіншек түсірмепті салмағын. - Тыңдарман қауым, көкейлеріңізде қояр сауалдарыңыз болса әзірлеп, пікіралысуға белсене қатысып отырайық. А) Тыл ардагерлеріне арналған сауалдар: № 1 сұрақ: Сұрапыл соғыс жылдарындағы ауылдың тұрмыс тіршілігіне қысқаша тоқталып өтсеңіздер. №2 сұрақ: Соғыс жылдарындағы еңбек түрлерін атап өтсеңіздер. №3 сұрақ: «Қаралы қағаз» келгендегі ауылдың жағдай қандай болды? №4 сұрақ: Сол кездегі ауылда басқарма кім еді? Басқарманың іс - әрекеті туралы қысқаша түсінік берсеңіздер? № 5 сұрақ: Ең алғаш соғыс уақытында елге оралған жауынгерлер кімдер еді? Естеріңізде бар ма? № 6 сұрақ: «Соғыстың құны» сіздерше не? Соғыстың құны – кесілген білек, Соғыстың құны – тесілген жүрек, Соғыстың құны - лаулаған орман, Соғыстың құны – уланған арман, Соғыстың құны - өртенген аспан, Соғыстың құны - төгілген жас қан.... № 7 сұрақ: «Жеңіс» деген сөзді қандай жағдайда естідіңіздер? Сол уақыттағы көңіл - күйлеріңіз қандай болды екен? №8 сұрақ: Соғыс уақытында оқу – білім мәселесі қандай болды? Ұстаздар кімдер еді? №9 сұрақ: Бейбіт өмірдегі жас жеткіншектердің патриоттық, Отансүйгіштік қасиеттеріне көңілдеріңіз тола ма? Ә) Оқушылар тілегі: Камила Айдынқызы: Жас ұланбыз жаны жарқын, Қайтар - күш құрыш мығым. Тамылжыған жаны алтын, Қорғаймыз ел тыныштығын. Желбіреген жалауымыз, Ұлы Отанның ұланымыз. Бейбітшілік қалауымыз, Асқақтаған жыр - әніміз! - деп сіздерді мерекелеріңізбен құттықтауға бастауыш сыныптың оқушылары келіп тұр. Кезекті өлең шумақтарына берсек. Гулмира Ерікқызы: Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін, Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың, Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған, Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын. Дастан Асығатұлы: Жеңіс келді далама, Жеңіс келді қалама, Жеңіс келді әке боп, Елдегі бар балаға. Жеңіс келді ән болып, Келді ауылға сән - көрік, Жеңіс келді алақай, Тойып жейтін нан болып. Ән: «Ақ көгершін» Орындайтын: Жанарбеков Нұрым Б) Қонақ кәде айдары - Бүгінгі кешімізге арнайы шақырылған тағы қонақтарымыз бар. Ауылымыздың мәйегі – кітапхана, ендеше ортаға осы тақырыпты жалғастырып, өз ойларымен бөлісу үшін кітапханашы апайларымызды шақырсақ. В) Көрермендер сауалы (тыңдарман қауымның ішінен сауалдар, тілек айтамын деушілерді ортаға шақырамыз). Амина: Отан – Ана (зарлы үнмен) Жиырма миллион солдаттар жоқ тізімде, Жиырма миллион жұлдыз жоқ көк жүзінде. Олар қалды Сталинград биігінде, Курск иініде! Жиырма миллион бастарын тікті өлімге, Олар қалды теңіздің түптерінде, Алтын ошақ көре алмай мекендерін, Олар қалды жерінде шет елдердің. Олар қалды Освенциум түрмесінде, Олар қалды Берлиннің іргесінде. Жұтты соғыс оларды отты тілмен, Соғыс жүздерін көк түтінмен. Жиырма миллион Отанның солдаттары, Анттай бізге қасиетті болды аттары Ескерткішке батыр қыз, нар жігітке, Жиырма миллион от жақтық мәңгілікке! Мәңгілік отты Отан - ана жағады да, көпшілікке қарап тұрып: - Қасиетті Жер – Ананың төсінде бейбіт өмір, бейбіт еңбек жасасын! ІҮ. Қорытынды Алия Құсайынқызы: - Жиырма миллион азаматтардың ерлігіне тағзым ете отырып, құран бағыштасақ. - Ия, содан бері 70 бейбіт жыл артта қалып отыр. Бүгін сол Жеңіске қарумен, қаһармандықпен ат салысқан майдангерлерді еске алсақ, оны жанқиярлық еңбегімен жақындатқан тыл ардагерлері салтанатты кешіміздің қадірлі қонақтары. Құрметті тыл ардагерлері» Сіздерді Жеңіс мерекесімен шын жүректен тағы бір мәрте құттықтаймыз! Баршаңызға мықты денсаулық, молшылық пен бақыт, отбасыларыңызға игілік тілейміз. Ернар Ерлікұлы: Жас ұрпақ! Асыр сап, шырқайды ерлікті ән қылып, Небір заңғар таулар құлазып шөксе де, Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік. - Сталинград шайқасында опат болған мыңдаған жауынгерлердің денесі жерленген Мамай қорғанындағы ескерткіш ансамблінің кіре беріс оң жағындағы мрамор тақтаға жазылған өсиет сөзбен бүгінгі кездесуімізді аяқтасақ. - «Соғыста құрбан болғандардың жете алмаған жеріне Сен жетесің! Жер бетінде баянды бейбітшілік орнату – тірі адам сенің борышың! Саған қалған үлес сол – осыны өтесің, адамгершілік парыздан құтыласың, Отан міндетін, ана сүтін ақтағаның.» - Бүгінгі кездесуден естелік ретінде сіздерге «орамал - тон болмайды, жол болады»- деген салтпен апаларымызға көйлек кигізіп, Аталарымызға тәтті кәмпит қораптарын тарту етпекпіз. Сонымен бірге сіздермен ескерткішке фотоға түсіп қалсақ деп еді. | |
Просмотров: 1421 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|