Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа: взгляд сквозь годы

Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға

Дүние жүзіндегі бар ізгілік білімнен алынары сөзсіз, ал біліммен болашаққа қадам жасауға бағыт-бағдар сілтеп, бала бойындағы ерекше қабілеттерді, дарынды аша біліп, дұрыс жолға бағыт сілтейтін ол - ұстаз. Ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та¬бандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жа¬ңа¬шылдықтың бастаушысы, жү¬ре¬гі – жылы, көңілі – дарқан адам.Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адам¬ның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі.
Мен ұстаздықтың ауыр жү¬гін арқалауды өз жүрегімнің қа¬лауымен таңдадым. Ұстаз болсам деген арман мектеп қабырғасынан бастау алған еді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы деп білемін. Мұғалім- өз кәсібін, өз пәнін құрметтеп, өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасап, шексіз сүйе білуі керек. Сонда ғана шәкірт құрметіне бөленесіз. Осы тұста Абайдың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Өйткені, біздің еңбегіміз біріншіден, қоғам тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беру болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен тығыз қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына жол салу деп білемін.
Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған өзекті мәселе – жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады”, -деген. Ендеше мектептің барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі –ұстаз болмақ. Ал,ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек.
ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Білімді ұрпақ тәрбиелеу мұғалімнің еңбегі. Бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. Қазіргі таңда оқушы бұрынғыдай мұғалім берген білімді қабылдаушы емес, өзі де білім алу үрдісіне белсене араласады. Ал мұғалім оқушының білім алуына жағдай туғызушы. Мұғалім еңбегінің түпкі нәтижесі өмірге жан – жақты бейімделген оқушы тұлғасын тәрбиелеп шығару. Ш.Құдайбердіұлының «Адамның өсуіне үш сала негіз болады, олар: адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек» деген пікірі біздерге яғни мұғалімдер қауымына айтылған сияқты.
Өзін сыйлайтын әрбір ұстаз өзінің баланың алдындағы беделін, құзырлылығын сақтау үшін, ешуақытта сабаққа дайындалмай оқушының алдына келмеуі керек. Өзінен көп білетін,сабақты түрлендіріп өткізетін,үнемі жаңалыққа жаны құмар ұстаздың сабағына оқушының қызығушылығы болмауы мүмкін емес жағдай. Сол себепті де әр сабағыма мұқият дайындалып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға тырысамын. Өзіме мен қандай ұстазбын, мен шәкірттеріме не бере аламын, осы уақытқа дейін не үйреттім деген сұрақты өзіме жиі қоямын. Алдыма қойған мақсатым да кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол, оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын, шабыттандыратын ұстаз болу. Қазақ тілін оқыту – қиын да қызық жұмыс. Орыс мектептерінде өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты- оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрлысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету. Қазіргі заманда, мемлекеттік тілге деген талап өсті. Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану- бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі Жолдауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәр¬тебесін көтеру мәселесіне тоқтал¬май өткен емес. Елбасымыздың жолдауларын басшылыққа ала отырып шығармашылықпен жұмыс істеу, өзімнің бар білімім мен күш-жігерімді жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге арнап,оқушыларды білім нәрімен сусындату менің ұстаз ретіндегі міндетім. Оқушыларым да жыл сайын қалалық түрлі байқаулар мен жобаларға қатынасып жеңімпаз болып мерейімді көтере түсуде. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» демекші қабілетті балалармен уақытпен санаспай еңбек етіп, шығармашылықтарын ұштай түсуге тырысамын. Оқушыларымның жетістіктерін көргенде еңбегім жанғандай болып, жаңа бір шығармашылық құлшыныс пайда болады. Қазіргідей ғылым мен техниканың дамыған заманында оқытудың озық технологияларын таңдап, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып жұмыс жүргізуге тырысамын. Атап айтсам Л.Занковтың дамыта отырып оқыту, Пассовтың коммуникативті технологиясы, сондай-ақ ойната отырып оқыту, саралап оқыту, ақпаратты оқыту технологияларын қолданамын. Менің ойымша, қандай технологиямен жұмыс жүргізсең де ең алдымен баланың жүрегіне жол тауып, сол арқылы пәнге деген қызығушылықты ояту арқылы жетістіктерге қол жеткізуге болады...
Біздің қоғамымызды ұстаздар қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес. Еліміздегі барлық атқырылып жатқан іс-шаралар, қоғамдық жұмыстарға да ұстаздар қауымы аянбай ат салысады. Ендеше адам, тіпті қоғам өміріндегі орны зор осы мамандықтың иесі болуды қалай мақтан етпеске ?!
Категория: Школа: взгляд сквозь годы | Добавил: narovaasel (2014-10-07) | Автор: Нарова Асель Нуртаевна E
Просмотров: 3197 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 3:11 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru