Главная » Статьи » Творческая мастерская |
Калкаева Гулмира Рахимжановна «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің қазақ тілі мұғалімі Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин орта мектебі»ММ №1 Коучинг – сессия жоспар Коучинг тақырыбы: Көшбасшылық: бұл қасиет мұғалімге қаншалықты қажет? Фокус (Бүгінгі түйіп кететін сөз) Көшбасшы - мұғалім. Мақсаты Мұғалімнің көшбасшылық әлеуетін ашуға ықпал ету. Оқу нәтижесі Іс- әрекетте көшбасшылық сапаларын көрсету қажеттілігін мұғалімнің түсінуі. Уақыты Іс- әрекет Сұрақтар 2 мин Психологиялық ахуал жасау. 1 мин Түрлі түсті гүлдер арқылы топқа бөлу. 5 мин Ой шақыру. Өз жауаптарынды сызба үлгісінде көрсетіңіз. Оқушыларға сапалы білім беруге және табысты болуға ұмтылатын замануи мұғалімге қандай сипаттама бересіңдер? Өз жауаптарынды сызба үлгісінде көрсетіңіз. 10 мин Мұғалімдердің ойын тыңдау «Басқару маңыздылығы» бейнежазбасы арқылы көшбасшы ұғымын шығарады. Бейнероликтегі басты әрекеттуші үш тұлғаны біріктіретін ең басты қандай қасиет екенін постермен көрсетіңіз. Осы бейнежазбадан қандай ой түюге болады? Үш жағдайда да мәселені табысты шешу үшін топ мүшесінің біреуі қандай қасиеттермен көзге түсті? (бейнежазба бойынша) 15 мин эссе жазу. 10 мин қорғау Топтық жұмыс. Эссе жазып, топпен бір ойға келіп, қорғау. Адам бойындағы қандай қасиеттер көшбасшы екенін білдіреді? 5 мин Мұғалімдерді 3 топқа бөлу (бастауыш сынып мұғалімі, сынып жетекшілері, қазақ тілі мұғалімі). Жағдаяттарды талдау. 1. 2А сынып оқушысы Талғат күнде сабаққа дайындықсыз келеді. Ата- анасы мұғалімнің ескертулерін назардан тыс қалдырады. 2. Сынып оқушылары Әсетті сыныптасы ретінде қабылдамай жүр. 3. 6 Б сынып үздік оқушысы Евгенийдің ата- анасы баласының қазақ тілінен алған бағасына көңілі толмай, мұғалімге келеді. Осы жағдайларды көшбасшы -мұғалім қалай шешеді? (Әр жағдаятты көрініс ретінде қойып, мәселелерді шешеді). Осы жағдайларда мұғалімнің қандай әрекеттерін көшбасшылық ретінде дәлелдей аласыз? 7 мин Кластер құрастырып, қорғау. Көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін мұғалім қандай құрал- жабдықтарды қолдана білу керек? Бағалау: 1. Бүгінгі коучтан қандай жаңалық білдіңіздер? 2. Коучинг өткізу барысында Сізде жаңа ойлар пайда болды ма? 3. Алдын да өткізетін коучингтер бойынша қандай ұсыныстарыңыз бар? Эвалюация: сапаны бағалау Замануи мұғалімнің бойында көшбасшылық қасиеттер болу міндетті ме? Коучинг кезінде өткізілген әрекеттер негізінде өз жауаптарыңызды дәлелдеңіздер. | |
Просмотров: 2257 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|