Главная » Статьи » Творческая мастерская |
Куандык Арай Мектпеалды даярлық тобының тәрбиешісі «Тайынша қаласы №2 орта мектебі»КММ Тайынша қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы Тақырыбы: «Біз мектепке барамыз!» Топ бөлмесі салтанатты ертеңгілікке сай безендірілген. Қанатты сөздер және шарлар ілінген. Тәрбиеші: Құрметті жиналған барша қауым, құрметті ұстаздар. Аяулы да ардақты ата - аналар, балалар. «Бізмектепкебарамыз» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күнісіздер үшінт ойларыңызғатағыбір той қосылмақ. Кеше ғана алаңсыз ағаш атқа мініп,шапқылап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып дайындық тобын аяқтап, 1 сыныпқа қадам басқалы тұр. Қадамдарың құттыболсын жас бүлдіршіндер. Шәкірттер атаның баласы емес, халықтың баласы болсын. Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер дайындық тобынан 9 ай ішіндеалған білімдерін, ән-күймен, өлеңдермен, жұмбақтармен ,мақал-мәтелдермен өрнектеп өнерлерін ортағасалмақшы. Біліміміздің артып,сөз байлығымыздың молайғанын, санамыздың өскенін көрсетейік. Айналайын, балалар, Сендерде ой сана бар Өздеріңненөседі, Өнершілдерданалар. Өстімінебойларың Өстімінеойларың. Қуанышқаортақпын Құттыболсынтойларың. Өттіқызықкөпкүндер, 6 жасқажеттіңдер. Барасыңдармектепке, Бірбелестенөттіңдер. (Әрбаланыңерекшелігінетоқталаотырып, олардыортағашақыру) Тобымыздың « Сүйкімді аруы» Ақмоншақ « Ақылды аруы» Анеля Білімді баламыз Дидар, дарынды баламыз Жасәмір. Хор: « Отаным» Ақмоншақ: 1 - бала: Қуанамыз сыйлаймыз Қуаныштың мың гүлін, Алғашқы топты қимай біз Қоштасатын күн бүгін. 2 - бала: Өз үлгіңді ұстаймын, Айтқаныңнан шықпаймын. Мен балапан құстаймын, Бір өзіңе ұқсаймын. 3 - бала: Бізге тәртіп үйреткен Ән салдырып билеткен Таныстырған ең алғаш Әріптермен, суреттермен Ол тәрбиеші тәтеміз 4 - бала: Оқимыз ,білім аламыз Болашақ жолын саламыз. Мектепалдымен қоштасып Біз мектепке барамыз 5 - бала: Жеті жасқа толамыз Әдепті бала боламыз, Ата - ананы қуантып, Кілең бестік аламыз Тәрбиеші:Балалар,ертегілер еліне саяхат жасағыларың келе ме?Ендеше маған қандай ертегі білетіндеріңді айтып беріңдерші. «Шалқан»,«Қасқыр мен түлкі», «Өрмекші құмырсқа қарлығаш»,« Түлкі мен ешкі», «Бауырсақ», «Мақта қыз бен мысық» т.б Ал енді көздеріңді жұмыңдар.Міне ертегілер еліне де келіп жеттік, енді көздеріңді ашуларыңа болады. Сендей қандай ертегіні көріп тұрсыңдар? Ертегі желісін кім айтып береді? Ертегі кейіпкерлері сендердің білімдеріңді сынға салмақшы екен.Сыннан мүдірмей өтулеріңе тілектеспін.Жасәмір ертегіні бастап айтады. Қоян: бауырсақ,бауырсақ, мен сені жеймін. Мені жемеші, мен саған ән салып беремін. Ендеше менің тапсырмамды орында. Қоянның тапсырмасы: Сөздерге дыбыстық талдау жаса. Бала,ағаш, қалам, парта. Қасқырдың тапсырмасы: Жұмбақтардың шешуі тап: Қолы жоқ сурет салады, Аузы жоқ тістеп алады. (Аяз) Тіке-тікен тік пісте, Қысы –жазы бір түсте. (Шырша) Қалқиып ұзын құлағы , Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян) Ұзын мұртты сарылар, Қойнында наны бар. (Бидай) Күндіз бәрі қашады, Түнде аспанды басады. (Жұлдыз) Ішіне тамақ салынған, Есігі тастай жабылған (Жұмыртқа) Жесең ащы , Көзіңнен шығарар жасты. (Пияз) Аюдың тапсырмасы: «Буындардан сөз құра» Дақ, то ,қыл, ғай, тор,жа, лақ па, қу,ақ,ға,ша,ла,на, тыр. Түлкінің тапсырмасы: Қандай жаңылтпаш, мақал-мәтелдер білесіңдер? Түлкі өзі қу ғой, жүрген жері шу ғой ,оңайлықпен бауырсақты жібергісі келмейді . Ол бауырсаққа тағы да бір шарт қояды. Мынау- білім ағашы. Бірақ мұнда ештеңе жоқ, өйткені мен сендер сиқты мектепалды даярлық сыныбына барып көп нәрсе үйренген жоқпын. Сондықтан тағы да сендерден өз білгендеріңді маған көрсетулеріңді сұраймын,маған білім ағашын өз жиған-тергендеріңмен толтырып берсеңдер қайтеді?-дейді. Не істейміз, балалар, түлкіге өз білімімізді көрсетеміз бе? Ендеше түлкінің тапсырмалары жазылған алмалармен ағаштарды толтырайық, ол үшін әуелі ондағы жазылған тапсырмаларды орындауларымыз керек. 1.Сен қай елде тұрасың? 2.Еліміздің президенті кім? 3.Бір жылда неше мезгіл бар,атап бер. 4.Дыбыс деген не? 5.Әріп деген не? 6.Дыбыстардың түрлерін ата 7.Қандай геометриялық фигураларды білесің? 8.1-ден 10-ға дейін тура және кері сана. 9.11-ден 20-ға дейін тура және кері сана 10.Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді? Ән: «Кел,билейік» Балалар қазір мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын: «Кім жүйрік?»деп аталады. Ортаға екі оқушы шығып, бірің жемісті ,екіншің көкеністі айтып жарысасыңдар. Келесіде екі оқушы шығып, бірі құстарды, екіншісі аңдарды атайды. .Кім көп айтса, сол жүйрік атанады. Санға байланысты тақпақтар Көрініс «Қазақ биі» Тақпақтар Даярлыққа мың алғыс (ән) Құшағыңда жарқылдап, Өтті сәби күндерім Би биледім ән тыңдап Алаңдауды білмедім. 8 - бала: Біз балауса баламыз Жетілді ой - санамыз Даярлықпен қоштасып Біріншіге барамыз. Ақмоншақ: 4 - бала: Оқимыз ,білім аламыз Болашақ жолын саламыз. Мектепалдымен қоштасып Біз мектепке барамыз 9 - бала: Адам етіп баптаған, Ардақтап бізді мақтаған. Даярлыққа мың алғыс 10 - бала: Күннің нұры шуақты Сергітеді денемді Құрдастарым сияқты Оқушымын мен енді. 11 - бала: Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам болып шығармыз. Қуантып ата – ананы, Таза сәби жүректен, Айтамыз сізге мың алғыс! | |
Просмотров: 1320 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|