Главная » Статьи » Великая Отечественная |
«Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра» Ардагермен кездесу кеш Мақсаты: Ұлы Отан Соғысы мен қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру, Ұлы Жеңісті дәріптеу, бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру. Оқушыларды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, оларға патриоттық тәрбие беру. Көрнекілігі: Кітап көрмесі: «Ұлы Отан Женіске 70 жыл», қазақстандық батырлардың суреті, ауданымыздағы ардагерлер туралы буклет. 1-жүргізуші: Жиырма жеті миллион қаза тапқан, соғыстың қанды алаңынан қайтып оралмағандарға арналады..... 2-жүргізуші: Славным ветеранам Великой Отечественной, выстоявшим, победившим, подарившим миру жизнь и счастье, посвящается... 1-жүргізуші: Өмірге қадам басқан ұрпақтарға арналады... «Рио-Рита» әуені ойнап тұрады. Би алаңында әдемі киінген жас адамдар билеп жүреді, олар сабырлы сөйлесіп, күлімдейді. Жүздерінде – алансыз қуаныш белгісі, көздерінде – бақытты жарқыл. Кенеттен әуен үзіліп, снаряд жарылып, әуе бомбалараның үнімен жалғасып кетті. Қыздар қорыққандарынан бастарын қолдарымен бүркейді, жігіттер олардың қоркыныштарын сейілтуге тырысып бағады. Барлығы жан-жаққа қаша жөнеледі. Сахна сыртында диктордың дауысы (хабарландыру): 22 июня, в 4 часа утра, без обьявления войны гитлеровская Германия вероломно нарушила границы Союза Советских Социалистических республик. /Репродуктор қасында шағын топ бұл хабарламаны бар ынтасымен тындап тұрды./ 2-жүргізуші: Прервалась мирная жизнь людей. Мечты, любовь, счастье – все опалил огонь жестокой, кровопролитной войны. Сахнада жаңа шақырылған жас жауынгерлерді шығарып салу көрінісі. Ақ көйлекті қыздар майданға аттанып бара жатқан жас солдаттарды құшақтап, жылап қоштасып шығарып салуда. Солдаттар сапқа турып, сахнадан өтеді. Лебедев-Кумачтың әні «Священная война» орындалуда. 1-жүргізуші: Осы Ұлы Отан Соғысында басқа республикалармен бірге ҚР-нан да аталарымыз бен ағаларымыз жан аямай шайқасты. Соғыс майдандарында 1 млн. 360 мың қазақстандық шайқасқа қатысты. Олардың 600 мыңы мерт болды. Оның ішінде 350 мың қазақ майданда қаза тапты немесе хабар-ошарсыз кетті. Қазақстандық 550-ден аса адам «Кеңес Одағының Батыры» атанып даңққа бөленді. Волокаламск тас жолын қорғаған қазақстандық жауынгерлер мен қолбасшы И.Панфилов, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин бар екенін бәрімізде білеміз. Осы сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Мәнщук Маметова мен Әлия Молдагулова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. 2-жүргізуші: Впереди у Алии и Манщук, как и у многих тысяч сверстниц, открывалась большая, счастливая жизнь. Маншук могла бы стать врачом: она училась в медицинском институте. Алие еще предстояло решить кем быть. Она восхищалась советскими летчиками и мечтала сесть за штурвал самолета. Могла бы стать инженером или учительницей... А стала солдатом. Как и Маншук. Пусть трудно говорить и тяжело вспоминать, но мы не должны забывать о тех, кто не вернулся с поля боя, кто отдал свою жизнь за Родину. Почтим память всех расстрелянных, зверски замученных, умерших от голода и погибших на полях сражений той страшной войны минутой молчания. (Метроном орындалуда) (ән «Темная ночь» орындалуда) Тахауи Ахтанов «Қаһарлы күндер» романынан (Окоп үстіндегі шайқас) көрініс: Көжек автоматын окоптың ернеуіне қойып, өзі жарға сүйеніп тұрады. Ержан:Гранаттарың барма? Көжек: Үлкенінен екеу бар. Бір қармануға жетер. Ержан: Қаза тапқан жігіттердің қаруын жинап ал. Керек болады. Көжек: Жарайды, Жолдас лейтенант, бізге көмек келмей ме екен? Тым қиын болып барады-ау. Ержан Көжектің бетіне азғана сынай қарап тұрды. Ержан: Білмеймін, бірақ бір адам қалғанша осы арадан шегінбеймін. Командирдің нығыздап айтқан сөзінен Көжек қысылып қалды. Көжек: Жоқ. әншейін сұрағаным ғой. Шыдармыз. Ана боздақтардан жанымыз артық па? Топырақ осы жерден бұйырса. Окоптың орта шеніне келгенде Ержан Земцовқа жолықты. Ол шинелінің бір жеңін шешіп окоптың ернеуіне мініп отыр. Қолын таңып жатқан Раушан екен. Ержанды көріп, Земцов еңсесін көтеріп алды. Земцов: Жараланып қалдым, жолдас лейтенант. Ержан: Сүйек аман ба? Земцов: Пустяки. Сүйек аман. Етімді жырып кетті. Раушан: Оқ бұлшық етті тесіп өткен. Санбадқа баруы керек. – деді Раушан марлінің ұшып байлап жатып. Земцов:Сен не, дейсің қыз? – деді Земцов ұнатпай.- Тек теріні сыдырыпкетті. Ұрыс біткенше амалдай тұрамын. Оң қолым сау ғой. Ержан Земцовқа қадала қарап тұрды: -Дегенмен самбатқа баруын керек болар. Земцов алғашқыда ұялшақ әдетімен көзін тайдырып кетіп еді, енді ол да аса байыпты, ауыр сабырмен Ержанға тіке қарады: - Мен осында қаламын. Жолдастарым осында қаза тапты ғой. Василий Сергеевич... Политрук айтты ғой... Ержанға әрбір солдат қымбат еді. Бірақ жалғыз қолды Земцовты мынадай ұрыста қалдыру ажалға байлаумен бірдей. Оны қинаған осы. Ержан: Сені қалдыруға хақым жоқ. – деді төмен қарап. Ержан әрі қарай бара жатып, артындағы аяқ тықырын есітіп бұрылғанда Раушанды көрді.:- Сен қазір взводына бар. Немістер енді атакаға шықпас. Раушан басын шайқайды.: Жоқ... мен бәрін түсінем жаңағы Земцовты көрдің ғой. Ержан: Ендеше, сақ бол. Бөрібай: - Политруктың денесін әкелдік – деп баяндады. Ержан селт етіп: Қайда? Бөрібай: Әнеки, окоптың ернеуінде. Сол жердегі шұқырға түсіреміз бе? Ержан Бөрібайға бұрылды:- Жауынгерлерге хабарла! Политрукпен қоштассын. Жұрт біртіндеп келе бастады. Әрқайсысы жәй басып жақындап келіп бас киімін алады. Мінекей басын таңып алған Вандаренко келді. Василидің қаза тапқанына сенбегендей жансыз бетіне үніле қарап тұрды, жаймен құлақшынан алды. «Қош бол жолдас» деп күбір етті. Көжек дауысы қалтырап: - Ер еді ғой. Топырағы торқа болсын. Ержан қарлыққан үнмен: - Қош бол, жолдас. Ержан содан кейін еңсесін көтеріп алып, окоп ішінде тізіліп тұрған азғана жауынгерлеріне тіке қарап. Әрқайсысын салмақтап сынағандай сәл үнсіз тұрды. Ержан қатты дауыстап: - Жолдастар! Біз жақсы достарымыздан айрылдық, олар асқан ерлік көрсетті. Міне, Василий Сергеевич жау танкісін өткізген жоқ. Жанын құрбан етті. Ол өз ерлігімен шегінетін жолды кесіп тастады. Бізді де ерлікке қарыздар етіп кетті. Шегінер жер жоқ. Артымызда Москва. Достарымыздың қасиетті қаны төгілген жерден бір қадам шегінбеске ант етеміз. 1-жүргізуші: Майданға 4608 бөрліліктер аттанып, соның ішінен 1824 қайтып оралмады. 1600 соғысқа қатысушылардың астамы орден және медальдармен марапатталды. Кеңес Одағының Батырлары Волков Ф.Г., Д.И.Панфилов,В.Ф.Тарасенко, Г.Г. Шевцов, Н.В.Черненко, ал толық Даңқ орденінің Кавалері А.Л. Ковалев болды. Тылда қалған кішкентай баладан бастап үлкендерге дейін соңғы ширақтықпен егін даласында, мал фермасында, темір жолдарында енбек етті. 2-жүргізуші: За годы войны труженники тыла внесли из личных средств в фонд обороны страны 107500 рублей деньгами, 115500 рублей облигациями, 5065 ц. зерна, скот, теплые вещи, продукты. Бурлинский район стал вторым домом для 10 тысяч эвакуированных и членов семей военнослужащих из Белоруссии, Украины, России и Прибалтики. Сегодня у нас в гостях ветеран Великой Отечественной войны: Коновалов Иван Евстигнеевич и мы предоставляем ему слово. Оқушылар ардагерлерғе сұрақтар қойды. 2-жүргізуші: Сегодня все цветы - вам, все улыбки – вам, все тепло весеннего солнца вам! Вам, отстоявшим, защитившим, не согнувшимся, смерть одолевшим! И песня эта вам! (ән « Катюша» орындалуда) 1-жүргізуші : Директордың тәрбие ісі жөнінднгі орынбасары Беркина Гульнара Мильятовна сөз беріледі. 1-жүргізуші: Жеңіс күні – достық пен бірлікті жырлайтын, халықтың ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Міне, осы жылы жеңістің 70 жылын тойлағалы отырмыз. Ешқашан елімізде соғыс өрті болмасын! Соғыс адамзат жүрегіне өшпес жара салды. Елімізге зор ауыртпалықтар әкелген соғыстың зардабы тимеген бірде-бір шаңырақ жоқ десе де болады.қан майданда қазақ халқы талай боздақтарынан айырылды. Әкелеріміз бен ағаларымыз толарсақтан саз кешіп, жан-кешті қаһармандығымен басқа ұлттардың алдында өздерінің ерлігін көрсете білді. Ерліқ ұмытылмайды, жеңіс мерекесінде біз бүгінгі ұрпақ өкілдері кешегі қан майданда қаза тапқан батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Бұл айнымас дәстүрге айналған. 2-жүргізуші: Все мирные силы планеты никогда не забудут фашисткого варварства. И сейчас, в 70 годовщину славной Победы над фашизмом мы отчетливо понимаем: уроки войны забыть нельзя! Нельзя допустить развязывания новой войны и пусть больше никогда мир не будет объят пламенем войны! День Победы! Этого праздника ждали 1448 дней. Каждый год в эти майские дни наш народ вспоминает грозные годы войны, чтит память павших, клянется живым. Хотелось бы , чтобы каждый из вас не забывал, какой ценой завоевана Победа. Хор « День Победы» орындалуда | |
Просмотров: 1313 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|