Главная » Статьи » Творческая мастерская |
Әбдірахманов Мархабат Мейрамханұлы, Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, тарих-педагогика факультеті, сызу және бейнелеу өнері кафедрасы, кәсіптік оқыту мамандығы, П-309 тобы. «Технология сабақтарында ағашты көркемдеп өңдеудің ерекшеліктері» Ата-бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан-теңіз. Ата-баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына.Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу,бағалай білу біздердің,кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматтық, ұлттық парызы.Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару операцияларымен таныстыру қажет. Ағаштан жасалған бұйымдардың түрлерімен танысып, ойлау, танымдылық қабілеттері дамып, икемділік дағдылары қалыптасады. Пәнге деген қызығушылығы артады. Ағаш табиғаттың сыйы. Ағаш үш бөлікке бөлінеді: тамыры, діңі, ұшарбасы. Ағаш материалдары ағаш діңінен алынады. Тақтай бетінде сызықтар болады. Оларды текстура деп атайды. Текстура - ағашты тігінен тілгендегі жылдық сақиналардан пайда болған сызықтар. Ағаш текстуралары түссіз лакпен боялғанда бұйымға ерекше рең береді. Ағаш бұйымдарын әртүрлі түспен бояу әрлеу деп аталады. Әрлеу арқылы біз ағашты қоршаған ортаның зиянда әсерлерінен қорғаймыз. Осылайша ағаштан жасалған бұйымдар бізге ұзақ қызмет етеді.Ағаш өңдеуде біздің қазақ халқы алдына жан салдырмайтын, ағаштан түйін түйетін халық. Қазақ шеберлерi көбiне қаптамалы өрнектеудi қолданған, мұнда бұйымның бетiне оюланған сүйек тұтастай жапсырылып, қапталады. Ондағы сүйектен ойылған әрбiр өрнек жеке-жеке орналасқанда текемет-сырмаққа салынған оюдың композициясындай жалпы жарасым тауып, бiр-бiрiмен әдемi үйлеседi. Қасиетті саналатын ұлттық бұйымдарымыздың жасалу технологиясы мен олардың әшекейленуі эстетикалық тұрғыдан алғанда басқа халықтардан кем түспейді. Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады. - бұйымның негізін талаптарға сай тазалау; - бұйымдарды бояу, оған әр беру; - боялған бұйымдарды тазалау, лактау Ағашқа ою салу өнерi, әсiресе, солтүстiк аудандардан бастап, бүкiл Қазақстан аумағына кеңiнен таралған. Стилистикалық тұрғыда ол қазақтың халықтық қолөнерiнiң басқа да барлық түрлерiмен, ең бастысы, киiзден және былғарыдан оюлап көркем бұйымдар жасаумен тығыз байланысты. Киiзден оюлап жасалған дүниелер, өрмелер мен тоқымалар кестелеу және халық өнерiнiң басқа да түрлерi тәрiздi ою-өрнек салынған ағаш бұйымдары киiз үй жиһазының сәнiн келтiрiп, үйге қажеттi тұтыну аспаптарын толықтырған, сөйтiп, өнер туындысына айналған. | |
Просмотров: 687 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|