Амерханова Майра Жанатбекқызы, Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, тарих-педагогика факультеті, бейнелеу өнері және сызу кафедрасы, кәсіптік оқыту мамандығы, П-309 тобы. «Оқушыларға ұлттық киім үлгісін әзірлеуді үйрету арқылы еңбекке қызығушылығын арттыру» Еңбек-өмірдің тұтқасы,тіршілік көзі.Еңбексіз өмір жоқ.Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жа-салады. Халқымыз балаларды ерте бастан еңбекке, мысалы, алуан түрлі еңбек бұйымдарын жасауға тарту балалардың жас ерекшелігін ескере отыра,ой-өрісін, шеберлігі мен дағдысына талапты күшейту барлығы халықтың салт-дәстүрлері арқылы жүзеге асырды. Кез келген халықтың өнері мен мәдениеті өмір сүретін жерінің ерекшеліктеріне қарай түр-түсі, сипаты жағынан әртүрлі болады. Халықтардың ұлттық киімі мен қолөнерінің қалыптасуына өмір сүру ортасының табиғи және әлеуметтік - экономикалық жағдайы, діни сенімдері әсер етеді. Онда халықтың әсемдік талғамы, өмір салты, әлеуметтік ахуалы көрініс табады. Адамның сыртқы сұлулығын паш ететін киім және киіну.Киім әр халықтың өткендегі материалдық мұрасының ғажайып бір айғағы. Көшпелі қазақ халқының өмір салты мен құбылмалы табиғат талабы тамаша киім үлгілерінің дүниеге келуіне себепші болды. Себебі киім адам денесін әр түрлі ауа-райының факторларынан қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойының, эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Яғни, осы қазақ халқының ұлттық киімдерін дәріптеу арқылы оқушылардың еңбек сабағына деген қызығушылығын арттырудың түрлі тәсілдері бар. Алдымен ұғыммен таныстыру. Қазақ халқының ұлттық киімдері климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сыртқы, біркиер, салтанат киімдері болады. Біркиер киім қымбат матадан тігіледі. Той думандарға барғанда, жат елге іс сапарға шыққанда киетін сәнді киім болған. Ішкі киімдер: көйлек, желет, кәзекей; сыртқы киімдер: шапап, кеудеше, тон т.б жатады. Қазақ әйелінің ұлттық киімі: көйлек, камзол, кимешек, тақия, сәукеле, кебіс, мәсі, т.б. Екіншіден, тігін бұйымдарына негізгі материалдарды таңдау және оларды ұтымды қолдану ең маңызды, сондықтан материалдардың қасиеттерін, құрылысын,олардың ассортиментін және сапасын білу қажет. Тігін өнеркәсібінің мамандары ең алдымен,тігін бұйымдарына арналған тоқыма материалдарына қойылатын талаптарды, және нақты тігін бұйымдарына арналған материалдардың бағалануын білуі керек. Суретші-модельер, құрастырушы, және технолог тоқыма материалдарымен жұмыс істегенде, оның қасиеттерін біліп қана қоймай, киімге таңдалған материалдарды өңдегенде, осы өзгерісті бұйымның нақты пішімін немесе силуэтін жасауда қолдануды терең білу қажет. Заман талабына байланысты технологиялық әдістері пайдаланып қызықты, жан-жақты тәсілімен өткізе алсақ, болашақ ұрпақтың білімді болатынына сенемін.
|