Главная » Статьи » Творческая мастерская |
Ақмола облысы, Зеренді ауданы. Викторовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Нагуманова Бибігүл Сабырқызы Сабақтың тақырыбы: Сөз мерген Мақсаты: Танымдық қабілеттерді дамыту, ой өрісті кеңейту, тұрақты сөз тіркестері, мақал - мәтелдер және көнерген сөздердің мағынасын ашу, табиғатын тану, сөздік қорларын кеңейту, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің жалпы байлығы мен әсемдігін көрсету. Құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, қазылар алқасына жауаптардың қорытындылары жөніндегі бланк, тірек, сызбалар. Барысы: Жүргізуші: Арма ардақты ағайын! Алқалы жұрт көз көрген, бүгін бізде тіл сайысы, сөз - мерген.Қазақ тілінің маржандары мен асылдарын паш ететін, сайыскерлеріміздің сөзге –шешендігін, тілге –жүйріктігін дәлелдейтін тіл сайысы сөз мергенге қатысып отырған ойыншыларымызға айырықша ілтипат көрсетіп, таныс болыңыздар: 1. 2. 3. 4. Сүйемін туған тілді ана тілін Бесікте жатқанымда берген білім Шыр етіп жерге түскен мезетімнен Құлағыма сіңірген таныс үнін - деп С. Торайғыров жырлаған ана тілі, баршамыздың ардағымыз, ал бүгінгі Сөз - мергенге қатысуға ниет білдірген қатысушыларымызға басқан қадамдарыңызға гүл бітсін дейміз. Сөз - мергенге қош келдіңіздер! Сайыс шартымен таныс болыңыздар: Сайысқа 4 оқушы қатысады, сайыс 3 кезеңнен тұрады. І. Кезең «Мықты болсаң тауып көр» ІІ. Кезең «Жүйрік болсаң шауып көр» ІІІ. Кезең «Ойлы болсаң озып көр» І. Кезең « Мықты болсаң тауып көр » Бұл кезенңнің шарты бойынша берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашу. Тапсырмалар саны - 11 Дұрыс жауапқа – 10 ұпай. Толық емес жауап – 5 ұпай Тапсырмаларға жауап беру, кезекпен орындалады. Егер жауап дұрыс болмаса,жауап беру мүмкіндігі келесі ойыншыға беріледі. Бірінші кезеңде ең аз ұпай жинаған ойыншы сайыстан шығады. Ой тоқтатты Ниет Сезім Жігер 1. Жауабы: ой тоқтатты Мағнасы: ақылы толысты, ер жетті. 2. Маңдай ұста Құлақ Көз Тіл Пайыз қанды Айыз Шыдам Төзім Жауабы: тілге ұста Мағынасы: тілге шебер, шешен 3. Жауабы: айызы қанды Мағынасы: көңілі жай тапты, рахаттанды 4. Ақыл шықты Айла Тәсіл Ес Жауабы: есі шықты Мағынасы: шошып кетті 5. Тау қаптырды Жер Өзен Аспан Жауабы: жер қаптырды Мағынасы: алдап соқты «қап» дегізді. 6. Қанат берді Білек Тілек Тұмсық Жауабы: қанат берді Мағынасы: қанаттандырды, шабыт берді, жігерлендірді. 7.мамыр Ой төркіні Сөз Ақыл Ес Су жұқпас Шу Бу Ауа Жауабы: сөз төркіні Мағынасы: мағынасы, түп мәні 8 . Жауабы: су жұқпас Мағынасы: өтірікші, айлакер Қамыр жүгірді Түк Сіңір Тамыр 9. Жауабы: тамырына қан жүгірді Мағынасы: әл кірді, қуаттанды 10. Жұртшылық жарды Топ Бұқара Көпшілік Жауабы: топ жарды Мағынасы: елден ерек шықты, жұрттан асты 11 Немере қоңыр қаз Көрші Ағайынды Туысқан . Жауабы: ағайынды қоңыр қаз Мағынасы: қатар - құрбы замандас адамдар туралы айтылады 12. Бас сұқты Аяқ Қол Табан Жауабы: қол сұқты Мағынасы: талан - таражыға салды, ұрлады ІІ. Кезең « Жүйрік болсаң шауып көр » Бұл кезеңде сіздер мақал – мәтел құраудан жарысасыздар, яғни сіздердің мақал-мәтелді қаншалықты көп білетіңдіктеріңіз осы кезеңде байқалады.. Тапсырмалар саны – 9(тапсырмалар ұяшық ішіне жасырылған) Дұрыс жауап 10 ұпай. Толық емес жауап – 5 ұпай Сайысты ұпайы аз оқушы бастайды. 2 - ші айналымнан кейін ұпайы аз 2 оқушы сайыстан шығады. 1 ұяшық: аяқ, қол,арқа,бас – бәле Жауабы: басқа бәле тілден 2 ұяшық: тіл, сөз, ет, қан – өтер Жауабы: сөз сүйектен өтер 3 ұяшық: аспаз, аңшы, батыр, етікші - бастар Жауабы: батыр қол бастар, шешен сөз бастар 4 ұяшық: намыс, ұят, ар, өлім – күшті Жауабы: өлімнен ұят күшті 5 ұяшық: жуас, жуан,осал,қорқақ – шығар Жауабы: жуастан жуан шығады 6 ұяшық: ана, ата, жеңге, сіңілі - өсер Жауабы: анаға қарап қыз өсер, атаға қарап ұл өсер 7 ұяшық: тіс, тас,құлақ, қол - тіл Жауабы: тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады. 8 ұяшық: адам, шүберек, қалам, бала, дала Жауабы: адам көркі шүберек 9 ұяшық: мектеп, білім, қалам, парта, кітап. Жауабы: кітап білім бұлағы ІІІ. « Ойлы болсаң, озып көр » Бұл кезеңде сіздер көнерген сөздердің мағынасын ашасыздар (көнерген сөздер ұяшық ішіне жасырылған) Тапсырмалар саны – 3. Дұрыс жауап – 10 ұпай. Толық емес жауап - 5 ұпай 1. Ит марғау Мысық Тауық Шошқа Жауабы: мысық төлі марғау (соқыр) 2. От көсейтін құрал Әндеме Қайрақ тас Үй сылай-тын құрал Тасымал құралы Жауабы: сылақшының үй сылайтын қалағы 3. Диірменнің үстіңгі тасы Балбал тас Малға су беруге ар-налған Құдықтың қақпағы Мүсіннің жанына қойылған тас Жауабы: мүсіннің жанына қойылған тас бағана Қорытынды: Бүгінгі сайысымызда, сөзге жүйрік, тілге шешен екенін танытқан, қазақ тілінің қадір қасиетін бағалай білген_________________сөз мергені деген атақ береміз. Жеңімпаздарды марапаттау. Бүгінгі біздің тіл танымдық сайысымызға келіп қатысқан қатысушыларымызға және жиналған көрермендерге баршаңызға рахмет.Қазақ тілінің мәрметебесі асқақтай берсін, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Источник: http://внеклассное | |
Просмотров: 1276 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|