Главная » Статьи » Школа: взгляд сквозь годы |
ІІ. Өткен тақырыпты сұрау. а) мультимедиялық технология бағдарламаларын пайдалана отырып интерактивті тақтадан сұрақтар қою. 1. Microsoft Office құрамына кіретін кестелі программа қалай аталады? 2. Электрондық кесте мүмкіндіктерін қай жерлерде пайдалануға болады? 3. Ең алғаш электронды кестені кім ойлап тапты? 4. Электронды кестенің терезе қатарларын ата? 5. Ұяшық мекен - жайы дегеніміз не? ІІІ. Жаңа тақырып а) түсіндіру. баяндау. 1-65536 жол және 1-256 баған бар. Бағандар латын әріпімен көрсетіледі. Кез - келген электронды кестенің ұяшығына: сан; формула мәтіндік ақпаратты енгізуге болады. Сан: үнсіз келісім бойынша сан ұяшықтың оң жақ шетіне тураланады. Санның мәндері бүтін, ондық бөлшек және бөлшек болуы мүмкін. Оларға арнайы сивол қосылуы мүмкін $,%,+,-,/ т.с.с. Ұяшыққа сыймайтын сан енгізілсе онда ##### символдарымен толтырады. Сондықтан санды толығымен көру үшін бағанды кеңейтуге тура келеді. Формула: Егер сіз "=" белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда эк оларды формула деп қабылдайды. Формула бір жолға барлық амалдар белгісі қолданылып және символдар тізбектеліп, бірінен кейін бірі жазылады. Мысалы: D5 ұяшығына формуласын енгізіңіз: =A1+B5*C5 мәндерін қосқанда шығатын санға тең болады. Мәтін: Егер сіз сан емес мәтін енгізгіңіз келсе, онда оны ЭК мәтінді символ деп қабылдайды. Сонымен қатар кестеге мағлұматты көрнекі етіп көрсету үшін диаграмма пайдалануға болады. Диаграмма- бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі. бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер бірнеше шаманың қосындысы 100% пайыз болса, онда бұл дөңгелек диаграмма. График - шамалардың бір нүктеден екінші нүктеге ауысқанын байқап отыру үшін қажет. Гистограмма - бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолданылады. ІҮ. Практикалық жұмыс. Сыныпты 3 топқа бөліп, тапсырмалар беріледі. Артынан тапсырмаларын қорғайды. 1- топқа. Республикамызда тұратын ұлт өкілдерінің жылдарға байланысты пайызы көрсетілген. Берілген мәліметтерді кестеге енгізіп, гистограмма типін таңдап парақ бетіне орналастырыңыз. Осы кестеден әр жолды белгілеп алып, дөңгелек диаграмма типін парақ бетіне орналастырыңыз. Жылдар 1926 1936 1970 1989 2000 Қазақтар 57 38 32 39 50 Славяндар 15 30 20 25 35 Басқалар 9 13 7 14 20 2-топқа. Өз сыныбыңыздың білім сапасының көрсеткішін енгізіп оны графика немесе лепестковая диаграммасына орналастыр. =(5+4)*100/13 формуласын енгізу арқылы орында 3-топқа. Look at the pie chart bellow. Interpreting a pie chart. Popilarity of colors: blue-37%, red-20%, green-12%, rosy-5%, yellow-5%, white-3%, violet-3%, golden-2%, broun- 2%, drey-1%, orang-1%. Осы мәтінді қазақшаға аударып, пайыздарына сәйкес гистограмма салып, сәйкес түстерге бояу керек. Ү. Қорытындылау. Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында тест тапсырмасын орындаймыз. 1. Әр бет қанша жолдан, қанша бағаннан тұрады? а) 256 баған, 65536 жол ә) 265 баған, 65536 жол б) 256 баған, 56356 жол в) барлығы дұрыс 2. Электронды кесте ең алғаш қашан пайда болды? а) 1986 ә)1976 б)1969 в)1979 3. Жұмыс ұяшығы деген не? а) курсор турған ұяшық ә) В2 ұяшық б) формула жазу жолы в) дұрыс жауабы жоқ 4. Кез - келген электронды кестенің ұяшығына.... енгізуге болады? а) сан, мәтін, формула ә) диаграмма, сурет, мәтін б) сан, сурет,клип в) дұрыс жауабы жоқ. 5. Excel-дің қызметі қандай? а) математикалық, статистикалық есептерге арналған ә)қаржалық, багалтерлік есептерге, суретке арналған б) мәтін теруге, музыкалық файлдарды тыңдауға в) барлығы дұрыс ҮІ. Оқушыларды бағалау. ҮІІ. Үйге тапсырма. | |
Просмотров: 1605 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|