- Сабақ конструкциясы мен методтарын таңдауда мұғалімдердің толық еркіндігі болуы керек. Бұл педагогикалық мақсаттар мен дидактика ұстанымдарын орындауға мектеп басшыларының бақылауы мен талаптарынан босату емес. Сабақ әдіс-тәсілдерін таңдаудағы еркіндік - оқу-тәрбие процесін іске асыруда мұғалімге берілген қоғамдық сенім деп түсінген дұрыс. - Мұғалімнің сабақтағы өз қызметін моделдеуі, сөйлейтін сөзі, әрекет қимылы, көңіл-күйі т.б. жайларға да дайындық жасауы тиіс. Мұғалімнің негізгі құралы -сөз. Сөздің орнын ешқандай дп ТСО-лар ауыстыра алмайды. Сөздің мазмұндылығы, жүйелігі, түсініктілігі, айқындылығы, дәлдігі, образдылығы - мұғалімнің нағыз творчествосы. Айтылатын сөзін дайындағанда неден бастап, неден аяқтау, оқу материалын қалай жүйелеу, алғашқыдан келесі мәселеге қалай көшу, оқу материалының басты ұғымы мен идеясын қандай сөзбен жинақы етіп айтып беруді айқындаған жөн. Сабақтағы барлық сөзін жазу немесе ойда сақтап сөйлей білу қабілетіне байланысты. Әр сабаққа жоспар-конспект керек. Ол мұғалімнің дербес "кухнясы" Жоспар - конспект сабаққа керек емес, сабаққа дейін қажет. Демек, ол алдын-ала жоспарлағандай болып өтуі үшін керек. Сабақта оқып беру үшін емес. Бұндай жоспар-конспектілер мұғалімнің жеке творчестволық көрсеткіші. Оны жазып қалдыру, болашақта толықтыру, дамыта түсіп жетілдіру үшін қажет. - Тәжірибеде сабаққа дайындалудың төмендегідей ережесі ұсынылады: р.s. / жалғасы бар /.