Главная » Статьи » Великая Отечественная |
Ұлы жеңіске 70 жыл! Баданов Сқақ 1910 жылы бұрынғы Шевченко атындағы ұжымшарға қарасты Терістүбек ауылында дүниеге келген. (Арал ауданы, Қызылорда облысы). Ата – анасы қарапайым шаруа адамдар. Ұлы Октябрь революциясынан кейін ауылда ашылған мектепте 4 сыныптық білім алады. 1939 жылы Кеңес армиясы қатарына алынып, алғашқы Фин соғысына қатысады, одан Екінші дүние жүзілік соғыс басталып, неміс фашистеріне қарсы соғысқа қатысады. 1945 жылы 9 мамыр Ұлы Жеңістен кейін Қиыр Шығыстағы Жапон соғысына қатысып, ауылға аман- есен абыройлы жеңіспен оралады. Соғыста бірнеше рет жарақаттанады.Жаумен аянбай соғысып, соғыстағы ерлігі бағаланып, «Қызыл жұлдыз» орденімен және бірнеше медалдармен наградталады.(Германиядағы ерлігі үшін) Елге оралған соң еңбекке бірден араласып, сол кездегі Шевченко атындағы ұжымшарда егін егіп, егіс бригадирі болып еңбек еткен.Содан кейін ұжымшар Қуаңдария балық аулау базасы болып қайта құрылған кезде балықшы болып зейнетке шығады. Соғыстан алған жарақаты сыр беріп 1972 жылы 62 жасында ауыр науқастан қайтыс болады. Әйелі – Ұрқия, екеуі 7 бала тәрбиелеп өсірді.Қазір сол балаларынан бірнеше немере, шөберелері тарап өсіп- өніп жатыр. Атамыздың қабірі қазіргі Қаратерең елді мекенінде. Елге бейбітшілік заман орнатуға үлес қосқан атамызға біздер немере шөберелері басымызды иіп мақтан етеміз. Мен Сқақова Ләззат Өміржанқызы немересімін, үлкен ұлы Өміржанның қызымын.Атамыздың жарақаттанып қардың астында қалып орыс санитарканың құтқарып госпитальға апарғанын естігенде қатты қуандым атамның тірі қалғанына.Атамды құтқарған санитаркаға көп рахмет балалары немере шөберелерінен! Атамның інілері Баданов Рысжан, Баданов Рысалды соғыстан оралмаған. Орынтай ағамның айтуынша аталарымыздың біреуі пулеметчик болған Россияның бір ауылынан қара қағаз келген сол ауылға жерленген деп, бірақ қай жерде екенін білмейді Білетін үлкен кісілер қайтыс болған. Атамыз Сқақтың үш соғысқа қатысып бейбіт өмірді сыйлағанына куанамыз Марқұм әкем Өміржан «Ақ когершін» әнін жақсы көретін әндетіп айтып жүретін Жанарыма жас келеді әкемнің ақ көгершіні әні...Ақ көгершін аспанда қалықтап ұша берсін, бейбітшілік жасасын! Мақтанамыз ерлігіңе Атажан, Бас иеміз тағзым етіп өзіңе. Жалғастырып ерлігіңді ұрпағың, Ұмытпаймыз, есте ұстаймыз бәріміз! | |
Просмотров: 800 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|