Главная » Статьи » Школа: взгляд сквозь годы |
Жас ұрпақ – жаңа технологияның көзі. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде біздің елімізде оқушыларды дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың бөлінбес бір бөлігі мектептегі бүкіл оқу жылдар бойында жүзеге асырса дұрыс болатындығын атап көрсетті. Қазіргі заманға сай, технологияның жаңаруына байланысты білім саласында жаңа компьютерлік технологияны қолдану, барлығына түбегейлі өзгеріс әкелді. Бүкіл дүниежүзілік қарым - қатынас, басқа мемлекеттерден білім алу, салыстырмалы тұрғыда жаңару, шет елдік мамандармен байланыс жасау, қарым – қатынастың түрлі жолдары жаңа компьютерлік технологияның саласында болып жатқан жағдай екендігі сөзсіз. Жиырма бірінші ғасыр қоғам дамуының түбегейлі жақсаруына негізделіп жасалған технология – компьютер. Нарықтық экономикаға көшуіміз, кез келген адамзаттың осы күні кәсіби жұмысты жаңа компьютерлік технологиямен басқарады. Осыдан келіп, қоғам мүмкіндіктеріне, оның мүдделері мен ұмтылыстарына баса назар аудару, еңбекке баулу мәселесін жаңа талап тұрғысынан шешу, оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа компьютерлік технология – адам өмірінің әр түрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерінің көзі. Компьютердің адамзат әрекетінің барлық салаларында, өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, саудада, қаржы аумағында, медицинада кең қолданылуын, яғни технологиялық, практикалық аспектісінің маңыздылығын білеміз. Бүгінгі таңда, сапалы білім алуға қол жеткізу мүмкіндігі Қазақстандағы қала мен ауыл жастарына бірдей берілгендігі барлық халыққа аян. Қазақстан Республикасы халқының ақпараттық теңсіздігін төмендету бағдарламасы Қазақстан Республикасында «электронды үкімет» қалыптастыру мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстанда компьтерлік технологиялар саласында сауатты халықтың үлесін арттырудан тұрады. Осы үшін халықтың әртүрлі жіктерінің компьютерлік сауаттылығын арттыруға бағытталған халықты компьютерлік сауаттылыққа үйрету орталықтарының желілері құрылды. Әрбір дәмелі адам өзінің тұрғылықты орны бойынша осындай орталықтарға барып, ол жерде тегін оқу курсынан өтіп, курс аяқталуы бойынша сәйкес сертификаттар алуына мүмкіндік туды. Жастар – елдің болашағы. Ертеңгі күннің жарқындығы, сәулелі болуы соларға байланысты. Аға ұрпақ өмірден озады. Олардың орнын бүгінгі Тәуелсіздіктің бел балалары басатын болады. Себебі, қазіргі таңда жас ұрпақ жаңа компьютерлік технология арқылы қажетті мәліметтерді таба алады, алысқа хабарды интернет, ұялы телефон арқылы жібере алады. Кез келген жобаны да, түрлі үлгідегі суреттерді де компьютер арқылы халыққа көрсете алады. Бұл жастардың осы уақыт бойы жаңа саладағы жаңа технологияның жаңа үлгілерін аз уақыт ішінде меңгеріп, жетістіктерге жету жолдарының жоғарғы сапасы. Сондықтанда, жастар өсе берсін, өркендей берсін. Жаңа технологияны қолдану барысында ең әуелі алдыңа қойған мақсатың болу керек. Айталық, қандай болмасын бір мәселе туралы ақпарат білгіңіз келеді екен. Ол ақпараттың негізгі мағынасы, мазмұны, қандай тақырыпқа жатуы мүмкін екенін анықтағаннан соң барып «ізденіс» желісінен нақтылы жауапты қарайсыз. Бірақ бұл да жеткіліксіз, өйткені сізге неғұрлым толық хабар қажет? Желілерді әрі қарай жылжытып отырып анығырақ, толығырақ ақпарат табуды көздейсіз. Мұның бәрі көп төзімділікті, тиянақтылықты талап ететін еңбек. «Әйтеуір бір жауап болса жарайды» дейтін ой мәселені жан – жақты зерттеуден алыстатып, өте қысқа, таяз, кейде жалпыға түсініксіз, терең білімнің бетінде ғана қалқып жүретін жеңіл жауап болуы мүмкін. «Ізденіс» желісіне шыққан зерттеуші неғұрлым тереңірек үңілумен айналысуы керек. Сонда ғана нағыз заманауи зерттеуші болу қолдан келеді. Ал, компьютер, ғаламтор жеңіл таныстық пен еңбек талап етпейтін еріншектік табысқа жұмсалса ол тәртіпшіліктің, ереженің бұзылуы, ондайдың желісі де өзіне лайық, «оңай олжа», «есердің ермегі» екенін ұмытпаған жөн. Компьютер алдындағы еңбек – ақын Қадір Мырза Әли айтқандай: «Талантың тасып жатса да еңбектің керек көкесі» деген сипаттамадағыдай бар зейініңді қажет ететін құбылыс. Бір қате кетсе қайта оралып, жаңадан бастауға тура келеді. Бұл компьютерді қолданудың ең қарапайым түсініктері. Ғылым мен техниканың жемісін заманауи, парасатты тұлға ретінде қолданғанымыз дұрыс, пайдасын да сонда ғана көреміз. Болмаса зиялы қауым атауымыз бос сөзбұйда болып қала берері хақ. Қарадай затымыздың қасиетін кетіріп жеңілтектікке жұмсасақ, XXI ғасырдың саналы азаматы емес, көзіне көрінгеннің барлығын тек бас пайдасы мен құлқынына тұтушылық қай заманда, ерте ғасырлардан келе жатқан сауатсыздықтың қылығы болатыны айдан анық... Компьютерлік сауаттылыққа талпынған замандастарым мен шәкірттеріме айтар ойым осы... Ғ.Мұстафин атындағы №83 ЖББОМ информатика және технология мұғалімі Қуат Айнұр Серікжанқызы | |
Просмотров: 997 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|