Главная » Статьи » Творческая мастерская |
Салт-санам асыл қазынам Тайжанова С.К., Қарағанды қаласының №134 ЖББ негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуін қалаған, армандамаған қазақ халқы болмаған шығар, сондықтан бұғанасы қата бастаған қыз баланы үй сыпыру,төсек жинау,ыдыс-аяқ жуу,шай құю,ас пісіру,су әкелу,сиыр сауу,өрмек тоқу,іс тігу сияқты шаруашылықтың әр түріне,ал ұл балаларды қозы-лақ қайыруға,отын шабуға,қора салуға,ағаштан әр түрлі бұйымдар жасауға үйреткен,яғни қолөнер шеберлігіне баулу...Жастарға ән айтқызу,күй шерткізу,өлең-жыр жаттату,жаңылтпаш,жұмбақ үйрету,теңге ,жамбы ату,аударыспақ,күрес тағы басқа да ұлттық ойындарды үйрету тәрбиенің өзекті мәселесі болған. Ал,алтыбақан,шілдехана,қыз ұзату,келін түсіру сияқты ойын-тойларды немесе өлген адамға ас беру жиындарында өнер сайысы өткізіліп,жеңіпаздарға бәйге беріп,ел-жұрт болып мадақтаған.Қыз-жігіттер бас қосқан жерлерінде бір-біріне жұмбақ айтып,ән салып,күй шертісіп,өнер сынасқан.Кішіпейілділік,сыпайылылық,ата-ананы құрметтеу,үлкенді сыйлау,халықтық тәрбиеде ерекше орын алған. Жас ұрпақты өнерсүйгіштікке,адамгершілікке,ізгі қасиеттерге баули отырып,елін-жерін қорғау,ар-намысы үшін күресе білуге,өзінің дінін,салтын сақтауға тәрбиелеу –біздің бірінші кезектегі міндетіміз.Бұрынғы біздің ата-бабаларымыздан қалған «Қызға қырық үйден тыю» демекші ұрпақ тәрбиесі қай қоғамның болмасын көкейкесті мәселесі болып табылады.Қазіргі кездегі өзіміз көріп жүргендей қыз балалардың жартылай жалаңаш,құлақтарына бірнеше жерден сырға тағып ,мұрындарын тескен және ұлдарымыз құлақтарына сырға тағып шаштарын жіберіп жүрген жастарымызды көргенде еріксіз қынжылатынымыз сөзсіз. Демек, өсіп келе жатқан жастарымыздың бұл қылығын аумалы – төкпелі заманымыздан ба, әлде өздері араласып жүрген ортадан көреміз бе? Десекте қазағымызға тән, қанымызға сіңген, ата – бабамыздан қалған салт – дәстүріміздің жоғалғаны ма? Жоқ , қазіргі таңда Тәуелсіздігімізді алған таңда бұл салт дәстүрімізді жоғалтуымыз мүмкін емес. Жаңарғаны сананың, Ұмытады мұны кім? Ата – бабам дәстүрін . Жайып салар келді күн. демекші ,Біздің халқымыз – ырымшыл , той – думаншыл халық емес пе ? Баланың дүниеге келгеннен бастап ,ержеткен ұлы мен бойжеткен қызы қосылып ,оларды отау етіп шығарғанға дейін ата – ана баласына той жасау мен болған . Сол тойлардың бірі Сүйінші , яғни қуанышты хабар жеткізу . Қазақтың өзіндік салтындағы «той бастар» айтқан жігіт,алтыбақан тепкен қыз-бозбала,шілдехана мен сүндет тойға жиналған үлкен-кіші,жар-жар айтқан жас желең,ұзатылып сыңсыған қыз,бесік жырын төгілткен ана,азан шақырған молда,өлгенді жоқтаған шаңырақ,бәрі-бәрі көкейіндегі ой - сырын,мұңын тыңдаушысына ән әуенімен әрлендіріп,тас жүректің өзін елжіреткендей етіп жеткізген. Олай болса,жас ұрпақтың санасына сіңіріп,салт-дәстүрін сақтауға,әдет-ғұрпын кеңінен қолдануға үйрету үшін әр сабақта қалыптастырып,халықтың педагогикасымен ұштастыра отырып оқыту.Оқушыларды қайырымдылыққа, жоғары жауапкершілікті сезінуге,өзінің ұлтын,халқын отанын қастерлеп,оған қалтықсыз қызымет етуге тәрбиелеу,олардың білім ынтасымен қызығушылығын көтеру,алған білімін табиғат,тұрмыс,өмір заңдылықтарымен байланыстырып,олардың ойлау қабілеттері мен тіл шеберліктерін дамытуға,тапқырлыққа,суырып салма шешендікке,алғырлықпен ептілікке,ерлікке,қажеттерін айыра білуге,еңбекқорлыққа тәрбиелеу,салыстыру,үйрету әр ата – ана мен мектептегі мұғалімдердің қосатын үлестері өте үлкен .Ата – бабамыз «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» қазақ халқының тегін ұғынып, ұлттық сананы бойына сіңіріп және оны сол қалпында әрі қарай жалғастырушы өсіп келе жатқан жас өспірімдердің санасында . Қазақ халқының қасиетті сөздерін бойына сіңіріп, салт – дәстүр мен әдет – ғұрпын сақтаған . Сонымен қатар салт – дәстүрдің түрлерін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес . Десекте ,сол ата – бабамыздан қалған салт – дәстүрлерімізді яғни басқа ұлт өкілдеріне таныстыру , көрсету, патриоттық сезімдерін ояту , осының өзі елін сүйіспеншілікке ,құрметке , сезімге бөлеу емес пе? Қазақ халқы салт – дәстүрге өте бай ел .Бұл оның мәдениетті , әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы .Белгілі қоғам қайраткері , заңгер Н . Шайкенов «Ұлт дәстүрі - заңнан биік» деп , салт – дістүрлі ел – мықты , әрі түп – тамыры кеңінен тараған ел . Сондықтан да ұлттық тәлім - тәрбие салт- сана , адамгершілік , отаншылдық ,ерлік , мәрттік , жомарттық , қайрымдылық қасиеттері осы ата – бабамыздан дарыған .Олай болса көптен аңсап Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп , әдет – ғұрып пен жөн жосықты біліп үйрену және өмірде қолдану , ағайынды адастырмас сара жолға салдыру ,отбасында да еске түсіріп , күнделікті сабағымызда қолдансақ алдағы өмірде болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұтарымыз да, ұстанарымызда көп деп білемін . Сондықтанда салт – дәстүрді сақтау өз алдына «Жеті атасын білмеген , жетесіз » деп жатамыз .Қазіргі кезде жеті атамызды білмей ақсап жатқан жайымызда бар ,олай болса дінімізді ,салтымызды ұмытпау үшін салт – дәстүрдің бірнеше жолдарының түрлерін есімізде бірі – болмаса да бірі қалары сөзсіз екені қақ .Салт – дәстүрді сақтаудың бірнеше жолдары бар «.Адам алдына қарап өседі ,алдына қарап ойланады» - «.Атадан ұл туса игі ,ата жолын қуса игі» деп бабаларымыз айтқандай . Әке тұрып ұл сөйлегеннен без , шеше тұрып қыз сөйлегеннен без – дегендердің бәрі халық ішінде теңіздей терең алмастай асыл ой жатқандығын білдіреді . Сөйте тұра жаста берген тәрбие , ата – бабамыздың ұлағатына үн қосып Бала бесікте бекиді , Шаңырақта шыңдалады . Сөйлегенде жетіледі , Жазғанда төселеді – деп үйреткен. Сондықтан «Жақсы бала сүйеніш , жаман бала күйініш» деп бекер айтпаған . Мысалы: Ата – баба дәстүрін ешкім аттап кете алмайды. -Кіші , үлкенді сыйлау, яғни, ізеттілік таныту . -Сәбиді бесікке салғанда , жол нағашыларына . -Бесікті отпен аластау , жас нәрестеге бата беру . -Үлкеннің жолын кеспеу . -Қайын інісіне, қайын сіңілісіне ат қою сияқты көптеген әдет – ғұрыптарымыз көп. -бесікке салу; - қыз ұзату; -мүшел той; Мойнымдағы маржаным Қорадағы мал – жаным, Бесігіңе жата ғой , Тәтті ұйқыға бата ғой , Балам жатсын бесікте , Пәлесі қалсын есікте .( Бесік жыры нан ) -той бастар; -жар- жар; -сыңсу; -тоқымқағар ; баланың ата – ана үйінен алғаш рет ұзап шыққандығына арналған той . -сүндет той –ер баланы тақ 3, 7 ,5, жасында отырғызады .Сонымен қатар -----сүндет той – үлкен рәсім . Ол- әр ата – ананың борышы . -шілдехана; Қаз –қаз , балам , қаз, балам , Қадам бассаң ,мәз болам . Тағы – тағы баса ғой , Тақымыңды жаз , балам , Қаз баса ғой , қарағым , Құтты болсын қадамың!( Тұсаукесер жырынан) -азан шақырып ат қою; Қазақ ғұмырында 7, 9 , 30, 41, сандары қасиетті деп есептеледі .Соның бірі – баланы «Қырқынан шығару » дәстүрі . -бата беру; -Ғалым болып шық ! -Халқыңның адал азаматы бол ! -ас қайтару; -қыз бала келіндерден жоғары отыру; -той бастарда немесе беташар айтқандарға кәде беру. Осылардың бірін есімізге сақтауға, өсіп келе жатқан ұрпағымыздың бойына салт –сананы сіңіретіндей ,санасына жеткізетіндей, дінін ,тілін ұмытпайтындай етіп тәрбиелеуге ұмтылайық ағайын. Пайдаланылған әдебиеттер ; 1. «Қазақ тілі мен әдебиет».Журнал. (№4,5,9 2008-2009). 2. Қазақ тілі .Ш . Бектұров , А . Бектұрова. «Атамұра»-2008. 3. Салт – дәстүрі халқымның Г . Қисықова 2008. | |
Просмотров: 4366 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|