Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческая мастерская

Оқушыларды шығармашылық ізденіске халық-ауыз әдебиеті арқылы баулу
Жаңа заман баласы - ертеңгі еліміздің болашағы. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі жан дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Ол үшін баланы сәби кезінен бастап халық ауыз әдебиетімен сусындандырып, құлағына құйып өсіру керек. Яғни, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетінің алар орны ерекше.
Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады. Олар ертегілер оқып, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстыра отырып әңгімелеуге үйретіп, ертегі-әңгімеде кездескен кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образды сөздер мен диологтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білуге баулиды.
Қиял – ғажайып дүниесінен туған сан қилы оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – мақал-мәтелдер, ой қозғайтын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар балалар бақшасында кең қолданылатын дүниелер болып саналады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ой – өрісін дамытып, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуда ертегінің рөлі зор. Ертегі - қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Одан бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. Адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен берілсе, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Ертегі айтушының шынайы шеберлігі оның әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізуі арқылы көрінеді.
Сонымен қатар балабақша балаларын тәрбиелеуде кеңінен қолданылатын халық ауыз әдебиетінің бір саласы мақал-мәтелдер болып саналады. Қазақ халқының мақал-мәтелдеріне мынадай адамдық қасиеттер өзек болған: қайырымдылық, кішіпейілділік, адамжандылық, жақсылық, ізгілік. Бұған мысал ретінде «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет», «Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені, шын достықтың белгісі – көп кешікпей келгені», «Жақсы болсаң – жақын көп», «Ұлық болсаң – кішік бол» т.б. мақал-мәтелдерін атап кетуге болады.
Жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеуде, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятуда «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын», «Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас», «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» т.б. мақал-мәтелдердің құндылығы орасан зор.
Халықтық шығармалар ішінде баланы тәрбиелеумен қатар дұрыс айқын сөйлеуге үйретіп, тілін дамытатын жанр – жаңылтпаш. Сәбидің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде кейбір дыбыстарды айта алмаса, кейде қинала айтады. Бұл жағдайдың алдын алу үшін бала қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтқызып, жаңылмай жаттықтыру керек. Сонда сөйлегенде де мүдірмей, анық, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.
Тәрбиешінің міндеті - жаңылпаштарды балаларды тәрбиелеуде олардың жас ерекшеліктеріне сай, сауат ашу сабақтарының мазмұнына лайықты етіп, тіл дамыту құралы ретінде дұрыс қолдана білу. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбиеші қазақ халқы мен өзге халықтардың көркем сөзді қандай жаңылтпаштары бар екенін жақсы білуі қажет, бала жанын баурап алатын, тіл дамытудың қисынды қиюластырылған көркем жаңылтпаштардың әр түрін сараптап, талдай алатындай болуы шарт.
Мектеп жасына дейінгі баланы айналасындағы қоршаған әлеммен таныстырудың тағы бір құралы ол – жұмбақ. Жұмбақтар тіл мәдениетін тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой-қиялын ұштастыруға әсер етеді, баланың ойлау қабілетін дамытады. Ол баланың күнделікті өмірде көріп жүрген жанды-жансыз заттарына ұқсас нәрселерді сипаттай отырып, сол нәрсенің негізгі белгілері қандай, ол немен салыстыруға болады деген ой елегін көз алдына елестете отырып, қоршаған дүниені бақылап, бағалауға баулиды. Жұмбақтың жауаптары, көбіне, табиғат жайы, адамның денесі, хайуанат пен өсімдік, бақташы, егінші, елдің еңбек процесі, еңбек құралы, азын-аулақ техника жайы сияқтылар болады.
Математикадан қолданған ауыз әдебиетінің бір бөлігі санамақтарда баланың ойлау жүйесін жетілдіріп, оның желілі нұсқалары тапқырлықты танытуға құштар етеді. Сандарға сәйкес сөздерді қосып айту арқылы сөздік қорын байытады. Мысалы:
Бір дегенің-білеу,
Екі дегенің-егеу,
Үш дегенің-үскі,
Төрт дегенің-төсек,
Бес дегенің-бесік.
Ауыз әдебиеті үлгілерінің тағы бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз негізінде әңгіме, кейде өлең, жыр түрінде болуы да мүмкін. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мысалы, қазақ аңыздарында Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б кейіпкерлердің ұлағатты істері баяндалады. Аңыз әңгімелер балаларды батырлыққа, елжандылыққа тәрбиелейді. Ондағы кейіпкерлерді өздеріне үлгі тұта отырып, балалардың патриоттық, отансүйгіштік сезімдері оянады.
Ойымызды түйіндесек, «халық айтса қалт айтпайды» демекші тәрбие басын тал бесіктен бастағанның өзі де еліміздің ертеңін ойлаған, яғни, атадан балаға жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызды, салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді қадірлеу, балаға сәби кезінен қалыптастырған жөн.
Бүгінгі жас жеткіншектердің бойына халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келе жатқан ар-намыс, ождан, атамекені мен ана тіліне деген сүйіспеншілік, әдет-иба, қайырымдылық, үлкенді, ата-ананы құрметтеу қасиеттерін дамыту балабақшаның негізгі міндеті боп отыр. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі жайындағы озық ұлттық мұраны бүгінгі тәлім-тәрбие жұмысына енгізуді аса маңызды міндет деп қарастыру қажет.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Нигметжанова Г.К. «Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуы», Вестник КАСУ №1 - 2006
2. Меңжанова А. «Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы тәрбиелеу», Алматы, Мектеп 1987ж
3. Г. Қ. Белгібаева "Мектепке дейінгі мекемелердегі патриоттық тәрбие" пәні бойынша лекциялар курсы; Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды, 2011
Категория: Творческая мастерская | Добавил: gkumpeysova (2016-08-04) | Автор: Кумпейсова Гуля Мерекеновна E W
Просмотров: 909 | Комментарии: 2 | Теги: gkumpeysova, Оқушылардың функцианалды сауаттылық | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 11:18 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru