Главная » Статьи » Наш календарь |
Оразаева Гульнар Абдахметовна, Семей қаласындағы «№ 25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, кітапхана меңгерушісі ЭКСПО-2017 .ТЫҢ ЖЕТІСТІКТЕР ЖОЛЫ ЭКСПО бірігей көрмесі. Дүниежүзілік көрме (ағылш. World's fair) немесе Экспо (Expo) индустрияландырудың нышаны және техникалық, технологиялық табыстарды көрсету үшiн ашық алаң болып табылатын халықаралық көрме. Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі. Олар көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Дүниежүзілік көрмелер әр-түрлі елдерде тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттармен біріккен адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды. Қазірдің өзінде 63 көрме өткізілді. Астана ЭКСПО-2017.Тың жетістіктер жолы.EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына жеке кепілдік берді. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. Сондықтан, Астана ЭКСПО 2017 көрмесі тәрізді оқиға үшін тұрақты дамуға бағытталған барынша орынды және тиімді шаралар кешенін қолдау мақсатында БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ мүмкіндіктеріне қатысты мәселелерді қарастыру заңдылық қана емес, сонымен қатар аса қажетті болып отыр. Астана ЭКСПО 2017 көрмесі бізге біздің денсаулығымыз бен қоршаған орта қауіпсіздігін қамтумен қатар экономикалық және әлеуметтік дамуды тездетуге қатысты адамзат алдындағы міндеттер мен мәселелерді ескере отырып, қуат тасымалдаушыларына жалпы, жаһандық көзқараспен қарауға көмектеседі. Осы міндеттер мен мәселелердің сәтті шешімін табу көптеген факторларға, оның ішінде біздің әрқайсымыздың жеке қатысуымызға да байланысты болмақ. | |
Просмотров: 1241 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|