Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Великая Отечественная

Барлаушы Малаев
Барлаушы Малаев
Бүгінде ТМД елдері Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесін лайықты түрде қарсы алуға қызу дайындалып жатыр.
Мен де сол дайындыққа өзімше үлес қосу үшін осы мақаламды жаза отырып, сол отты қырғыннан елге аман оралғанмен, бүгінде ортамызда жоқ, қазақтың асыл туған ерлерінің бірінің есімін ұмытпай, азат еліміздің жас жеткіншектеріне жеткізуді мақсат тұттым.
2005 жылы жұмыс бабымен Теректі ауданы, Ұзынкөл ауылына көшіп келдім. Әрине, жаңа орта, жаңа ұжымға келгендіктен көңілімде «Осы қалай болар екен?» деген сұрақтың мазалағанын жасырмаймын. Бірақ келген бойда көрші үйдегі Нәзипа әжеміз бірден өз баласындай бауырына тартып, ойымдағы күдіктің бәрін сейілтіп жіберді. Қащан көрсем де мерзімді қазақ басылымдарын қолына алып, мақалаларды көзәйнексіз оқып отыратын әжеміз балалары мен немерелеріне тәрбиелік мәні бар көрген-білгенін, ойға түйгенін үнемі әңгімелеп отырады. Ақ жаулықты Нәзипа анамыздың асыл жары, абзал азаматы Ихсан атаның Ұлы Отан соғысына бастан – аяқ қатысып, артта қалған елдің амандығы үшін кеудесін оққа төсегенін білдім. Өзім мектепте тарихшы ұстаз болғандықтан, оқушыларды патриоттық сезімге, ерлік істерге, батылдыққа тәрбиелеу мақсатында олардың ауылынан шыққан майдангер аталарын адамдық қасиеттердің жоғарғы символы ретінде әңгімелеп, үлгі етіп отырамын.
Малаев Ихсан 1920 жылы қазіргі теректі ауданы, талпын ауылында дүниеге келген. Балалық шағы сол кездердегі бүкіл қазақ халқына ауыр зұлмат болып тиген, 2,1 млн. Адам қырылған аштық жылдарымен тұспа-тұс келеді. 1939 жылы қызыл әскер қатарына алынып, Отан алдындағы қасиетті борышын өтеп жүрген кезде соғыс басталады. Жастайынан жұмысқа пісіп, шыныққан, қиын-қыстау күндерде өзінің ерекше қабілеттерінмен көзге түскен Ихсанды барлаушылар бөліміне алады. 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысына қатысқан Ихсан ата Кеңес Одағының жерін түгел жаудан тазартқаннан кейін, Польша, Югословия мемлекеттерін азат ету үшін шайқасып, Жеңіс күнін Берлинде қарсы алады.
Қан майданда көрсеткен ерліктері үшін Ихсан Малаев екі мәрте Қызыл Жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін», «Ұрыстағы батылдығы үшін» медальдарымен марапатталды.
Соғыс аяқталған соң атамыз әскери міндетін атқаруды одан әрі жалғастырып, елге тек 1947 жылы ғана оралған. Ұзынкөл ауылында ұста болып жұмысқа орналасып, бейбіт өмірдің қымқуыт тірлігіне кіріседі. Көп ұзамай Нәзипамен көңіл жарастырып, шаңырақ көтеріп, отау тікті. Екеуі өмірге 3 ұл, 4 қыз әкеліп, тәрбиелеп өсірді. Ананың ақ сүті, әкенің аялы алақаны арқасында ұл-қыздары аман-сау жетіліп, әр салада білім алып, бүгіндже өздері де ата-әже атанды. Балалық шақтағы қиын күндер мен соғыс жылдарының зардаптары әсерінен Ихсан атай 1980 жылы өмірден озды.
Бір ерекшелігі, Ихсан атай соғыста болып, ел қорғағанын, сол үшін жоғары марапаттарға ие болғанын жиі әңгімелеп, айта бермепті. Ел басына күн туғанда қолына қару алып, жауына қарсы аттану р азаматтың қасиетті борышы деп біліпті. Жора-жолдастарының қолқалауымен айтып берген отты жылдардағы естеліктерінің бірі төмендегідеі өрбиді. Біздің әскерлер кезекті үлкен шабуылға дайындалады. Жауынгерлерге жаумен екі ортаны бөліп жатқан өзен үстінен көпір салуға тапсырма беріледі. Алайда көпір салу аяқталуға жакқындағанда кенеттен әуеде неміс ұшақтары пайда болып, бомба жаудырып, көпірді қиратып кетеді. Барлаушылар тобына әлгі ұшақтар ұшып-қонатын аэродромды табуға шұғыл бұйрық беріледі. Бес адамнан құрылған жауынгерлік топ барлық құжаттарын тапсырып, жау тылына аттанады. Фашист басқыншыларының шебінен жасырын өткен барлаушылар аэродром орналасуы мүмкін деген аймақта тұрған деревняға жақын келеді. Топ басшысы Ихсанды тосқауылға қалдырып, өздері деревняға қарай еңбектей жөнелді. Біраз уақыттан кейін ол бағыттан атылған автомат дауытары естіледі. Барлаушыларды жау жағы байқап қойып, жігіттердің саны көп дұшпанмен өмір мен өлім үшін ұрысқа түскені белгілі болды. Келісілген уақытта бірде-бір жолдасының кері оралмауы олардың барлығының оққа ұшқанын білдірген еді. Талай от пен оқты бірге кешкен қанды көйлек достарының кегі үшін, берілген тапсырманы қалайда орындау үшін Малаев Ихсан жалғыз өзі әрекет істеуге бел байлады. Сол жерге бір-екі күндей шолу жасаған ол ақырында күзетте тұрған жау әскерін байқайды. Ақырын бұқпантайлап келіп біреуін талдырып құлатып, аяқ-қолын байлап, аузын тығындап, кері қарай сүйрей жөнелді. Ихсан атай осы операцияны әңгімелегенде «Өзі бір ірі денелі неміс екен, өзімізге жеткізгенше арқалап, өте қатты қиналдым және қазақтың кең даласында өскен адамға қалың орман ішінен жол тауып жету де қиыншылық келтірді. Ондайын білгенде шағындау, кішірегін таңдап алатын едім» - деп әзіл қосып, тыңдаушыларын күлдіріп те қояды екен.
Кейін жауап ала келгенде, әкелінген «тіл» соғыс жылдарында ерекше қатыгездігімен аты шыққан нацистік СС бөлімдерінің солдаты болып, шығып, орманда жасырылған құпия аэродром туралы аса бағалы мәліметтер береді. Біздің бомбалаушы ұшақтар қауіпті нысаны дер кезінде жойып, ержүрек Ихсанның арқасында көптеген тапсырма орындалады. Осы көрсеткен ерлігі үшін қызыл әскер Ихсан Малаев Қызыл Жұлдыз орденін кеудесіне тақты.
Күні ертең 74 жыл толғалы отырған Ұлы Жеңіске қазақтың қайсар ұлы Ихсан Малаев та осылай үлес қосқанын кейінгі ұрпақтың біле жүргені абзал.

Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Ұзынкөл ауылы
Ұзынкөл ЖОББ мектебінің тарих пәні мұғалімі
Тулеуов Мустафа Таубагулович
Категория: Великая Отечественная | Добавил: aura6677 (2019-04-22) | Автор: Тулеуов Мустафа Таубагулович E
Просмотров: 567 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 11:40 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru