Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа: взгляд сквозь годы

Оқушылардың ҰБТ-ға дайындық сапасын арттырудағы ӘБ мен мұғалімдер қызметі.
Оқушылардың ҰБТ-ға дайындық сапасын арттырудағы ӘБ мен мұғалімдер қызметі.
«Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» өз бетімен білім ала алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр. Сапалы білім жолында жаңашыл технологияларды қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде әлемдік стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстансақ қателеспеспіз деп ойлаймын.
Білім берудің негізгі міндеті - білім сапасын арттыру екені баршамызға мәлім.
Елбасы «Білім дегеніміз – жекелеген адамдар үшін де, сондай-ақ, бүтіндей ел үшін де ең басты құндылық және табысқа жетудің негізі» екенін жыл сайынғы Жолдауында айрықша атап өтеді.
Мектептің ұстаздары білім беру жағдайында оқушылардың интелектуалдық қабілеттерін, шығармашылық дербестігін дамытуда, ҰБТ-ға дайындық сапасын арттыруда көп үлес қосады. Мектеп табалдырығын аттаған 3-4 жасар балалардан бастап оның психологиялық дамуына, әлеуметтік жағдайына қатты көңіл бөлеміз және білім беру кезінде әр қайсының ерекшелігін ескере отырып, деңгейлеп оқытуға баса назар аударамыз. «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы,өйткені, олар- біздің болашағымыздың айнасы». Олай болса, осы жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз міндеті баға жетпес-биік.
Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - деп заманымыздың ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, заман талабына сай білім беру мәселесі де оңтайлануда. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді дей келе, біздің мектептің мұғалімдері өз сабағын жаңаша ұйымдастыру арқылы, сабақтың ыңғайына қарай әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді түрлендіре түсе, сабақтың мазмұнын аша отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру арқылы сапалы нәтижеге жетуде.
Мұғалімнің мәртебесі – мектеп мәртебесі. Мектеп – мемлекет тірегі, оған жауапкершілікпен қарау – ұстаз міндеті. Осынау қағиданы берік ұстанған осы киелі шаңырақта 700-ден астам оқушы білім алса, оларға 90-нан аса ұлағатты, білікті ұстаздар дәріс береді. Өз оқушыларына білімді жан – тәнімен бере білген, жаманнан жирендіріп, жақсылық жолында жол бастар жетекші ұстаздардың еңбектерін ерекше атап өткім келеді. Адамзат санасын жөнге салуға күші жететін ұлағатты ұстаздарға, осы мектептің барлық түлегі алғыс білдіруде. Тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы-мектеп дей келе 2014-2015 оқу жылында білімдерін көрсетіп, биік сатылардан көрініп, мектебіміздің туын жоғары ұстап, көкке желбіреткен оқушыларымыз да жеткілікті болды.
Өздеріңізге белгілі былтырғы оқу жылы білім сапасын арттыру жылы болды. Сондықтан біздің мектеп ұстаздары мен оқушылары еселеп еңбек етіп жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Білім саласында оқу жетістіктерін тәуелсіз сыртқы бақылау жүйесі болып табылатын ҰБТ-дің орны ерекше. «2014-2015 оқу жылына түлектерді ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық деңгейін және білім беру сапасын арттырудың қадамдық іс-әрекет жоспары» бойынша мектеп мұғалімдері білім сапасын арттыру және ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін жақсарту бағытындағы жұмыла жұмыс атқарды.
ӘБ –те пән мұғалімдері негізгі 4 пәннен және физика, биология, химия және география пәндерінен оқушылардың білім сапасын, педагогтардың кәсіптік құзырлылығын арттыру бағытында жүйелі түрде ҰБТ-ке дайындық жоспары құрылып, жұмыс жүргізілді.
Соңғы үш жылда ҰБТ бойынша орта бал 72,4; 87,4;88,1 болды. Көрсеткіш жылдан – жылға көтеріліп келеді. Өткен оқу жылы мектеп бітіруші түлектердің “Алтын белгі”аттестатына 2 үздік аттестатқа 3 оқушы ие болды.
Қазақтың біртуар батыры Бауыржан Момышұлы да ұстаз еңбегінің мәртебесін жоғары бағалаған: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді». Қай дәуірде болмасын, қандай заман өзгерсе де, ұстаз еңбегі күн мәселесінен түскен емес. Еліміздің іргесін қалайтын саналы азамат, білімді ұрпақтың тағдыры мектеп мұғалімінің қолында. Жарқын болашақ үшін аянбай тер төгу басты міндетіміз деп санаймыз!
Жарма ауданы
Қалбатау ауылы
«Георгиевка орта мектебі» КММ
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Догалбаева
Категория: Школа: взгляд сквозь годы | Добавил: SHGeorgievskaya (2016-03-01)
Просмотров: 744 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 3:32 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru