Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа: взгляд сквозь годы

Алкиндер, алкиндердің гомологтық қатары, жалпы формуласы, ацетилен мен басқа алкиндердің молекула құрылысы. sp гибридтену. Ацетилен кө
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
«№ 4 орта мектебі»мм
Химия пәнінің мұғалімі Сайлау Айсұлу Бексұлтанқызы

Сабақ жоспары
Класс: 11
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Алкиндер, алкиндердің гомологтық қатары, жалпы формуласы, ацетилен мен басқа алкиндердің молекула құрылысы. sp гибридтену. Ацетилен көмірсутектерінің аталуы мен изомерленуі
Сабақтың мақсаты:
біліктілік: Оқушылардың ацетиленнің құрылысы ,алынуы,алкиндердің қасиеттері , туралы білімдерін қалыптастыру;
дамытушылық: алкиндердің атомының құрылысының ерекшеліктері және химиялық қасиеттері,алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыра білу біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру Изомерлердің, гомологтардың формуласын құрастыру,есеп шығара білу біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру, көңіл аудару ,еске сақтау қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік: сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап,баяндау, оқулықпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың формалары: жеке, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың тегі: жаңа материалды игерту сабағы, жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру, бұл сабақта нені біліп шығатыны туралы айтып, оқушы зейінін сабаққа аударамын.
Ұстаз ұстанымы: сабақта барлық оқушылардың қамтылуы.
Оқушы ұстанымы: ынта,жігер,шынайылық.
Сабақжоспары:
1.Ұйымдастыру
Жаңа сабақ
Пысықтау
4.Үйгетапсырма
5.Бағалау
6.Қорытындылау
Сабақтыңбарысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу
Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл аудару.
Кезекші мәлімдемесін тыңдау.
Журнал бойынша түгелдеу.
Оқу құралдарын түгелдеу.
Тәртіпке шақырып, оқушылардың сабақ бастауға көңілкүйі, оқушыназарынсабаққатолықаудару.
7.Сабаққа белсенді қатысуды, бір-бірінің жауабын тыңдауды ескерту.
Жаңа сабаққа дайындық.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Сабақ жоспарымен таныстыру.
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
Бұл кластың атауынан молекулада үш еселі байланысы бар екені белгілі. Қанықпаған көмірсутектердің тағы бір түрімен танысайық. Олар құрамында үш еселі байланысы бар көмірсутектер- алкиндер.
Алкиндер- құрамында бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы C_n H_(2n-2) болатын қанықпаған көмірсутектер.
Жалпы формуласы арқылы алкиндердің сәйкес алкендерден де қанықпағандығы басым екенін байқауға болады.
Бұған көз жеткізу үшін көміртек сандары бірдей көмірсутектердегі сутектерді салыстырайық:
C2H6 этан C2H4 этен C2H2 этин
Алкиндердің жалпы формуласы алкадиенкөмірсутектер мен бірдей:С_n H_(2n-2).
Бірақ молекула құрамындағы байланыстары өзгеше. Анықтамаларына қарап, алкадиендер мен алкиндерді салыстырсақ, қандай айырмашылықтары бар екені молекулалық және құрылымдық формуларынан көрінеді .
Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек – этин С_2 Н_2. Бірінші мүшесі ацетиленнен басталатындықтан, алкиндер ацетилен көмірсутектері деп аталады.
Алкиндердің құрылысы.
Алкиндердің құрылыстарымен бірінші мүшесі ацетиленнің мысалында танысайық. Ацетилен молекуласының құрылысы төмендегі формулалар арқылы бейнелеуге болады:
H:C:: C:H H-C≡C-H
Ацетиленнің Ацетиленнің құрылымдық
Электрондық формуласы формуласы
Немесе ықшамдап HC≡CH деп жазуға болады.
Ацетилен молекуласындағы әр көміртек атомы бір сутек атомымен байланысады және өзара үш еселі байланыс арқылы жалғасады.
Алкиндерде үш байланыс жанындағы көміртек атомы sp – гибридтенген күйде болады. Көміректің екі гибридтенген орбитальдарының біреуі сутек атомы s орбиталімен келесі екіншісі көміртек атомының sp гибридтенген орбиталімен σ байланыстар түзуге жұмсалады да, ацетилен молекуласындағы атомдардың бәрі 180 бұрыш жасап, бір түзудің бойында орналасады. Гибридтенуге қатыспаған екі р орбитальдары өзара перпендикуляр жазықтарда орналасып, екінші көміртек атомының осындай орбитальдармен арасында екі π байланыс түзіледі.
Яғни ацетилен молекуласындағы екі көміртек атомының арасында үш байланыстың біреуі σ - , екеуі π байланыстан тұрады. Үш байланыстың (С ≡ С) ұзындығы 0,120 нм, байланыс энергиясы 830 кДж/моль.

Алкиндердің атаулары мен изомерлері.
Алкиндердің аталуы алкендердің аталуына ұқсас. Халықаралық номенклатура бойынша алкиндерді атағанда, алкандардың –ан жұрнағын –ин жұрнағына алмастырады. Үш байланыс негізгі тізбекке кіру керек. Көміртектерді еселі байланыс жақын орналасқан шеттен бастап нөмірлейді. Молекулада қос және үш байланыста болса, нөмірлегенде қос байланыс шешуші рөл атқарады.
Мысалы:
HC≡C-CH2-CH3 CH3-C≡C- CH2-CH3 HC≡C-CH2-C=CH2
Бутин-1 пентин-2
CH3
2-метилпентен-1-ин-4
Алкиндердің радикалдары басқа көмірсутектердің радикалдарына ұқсас аталады:
H-C≡C -этинил
Алкиндерге де алкендер тәрізді көміртек қаңқасына, еселі байланыс орнынасәйкес изомерлер тән. Сонымен қатар, алкиндердің де көмірсутектердің басқа кластарын аизомері болады. Алкиндер мен жалпы формулалары бірдей алкадиендер арасында класаралық изомерлер бар. Пентиннің С5Н8изомерлері:
HC≡C-CH2-CH2-CH3 HC≡C-CH- CH3

CH3
3-метилбутин-1
CH3-C≡C- CH2-CH3 CH2=CH-CH=CH-CH3
пентин-2 пентадиен-1,3

Алкиндердіңалынуы.
Өнеркәсіпте ацетиленді көп кездесетін химиялық шикізат – табиғи газданалады. Метанды пиролиздесе, ол көміртек пен сутекке айырылатынын білесіңдер. Реакцияны жүргізу жағдайына байланысты метанды айырғанда, ацетилен аралық өнім ретінде түзіледі:
2CH4→C2H2+3H2 Егертүзілген ацетиленді реакция жүретін ортадан тез алып кетіп салқындатпаса, ол әрі қарай көміртек пен сутекке айырылып кетеді.
Алкиндерді сәйкес алкандарды дегидрлеп алуға болады. Мысалы, этанды 1200 градусқа дейін қыздырғанда, ацетилен мен сутекке айырылады: C2H6 →C2H2+2H2
Лабораторияда және күнделікті тұрмыста ацетиленді кальций карбидін сумен әрекеттестіріп алады. Ал кальций карбидін электрпеште сөндірілмеген әк пен коксті жоғары температурада әрекеттестіру арқылы алады:
CaO+3C→CaC2+CO
CaC2+2H2O→Ca (OH)2+C2H2
Пысықтау
№1 тапсырма
Мына қосылыстардың : А) 3-метилпентин-1; Ә) 4-метилгексин-2-нің құрылымдық формулаларын жазыңыздар.

Үйгетапсырма. §2.10
Бағалау.
Оқушыларды сабаққа қатысымына қарай бағалау.
- Сабақ аяқталды.
- Сау болыңыздар!
Категория: Школа: взгляд сквозь годы | Добавил: Айару9167 (2016-01-04) | Автор: Айсұлу E
Просмотров: 4877 | Теги: Бексұлтанқызы, Cайлау | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 3:27 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru