Главная » Статьи » Великая Отечественная |
Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да биыл 70 жыл толды. Бұл - сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл – біздің ең қасиетті де қастерлі мерекеміз . Сіз бен біздің бейбіт өмірімізге жолдама алып берген ардақты ардагерлерімізге қалай құрмет көрсетсек те көптік етпейтіні анық. Сондай игі істердің бірі қаламыздағы «№1 мектеп-гимназиясы» КММ-де өтті.Үстіміздегі жылдың сәуір айында ардагерлерімізді ұлықтау мақсатында тарих пәнінің мұғалімі М. Сүйіншалинаның , информатика пәнінің мұғалімі Л. Туралинаның және қазақ тілі мен әдебиті пәнінің мұғалімі Г. Мусинаның ұйымдастыруымен аудан көлемінде «Ұлы жеңістің Шалқарлық қаһармандары» атты арнайы жоба өткізілді. Ұстаздар жобаны ұйымдастыру барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразбай Әділбаевпен , жеңістің 70 жылдығын бізбен бірге қарсы алғалы отырған ардагерлерімізбен және олардың ұрпақтарымен , Аудандық Қорғаныс істері әскери бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп, сұхбаттасуға ,шалқарлық ардагерлер туралы мәліметтер жинақтауға мүмкіндік алды. Жоба басында келер ұрпағының бейбіт өмірі үшін өз өмірлерін құрбан еткен ұлтымыздың батыр ұлдары мен қыздарының рухына арнап «1 минут үнсіздік» жарияланды. Арнайы жобаға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразбай Әділбаев,Аудандық Қорғаныс істері әскери бөлімінің бастығы Қаби Елубайұлы Сыбаев , аудан прокурорының көмекшісі Айнұр Досмұрзаева ,ҰОС-ның ардагері Тақай Шудабай , ҰОС-ның ардагері Көрпебай Наржановтың қызы Бөпей Наржанқызы Көрпебаева, Тыл ардагері Бибіжамал Жақсымбетова ,ҰОС-ның ардагері Югославияның халық азаттық соғысына қатысқан, ЮСФР- ның «Халық алдында сіңірген еңбегі үшін» орденімен- Күміс жұлдызбен, дипломмен наградталған даңқты партизан Төлтай Шановтың қызы Майра Төлтайқызы Үмбеталина, ҰОС-ның ардагері, белгілі 101-атқыштар бригадасының жауынгері Сағынай Жайымовтың қызы Назымгүл Сағынайқызы Жайымова , ҰОС-ның ардагерлері, ерлі-зайыпты Айыш, Сағынтай Жанұзақовтардың қызы Алма Сағынтайқызы Жанұзақова, ҰОС-ның ардагері , белгілі партизан жазушы Ә.Шәріповтың «Партизан қызы » шығармасының басты кейіпкеріне айналған Әбдіғали Төлегеновтың келіні Райгүл Төлегенова қатысып, өз әңгімелерімен оқушыларға ерекше әсер қалдырды. Оразбай ағай Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай аудан көлемінде әзірленіп жатқан шараларға кеңінен тоқталып, соғысқа қатысқан шалқарлық ардагерлер туралы жаңа кітаптың баспаға әзірленіп жатқандығы туралы хабарлап ,тыңдармандарды бір қуантып тастады. Аудандық Қорғаныс істері әскери бөлімінің бастығы Қаби Елубайұлы Сыбаев майданға шақырылғандар ,олардың ішінде елге аман-есен оралғандар мен сүйегі жат жерде қалған боздақтарымыздың саны туралы мәліметтер келтірсе, Аудандық прокуратура өкілі А.Досмұрзаева белгілі прокурор ,ҰОС-ның ардагері,жерлесіміз Ө.Сейітов туралы баяндама жасады. Ал соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен құрметті ардагеріміз Тақай Шудабай атамыздың жас ұрпаққа айтқан өнегелі әңгімесі оқушыларды бей-жай қалдырмағаны анық.Ардагер атамыз шамалы күнде елордамыз Астанаға Жеңіс шеруіне жүргелі отырғандығын ерекше мақтанышпен жеткізген болатын.Жобаға қатысушылар атамыздың қуанышына ортақтасып,сапарына ақжол тіледі. Осы кешке денсаулығына байланысты келе алмай қалған ардагер Жұмабаев Таңжарық атамыздың да ұжым мүшелері мен мектеп оқушыларына деген ақ тілегін арнайы жазып алынған сұхбаты арқылы тыңдармандарына жеткізіп, атамыздың ақ батасын алдық. Сондай-ақ, тыл еңбеккерлерінің де Ұлы Жеңіске қосқан үлесі ұшан-теңіз екені белгілі.Сондай ерліктің иесі Бибіжамал Жақсымбетова әжеміздің әңгімесі оқушыларға ешбір қиындыққа мойымай ,төзімділікпен еңбектену керектігін ұқтырғандай еді. Ал ардагерлеріміздің ұрпақтарының әке ерлігі туралы айтары мол болары заңдылық. Себебі олар әке ерлігімен мақтанады және қандай мақтанышқа да лайық жандар екенін мойындаймыз. Ауданнан майданға аттанған 121 қыздың бірі Айыш апайдың қызы Алма апа ата-анасына көрсетілген құрметке риза болып, көзіне еріксіз жас алды . Кеш соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Көбенов келген қонақтарға уақыт тауып келгендеріне рахмет айтып ,ұзақ ғұмыр ,денсаулық, отбасыларына амандық ,бейбіт өмір тілеп, өз ризашылығын білдірді. Қонақтарымыз да өз тараптарынан ұжымға ,ұйымдастырушыларға өз алғыстарын айтып , өз Отанына адал ұл-қыздарымызды тәрбиелеп шығара беруімізге тілектестіктерін жеткізді. Қонақтарға ұжым мүшелерінің атынан шағын сыйлықтар таратылып, естелікке суретке түсірілді. «№1 мектеп-гимназиясы» КММ тарих пәні мұғалімі Мейрамгүл Сүйіншалина «Меркас» бастауыш партия ұйымының мүшесі | |
Просмотров: 1048 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|