Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа: взгляд сквозь годы

ҚР БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ Ж
ҚР БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МІНДЕТІ

Абзалбек Л.С.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы
Қарағанды қ., Қарағанды облысы

Мақалада мұғалімді педагогикалық мамандыққа даярлау және жоғары оқу орындары мен біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтерді дайындаудағы сабақтастық мәселелері қарастырлады. Автор аталған идеяны жүзеге асыру үшін педагогикалық кадрларды сапалы дайындау қажет деп санайды. Біліктілікті арттыру жүйесінің міндеттеріне педагогтердің білімдік қажеттіліктерін анықтау мен нақтылау; кәсіби өсудің дербес білім алу траекториясын құруда әрбір мұғалімге көмек көрсету; ақпараттық-әдістемелік қолдаумен қамсыздандыру; өнімді педагогикалық өзара қарым қатынасты ұйымдастыруды жатқызады.

В статье рассмотрены вопросы подготовки учителя к педагогической профессии и организация преемственности подготовки педагогов в вузе и системе повышения квалификации. Реализацию данных идей автор видит в качественной подготовке педагогических кадров. Автор полагают, что к задачам системы повышения квалификации можно отнести определение и уточнение образовательных потребностей педагогов; оказание помощи каждому учителю в построении индивидуальной образовательной траектории профессионального роста; обеспечение информационно-методического сопровождения; организацию плодотворных педагогических взаимодействий.

Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарында адами капитал рөлінің артуы және білім беруді қалыптастыру құралы ретінде жаңа тәсілдерді қабылдауға аса мән беріліп келеді. Білім беру – тұлға мен қоғамның өміршеңдігі мен дамуының алғышарты болып табылатын ең жоғарғы құндылық. Сондықтан ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «жоғары білім сапасын қамтамасыз ету үшін білікті кадрлар болуы керек. Ол үшін педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту шаралары алдын ала қарастырылады» деп көрсетіледі [1].
Білім беру сапасына қойылатын жаңа талаптардың басты сипаты мектеп түлегінің өмір бойына өзін-өзі іске асыру мен дамытуға дайын болуы. Бұл білім беру процесіне барлық қатысушылардың рөлі, міндеттері мен қызметтерін өзгертеді. Білім сапасы ең бірінші сапалық тұрғыдан дайын мұғалімдер қатарымен анықталады. Профессор Э.Никитиннің дерегі бойынша «мұғалімдер мен барлық педагог қызметкерлерге кәсіби көмек көрсететін үздіксіз білім беруді қамтамасыз ететін және нарықтық жағдайға төтеп беретін, тұрақты, тармақталған мекемелер желісі ешқандай мемлекетте жоқ». Бұл педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесі, түрлі деңгейдегі әдістемелік қызметтер [2].
Қазіргі таңдағы түйінді міндеттердің бірі – педагогикалық мамандық беделін көтеру мен оқыту сапасын арттыру. Мұғалімдердің білім-біліктері оқушылардың білім-біліктерімен тікелей байланысты. Мұғалімдердің ең үздік меңгерген дағдылары келесілерді қамтиды: сенімділік, пәнді тереңдей білу, оқыту мақсаты мен міндеттерін білу, оқушылармен тіл табыса алу және олардың оқуға деген қызығушылықтарын қолдау қабілеті мен сол процеске белсенде қатысуы.
Оқудың үздіксіздігі мен сабақтастығы идеясынан бастау алатын ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінде түбегейлі өзгерістерді талап етеді. Сондықтан оқушының табысымен тығыз байланысты мұғалімнің оқыту сапасы ең маңызды ұйымдастырушылық фактор болып саналады. Өкінішке орай бұл өлшем мен мониторингке оңай бағына қоймайды, себебі ол тұрақты, тіркелген көрсеткіштерге ғана емес, мұғалімнің оқушымен арадағы өзара қарым-қатынас сипатына байланысты. Екінші жақтан мұғалімнің біліктілігі әкімшілік тұрғыда анықталуы мүмкін, яғни ең маңызды деп танылған дағдылар мен қабілеттерін, білімін объективті бағалауға қатысты.
Мұғалімдердің өз мамандығына дайындық деңгейі – білім сапасының аса маңызды көрсеткіші. Өзгермелі әлемнің міндеттері мен мәселелерін шешуге мұғалімдердің дайындығын қамтамасыз ету дегеніміз оларға нақты пәнін білу, тиімді оқытушылық тәжірибені игеру, технологияны түсіну мен басқа мұғалімдермен, әлеуметпен бірлесе жұмыс жасау мүмкіндігін беруді білдіреді.
Қоғамның болашағы техникалық ілгерілеу мен экономикалық өсуге ғана тәуелді емес. Ол адамзат игілігі үшін басты саяси-экономикалық мәселелерді шешуге дайын тұратын адамға байланысты. Білім беру жүйесінің жаңаруымен байланысты кәсіби мақсаттардың өзгеруі, мектеп қызметінің нәтижесі мен педагогтің кәсіби сапасына қойылатын талаптардың болмауы тұлғаның тұрақтылыққа деген шынайы талпынысы мен таптаурын түсініктерді түбегейлі жою қажеттілігі, кәсіби дағдарысты жеңу арасында таңдау жасауға мәжбүрлейді. Педагог – білім беру жүйесінің басты субъектісі, сондықтан мемлекеттің білім беру жүйесі мен білім беру мекемелерінің басым бағыттары – кәсіби тұрғыдан табысты қалыптасу мен педагог тұлғасының дамуы болуы тиіс. Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесін реформалау білім сапасын арттыру, мамандардың тұлғалық және кәсіби өсуіне бағытталаған бірқатар зерттеулердің пайда болуын тудырды. Басты үрдістердің бірі – тұлғаның кәсіби дамуы мен оның біліктілікті арттыру процесінде қалыптасуы мен өзін іске асыруына қолдау жасау мәселесін басты назарға алу [3].
Жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы [4] мен Үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасына [5] «жаңа форматтағы мұғалім дегеніміз – педагогикалық дарынды, жаңаны үйренуге қабілетті, кәсіби дағдылар мен өзіндік рефлексияға ие, рухани дамыған, шығармашыл тұлға. Қасиеттер мен мінездің қарапайым жиынтығы ретіндегі тұлға емес (мұғалімдік мамандықтар бойынша біліктілік мінездемелерінде дәстүрлі түрде айтылатын), керсінше түп негізі қажеттілік-мотивациялық саладан бастау алатын, әлеуметтік және кәсіби тұрғыдан қалыптасқан тұтас динамикалық білімнің логикалық көзі» түсінігі енгізілген [4].
Жаңа форматтағы мұғалімге белгілі бір талаптар қойылады: мұғалімнің білімнің құндылық екнедігін анық түсінуі, мәдениетті болуы, өз пәнін жан-жақты білуі, пәнді оқыту әдістемесін, педагогика мен психологияны меңгеруі, жеке тұлғаға бағытталаған педагогикалық әдістерді қолдануы және өз тұлғасын әрі қарай дамытуға деген мотивацияның болуы [5].
Ересектерді дамыту, олардың кәсіби өзін іске асыру мәселелерінің маңыздылығы, аталған процесстерді басқару мүмкіндігі зерттеу объектілері мен бірқатар білім салаларын даралауға себепші болды. Пеадгогика, психология және басқа да білім салалары тұрғысынан түрлі көзқарастардың болуына қарамастан, өмір бойына тұлғаның динамикалық дамуы үшін даму бағыттары мен мақсаттары айқындалуы қажет. Сондай-ақ тұлғалық және кәсіби дамудың ең жоғары нүктесіне апаратын әрекетті анықтап, түзетуге қабілетті адамдармен белсенді қарым-қатынаста болу маңызды.
Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында адами капиталды дамыту білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын бірден бір фактор ретінде қарастырылады [1].
Адами капиталды дамыту мәселесін шешудегі теориялық тәсілдер Сапаны жаппай басқару тұжырымдамасы, сапаны басқару теориясы шеңберінде дәлелденеді [6].
Кадрлық менеджмент саласының маманы, А.Р. Фонаревтің пікірінше, қазіргі таңдағы адами ресурстар саласында келесі бағыттар бойынша түбегейлі өзгерістер орын алуда:
аясы тар мамандық пен жүктелген жұмысқа шектелген жауапкершіліктен – кең ауқымдағы кәсіби, лауазымдық құзыреттерге;
жоспарланған мансаптық жолдан – кәсіби дамудың икемді траекториясын таңдауға;
маманның дамуы үшін менеджерлердің жауапкершілігінен – әр жұмыскердің өзінің кәсіби дамуына жауапты болуына;
жұмыскер мәселесін бақылаудан – әрбір жұмыскердің жан-жақты кәсіби өсуі үшін мүмкіндіктер жасауға;
табыс факторы, бос орындар мен мамандарды іріктеуді жабық қарастырудан – жұмыскердің құзыреттілік деңгейін, бос орындарды толтыру жолдарын ашық қарастыруға [7; 31].
Өзінің кәсіби дамуы үшін қызметкердің (педагогтің) жауапкершілікті сезінуі аталған процестерді басқару қажеттілігі мен мүмкіндіктерге жол ашады. Кәсіби дамуды басқару жұмыскерлерді басқару және білім сапасын басқарумен қатар педагогикалық менеджмент аспектілерінің бірі ретінде қарастырылады [8; 17]. Басқару процесі кезеңдік, үздіксіз болып келеді. Оның «мақсат – әрекет – нәтиже – жаңа мақсат» кезеңдерін бірізділікпен орындау болып табылады. Мұғалімдердің кәсіби өсуінің ғылыми-теориялық негіздері А.А. Жайтапованың еңбектерінде қарастырылады. Ол әдістемелік жұмысты Сапаны жаппай бақару тұжырымдамасының шеңберінде үздіксіз білім беретін ұлттық үлгідегі адами ресурстарды дамытуды басқарудың құрамдас бөлігі ретінде көрсетеді. А.А. Жайтапованың пікірінше, өзара байланысты ұстанымдар қатарын сақтаған жағдайда кәсіби дамуды басқаруды болжауға болады. Бұл ұстанымдар қатарына:
түбегейлік – кәсіби даму заңдылықтарын ғылыми дәлелдеу;
жүйелілік – кәсіби дамуды кәсіби қызмет, білім беру жүйесі, әлеуметтік ортаға қатысты қосалқы жүйе ретінде анықтау;
кешенділік – кәсіби дамуды, оның барлық бөлшектерінің жиынтығынан тұратын процесс ретінде қарастыру;
функционалдылық – кәсіби даму процесі педагогтің әлеуметтік функцияларды орындауымен тығыз байланысты;
субъектілік – педагог тұлғасының мотивациялық-құндылықтық саласы мен кәсіби потенциалы дербес сипатқа ие [8; 25, 26].
Педагогтердің кәсіби дамуын басқару ересектерге білім берудің теориялық негізделген тәсілдеріне құрылады. Мұны 1970ж. М.Ш.Ноулз бен басқа да зерттеушілер әзірлеуде. М.Ш.Ноулз білімнің жаңа саласының негізгі ережесін тұжырымдады:
оқу процесіндегі басты рөл оқитын (оқытатын емес) ересек адамға беріледі;
ол қалыптасқан тұлға болып табылады, алдына нақты оқу мақсатын қояды, дербес әрекетке, өзін іске асыруға, басқаруға талпынады;
бойындағы кәсіби, өмірлік тәжірибесін, білім, білік, дағдыларын оқу процесінде қолдануға тырысады;
ересек адам оқу кезінде меңгерген білім, біліктерін тезірек қолдану жолдарын іздестіреді;
оқу процесі көбінесе оны кейде шектейтін, кейде көмектесетін уақыттық, кеңістіктік, тұрмыстық, әлеуметтік, кәсіби факторлармен анықталады;
оқу процесі оның барлық кезеңдерінде оқушы мен оқытушының бірлескен әрекеті түрінде ұйымдастырылады [9].
Тұрақты даму мен өзіндік даму – педагогикалық мамандықтың маңызды құрамдас бөлігі. Даму – табиғаттың, қоғам мен адамның жаппай өмір сүру ұстанымы. Ол қайтарымсыз, бағытталған және заңдылықтық өзгерістерді түсінуді қамтиды. О.В. Хухлаева дамудың үш аспектісін көрсетеді. Олар: пісіп-жетілу (биологиялық индивид), қалыптасу (әлеуметтік индивид), өзіндік даму (тұлға) [10; 5-15]. Кәсіби дамуды адамның тұлғалық және әлеуметтік дамуының құрамдас бөлігі ретінде қарстыруға болады.
Жаңа біліктілікті арттыу жүйесінің басты нәтижесі бірдей тұжырымдамалық тәсілді қамтамасыз ету болады, яғни:
жаңа деңгейлік курстар мен бағдарламалар;
педагогтердің игеру деңгейі бойынша жаңа сертификаттау;
шетелдік стратегиялық серіктестермен белсенді жұмыс.
Курстық дайындықтың түрлі формалары қарастырылуда: «face-to-face» (аудиторияда оқу) қамтылған Blended-learninq (аралас оқу) және «On-line» оқу. Шетелдік мамандардың қатысуымен жаңа деңгейлік бағдарламалар курстары мен On-line курс контенттері әзірленді. On-line курс тақырыптарын талқылау «сараптамашы-шолушы», яғни Зияткерлік мектеп мұғалімдерімен қашықтықтан байланысу арқылы атқарылып отырады және түрлі білім беру жағдаяттарындағы тәжірибені көруге мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштер белгілі бір саясаи жолмен реттеу артықшылығына ие, яғни академиялық біліктілікке қатысты стандартты бекіту мен реттеу, мұғалімнің кәсіби дамуы мен мотевациясын қолдау.
Жоғары оқу орны, мектеп пен біліктілікті арттыру жүйесінің сабақтастығы бағытында білім сапасына қол жеткізудегі бірлескен әрекетті түсіну жолға қойылған. Мұғалімдерді даярлау педагогикалық оқу орындарына оқуға түсушілерді іріктеуден басталады. Көптеген ел Үкіметтері бұл тұрғыда мектептегі білім беру түріне сәйкес мұғалімдерді дайындаумен байланысты бір-бірінен ерекшеленетін стандарттарды бекіткен.
2015 жылдан бастап 12 жылдық білім беруге кезедік көшу іске асырылуда. Құзыреттілік тәсілге негізделген 12 жылдық білім берудің жаңа стандартын оқушының бойында келесі құзыреттерді қалыптастыра алатын мұғалім ғана жүзеге асыра алады:
өз бетімен оқи алу;
мәселенің шешімін табу;
коммуникативтік сапалар;
ақпарат пен технологияны басқару құзыреттері және басқалары.
Университетте педагогикалық мамандық бойынша білім алу саналылық сипатын алу үшін, 2011-2012 оқу жылдарынан бастап педагогикалық мамандық стандартына өзгерістер енгізілді. Мысалы, барлық педагогикалық мамандық студенттері 1-курста «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәнін меңгереді, келесі курстарда психологиялық-педагогикалық пәндер мен педагогикалық тәжірибе кезеңдері жалғасады. Бұл әрі қарайғы педагогикалық әрекетке ынталандыруды қамтамасыз етеді. Біліктілікке жаңа ғана ие болған мұғалімге неғұрлым тәжірибелі әріптесі мен мұғалімдерді даярлаумен айналысатын мекеме тұрғысынан көп қолдау қажет екендігін зерттеулер көрсетіп отыр. Әсіресе олардың тәжірибелік жұмысының алғашқы жылдарында бұл аса маңызды. Көптеген мұғалімдер үшін тәжірибелік жұмыстың бастапқы кезеңі осы мамандық бойынша ісін жалғастыру немесе басқа салаға кету туралы шешімдер шығарумен байланысты.
Бастапқы дайындыққа (ЖОО-да оқу) жіберілген уақыт пен қаржыны, сондай-ақ әрі қарай мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсетуге бөлінетін уақыт пен қаржыны қисынды үйлестіру – мәселенің түйінді шешімі.
Жоғары білім сапасына жету, ең алдымен, біліктілігі жоғары кадрлардың болуымен қамтамасыз етіледі. Жаңа қоғамда болашақ маманның кәсібилігі ғана емес, оның жалпы білімділік деңгейіне мән берілетін жаңа білім талап етіледі. Педагогтің әлеуметтік дәрежесі мен кәсіби шеберлігін көтеріп, оларға қоғамдық және мемлекеттік қолдауды күшейтпейінше, жоғары білім сапасын қамтамасыз ету мүмкін емес.
Аталған міндетті шешудің маңызды бағыттары:
педагогикалық қызмектердің дәрежесін арттыру, оған білім беруді басқаруға қатысу, білім беру саясатының негізгі ұстанымдары мен бағыттарын жасау мүмкіндігін беру;
педагогтер кәсіби ақпаратты еркін алу құқығын іске асыра алулары керек;
педагогтерді даярлау жүйесін реформалау, педагогтьердің біліктілігін арттыру жүйесіән қайта құру нәтижесінде педкадрлардың кәсіби шеберлігін арттыру;
мектеп, жоғары оқу орындарындағы білім мен педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінің интеграциясы.
Мемлекеттік бағдарламаны орындау бойынша біліктілікті арттыру жүйесі әрекетінің өнімде белгілер қатарына келесілерді қосуға болады:
динамикалық өзгермелі әлеуметтік-экономикалық және білім беру жағдаяттарға икемді болу, жедел жауап беру;
жеке тұлғаға бағдарланған тәсілдерді қолдану арқылы бәсекеге қабілеттілік;
жаңа Басизстік жоспар, мектептің оқу жұмыс жоспары, мектептің даму тұжырымдамасы және басқалары бойынша жұмыс жасауда басшыларға көмек көрсету;
пән бойынша оқу-әдістемелік кешендер, қазіргі таңдағы оқу мен тәрбиенің педагогикалық технологиялары, жаңа бағдарламалармен педагогикалық ұжымды таныстыру;
мұғалімдердің кәсіби даярлық деңгейі, олардың кәсіби қажеттіліктері мен қиындықтарын зерттеу;
аттестаттау комиссиясына қатысу;
басшылық ететін кадрлардың кәсіби қажеттіліктер диагностикасы;
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде облыстағы экспериментальдық қызметке бастамашылық ету мен білім беру ұйымдарына көмек көрсету;
педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жалпылау;
шығармашылық топтар қызметін ұйымдастыру;
әдістемелік көмек көрсету, кеңес беру мақсатында аудандарға шығатын десанттар;
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалау бағыттары бойынша түрлі конференция, форум, семинарлар өткізу;
педагог дәрежесін көтеруге көмектесетін байқау, сынақ, жәрмеңке, фестивальдар ұйымдастыру және басқалары.
Үздіксіз кәсіби білім берудің жаңа білім парадигмасының қалыптасуы біліктілікті арттыру институттары қызметінде салмақты өзгерістерді, тыңдаушылардың білімдік және кәсіби қажеттіліктеріне сай мазмұнды реформалау, кәсіби қызметтің вариативтік, өнімді сипаттарын дамытуды талап етеді. Бұл педагогикалық кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін қаматамасыз етеді.
Білім беруді жаңарту міндетіне сәйкес педагогтердің кәсіби дамуы мен олардың кәсіби дағдарысты жеңу мәселесіндегі әдістемелік қызмет көрсету рөлі айтарлықтай өсіп отыр. Біліктілікті арттыру педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттілік сапасын басқару құралына, нағыз кәсіпқойларды қалыптастыру, кәсіби әрекетінде жаңа тәсілдерді меңгеру, педагогтің кәсіби қажеттілігін сапалы қанағаттандыруға бағытталаған педагогтің кәсіби даму факторына айналып отыр.
Біздің көзқарасымыз бойынша біліктілікті арттыру жүйесінің міндеттеріне педагогтердің білімдік қажеттіліктерін анықтау мен нақтылау; дербес кәсіби даму траекториясын жасауда әрбір мұғалімге көмек көрсету; ақпараттық-әдістемелік қолдаумен қамсыздандыру; нәтижелі педагогикалық өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру жатады. Қазіргі таңдағы біліктілікті арттыру жүйесі оқу орындарын (бөлімшелер), түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формалар, сондай-ақ оларды басқарушы органдар, қосымша кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу мекемелері, ақпараттық қызмет жиынтығын көрсетеді. Бұл жүйе келесі ұйымдастырушылық формаларда іске асырылады: мұғалімнің өз білімін жетілдіруі; әдістемелік бірлестік, кафедра, білім беру мекемесі аясындағы орталықтар; бір күндік, кезеңдік формалар (курс, семинар, конференциялар); біліктілікті арттыру мен қайта даярлау институттары, университет жаныдағы жоғары мектеп оқытушыларының біліктілігін арттыру орталықтары жүйесіндегі біліктілікті арттыру және с.с. [11].
К.М. Гуревич әрбір адам кез келген мамандықты игере алады деп көрсеткен. Бар мәселе оған қанша уақыт пен күш жұмсау қажеттігінде [12; 27]. Адамның еңбек белсенділігі кезеңінің шектелуі мамандық таңдау мен кәсіби шеберлікті қалыптастырудың қысқа жолын іздеуде жіберетін қателіктердің алдын алу механизмдерінің қажет болатындығын көрсетіп отыр. Ол өз кезегінде «кәсіби қабілеттер», «маңызды кәсіби сапалар», «кәсіби даму» түсініктерін енгізумен байланысты. Кәсіби дамуға көмектесетін және кедергі келтіретін заңдылықтар мен жағдайлар, аталған процесті басқару мүмкіндіктері туралы мәселелер де маңызды болып табылады.
Біліктілікті арттыру жүйесіндегі кәсіби даму жағдайларының кәсіптік білім беретін мекемелер және кәсіби қызмет іске асатын мекемлермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, біліктілікті арттыру ұйымдарында педагогикалық қызмет мазмұны тұрғысынан түрлі педагогикалық қызметкерлер санатын оқыту жүзеге асырылады. Ол бір жағынан оқу құралын әмбебаптандыруды, екінші жақтан әрбір білім алушылар қызметінің өзіндік ерекшеліктерін ескеруді талап етеді. Екіншіден, әрбір оқу тобының қатысушылар құрамы түрлі жаста және түрлі деңгейде. Үшіншіден, курсқа қатысушылар құрамы үнемі өзгеріп отырады. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламалары ереже бойынша 24-тен 108-ге дейінгі оқу сағаттарынан тұрады. Сонымен қатар нормативтік ережелерді қатаң сақтау және аймақтың білім беру ұйымдарындағы педагогикалық құрамның тұрақтылығы кезінде облыстық біліктілікті арттыру институтының мамандары әрбір педагогпен кезекті курстарда бес жылда бір рет кездесіп отырады. Мұндай жағдайда кәсіби дамуды басқару мүмкіндігі біліктілікті арттыру мамандарының республика мен аймақ педагогтерінің контингенті; олардың кәсіби дайындықтарының жалпы деңгейлері жөнінде ақпараттануы; курсқа қатысушылардың білімдік қажеттіліктерін білу мен курста алған мәліметтерді осы немесе басқа да білім беру ұйымдарындағы жұмыс орнында іске асыру жағдайлары туралы түсініктерінің объективтілігіне байланысты.
Сонымен білім беру жүйесінде орын алып жатқан өзгерістерді адамдарға деген бетбұрыс, олардың рухани әлеміне, дүниетанымына үңілу, яғни қоғамдық және жеке өмірдің барлық саласында дербес, институционалдық деңгейлерде жеке тұлғаға бағытталаған білім беру ортасын құру ретінде анықтауға болады.

Әдебиеттер тізімі
1. ҚР білім беру мен ғылымды дамытудың 2011-2020жж. Арналған мемлекеттік бағдарламасы // [ЭР]. Қолжетімділік режимі: zan.kz
2. Инновационные учебные заведения России / Жауапт ред. Э.Никитин. – М.: Новая шк.,
3. Чемоданова Г.И., Власенко С.В. Совершенствование практических навыков молодого учителя в условиях общеобразовательной школы // Современные проблемы науки и образования. (РИНЦ 0,093). // Педагогические науки. – № 3. – С. 16-18
4. ҚР жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы // [ЭР]. Қолжетімділік режимі: zan.kz
5. ҚР жаңа форматтағы педагогіне үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы // [ЭР]. Қолжетімділік режимі: adilet.zan.kz.
6. Окрепилов В.В. Управление качеством: учебник для вузов. – М.: Наука, 2010. – 912 с.
7. Фонарев А.Р. Психология личностного становления педагога-профессионала: Автореф. дис. д-ра психол. наук. – М., 2007. – 49 с.
8. Жайтапова А.А. Профессиональный рост учителей в системе повышения квалификации. – Алматы: РИПК СО, 2010. — 316 с.
9. Кукуев А.И. Андрагогика в изложении последователей М.Ш.Ноулза // Психология и педагогика: методика и проблемы практического применения: Сб. материалов IV Всерос. науч.-практ. конф. – Новосибирск, 2009. – С. 210-216.
10. Хухлаева О.В. Психология развития. Молодость. Зрелость. Старость. – М.: ВЛАДОС, 2006. – 208 с.
11. Альмухамбетов Б.А. Тенденции развития системы повышения квалификации педагогических кадров в Казахстане. – Алматы: Ғылым, 2010. – 290 с.
12. Гуревич М. Проблемы дифференциальной психологии. – М.: МОДЭК, 2008. – 384 с.

Источник: http://Әдебиеттер тізімі 1. ҚР білім беру мен ғылымды дамытудың 2011-2020жж. Арналған мемлекеттік бағдарламасы // [ЭР]. Қолжеті
Категория: Школа: взгляд сквозь годы | Добавил: kurs_krg (2018-05-03) | Автор: Абзалбек Лаура Сапарқызы E
Просмотров: 974 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 12:10 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru