Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческая мастерская

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ
ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ.
Серикбаева Э.Ж.
Ақтөбе қаласы ММ №29 ОМ

Қазіргі әлемдік өркениетте әлеуметтік-экономикалық жағдайға сәйкес білімділік мақсаттарды стандарттау, білім берудің бағыты тұлғаның құзыретін жалпы дамыту үшін, ең алдымен оның жеке түйінді құзыреттілігіне негізделген оқушының дарындылық, ғылыми- зерттеу жұмыстарында қабілеттерін анықтай отырып, тәрбиелеу айқындалып отыр. Бүгінгі бала – қоғамның ертеңгі мүшесі. Сондықтан баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы, қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Қазіргі заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеудің түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру парызымыз.Оқушыларға тиянақты да, сапалы білім беру ол ізденіс арқылы, оқушының құштарлығы мен қызығушылығы арқылы, сабақта жаңашылдық әдстерді пайдалану арқылы оқушыларды өздігінен еңбек етуге, алған білімін жаңа материалдармен ұштастыра білуге дағдыландыру. Ғылыми жұмыс жазу барысында оқушының бойында ізденіс әрекетін ұйымдастыру, проблеманы тану және оны шеше білу дағдысын қалыптастыру керек.
Тәрбие және зерттеу барысына қойылатын талаптар:
оқушылардың ойлары мен түсініктерін қалыптастыруға көмектесу, оларды ашық айтуға үйрету.
оқушыларды өзінде бар түсініктерді қарама –қайшы құбылыстармен ұштастыру.
алдын ала болжау, тұспалдау, альтернативті түсінік бере білуге үйрету.
оқушыларға зерттеу жұмыстарын еркін және оңаша жағдайда, әсіресе, шағын топтарда талқылау арқылы жүргізуге мүмкіндік беру.
оқушыларға алған мағлұматтарын кеңінен пайдалануға және оларды қолдану мүмкіндігін бағалай білуге мүмкіндік беру.
Жаңа технолгияны меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу –тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Белгілі психолог
Л.С. Выготский: «Дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесі ғана баланың жеке басының дамуын ілестіре алады,»- дейді. Сондықтан оқыту процесі жаңа инновациялық әдістер мен жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді. Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні - білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Ал инновациялық оқыту дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу. Қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде мектепте білім беру жүйесі көптеген өзгерістерге ұшырауда. Оған себеп:
ақпараттық технологияның жедел дамуы;
жаңа типті мектептердің пайда болуы;
дарынды балалармен жұмыс істеу бағдарламасының дүниеге келуі:
балаларды шет елдерге оқыту мүмкіндігі туды.[2: 4-6]
Жалпы ғылыми- зерттеушілік жұмыстарға қабілетті, көбінесе шапшаң, тез ойланатын, көп көлемде білім меңгеретін, оны ұзақ уақыт ұмытпайтын және олардың түсінігі өте жоғары, сезімтал, ойға алған нәрсесін, алдына қойған мақсатын қалай да орындауға тырысатын, адамгершілік сезімі ерте дамыған, моральдық қасиеттерге өте бай, қиял күші басым оқушылармен жұмыс жасаймыз.
Оқушылардың тәрбиелік және ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін басты мына мәселелерге тоқтолған жөн.
- әрбір оқушының жек-дара ерекшеліктерін ескеру;
- оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, ізену дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Қабілетті оқушыларды ерте айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі міндет болып табылатынына бүгінгі таңда ешкім шүбә келтірмейді. Арнайы бағдарда оқыту тәсілінің негізінде зерттеуші оқушыларға практикалық көмек көрсету , психо-диагностикасын жүргізу, қабілеттерін зерттеу арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болады. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, зерттеушілік қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Үйірме жұмыстарын, оқушылардың қай пәнге деген бейінділігін анықтап, олимпиадаға дайындау, конференция , КВН, дәстүрлі емес сабақ түрлерін жүргізуді ұйымдастыру жұмыстарын өзін-өзі басқару әдісі бойынша жүргізу керек.
Оқушылардың қабілеттерін артыруда , логикалық ойын пайдалану үшін және зерттеушілік қызметін жандандыру да жаңалық ашуға жетелейтін жолдың бірі – өздігінен тапсырма құрастыру. Тапсырма құрастыруда оңайдан бастап, біртіндеп күрделендіре түскен пайдалы. [1: 8-9]
Бүгінгі таңда жеке тұлға, яғни зерттеушілік тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Осы жолда педогогикалық технология оқыту мақсатында жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оқушылармен ғылыми - зерттеу жұмыстарын дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен соңғы кезде деңгейлеп оқыту, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану өте тиімді. Бұл әдіс педогогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың тұжырымдамасы негізінде жасалған.
Жалпы оқушылардың тәрбиелік және ғылыми –зерттеу жұмысындағы жаңашылдықты қалыптастыру үшін зерттеу топтарын құру өзектілігі мынаған саяды:
-бірінщіден, оқушылардың үрдісін демократияландыру және ізгілендіру.
Бұл оқушының тұлғалық әлеуетін аша түсуге қажетті жағдай туғызады;
-екіншіден, оқушының оқу жәңе тәрбиелік деңгейін анықтайтын педогогтердің кәсіби шеберлігін дамыту міндеттері;
үшіншіден, оқушының білімін арттырудағы мектепішілік жүйесінің қажеттілігі.
Оқушылардың мүмкіндіктерін айқындап, инновациялық тәрбие мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдану саласын және ынталандыру әдістерін анықтау керек. Мұндағы зерттеу қызметі шығармашылық ізденіс бағдарламасын жасау, қазіргі заманғы әдебиеттерді оқып-үйренуге, оқыту мен тәрбиелеу нәтижелерін жасау, оқушылардың даярлық деңгейін және олардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып даму динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. [1: 10-11]
Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын дамыту үшін

Тиімді Жалпылау,
әдіс-тәсілдер Арнайы Оқушылардың тұжырымдар
қолдану жұмыстар өздеріне сол жасау
жүргізу, жұмысты
тапсырма беру талдату,
салыстыру
Ғылыми –зерттеу жұмыстарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын әдіс –тәсілдер: 1. Тақырыпты мамұнына қарай жинақтау; 2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру; 3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу; 4. Әңгімені салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу; 5. Қиялдау арқылы сурет салу; 6.Өлең шумақтарын құрастыру; 7. Мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау;8. Әр түрлі тақырыпта пікірталас, сайыс өткізіп, алған әсерлерін шығарма етіп жаздыру. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Сондықтан, оқушыларды ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.
«Ғылыми –зерттеу » түсінігі «Үлкен кеңес энциклопедиясында»: «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» деп түсіндіріледі.
Ғылыми -зерттеу тәртібін ғалым А.И. Савенков күрделі психологиялық құбылыс деп түсіндіреді. Ғылыми –зерттеу - дарынды балаларды оқытудың негізі деп қарастырады. Онсыз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы танып, жұмыс жасау, оның шығармашылық деңгейін бақылау. Ғылыми –зерттеу жұмыспен айналысатын дарынды оқушыны қалыптастыру үшін жұмыстың мақсаты мен міндетін айқындап, оқушының ерекше қабілетін ашу жолдарына бағыт жасау керек.
Міндеттері: - Оқушының жек ерекшелігі мен қабілетін зерттеп, зерделеу; - Шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зерделігін дамуын назарда ұстау; - Оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.
Ғылыми жоба жарыстарына дайындауда төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек: 1. Тақырыпты қабілетіне қарай таңдау ; 2. Аталған тақырыпты ашудағы шәкірт еңбегінің сипаты, қосқан жеке үлесі; 3.Шешендік сөз саптауы, сөйлеу мәнері, ойын ұтымды,жағымды жеткізе алуы, өзін ұстауы,аудиторияны тартуы; 4. Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы; 5. Жұмыстың көркем безендірілуі.
Оқушының дарындылығын әлеуметтік қажеттігіне сай ғылыми негізіңде дамытудың шарттарын анықтап, оны қанағаттандыруда оқушылар ұжымының дайындық деңгейінің, дәрежесінің диогностикалық әр кезеңде жүргізу керек, себебі, ғылыми –зерттеу жұмысының екінші, үшінші кезеңдері осыны міндетті түрде талап етеді, өйткені, бұл оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты.
Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын оқушыны қалыптастыру жолындағы басты мақсат қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.[80-81]
Ғылыми- зерттеу жұмыспен айналысатын дарынды оқушымен жұмыс жүргізу үшін тақырыпты талдауға ақыл-кеңестер беріп,ғылыми –зерттеу орындарымен таныстырып, пайдаланатын әдебиеттерді іздестіру жолдарын көрсету керек. Сонан соң тақырыппен жұмыс жүргізу жолдары, архив материалдарын пайдалану, газет –журналдар тігінділерімен жұмыс істеу, қариялар аузынан фактілер жинақтауды ұғындыру қажет. Білім ғана адамды адам етеді, жетілдіреді және сақтайды. Білім таусылмайтын байлық .
Ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушының интеллектуалдық дамуының өсу деңгейін арттырады. Ғылыми сипаттама беруді үйренеді. Ғалымдардың тәжірибесіне негізделген материалдарды іздестіріп, танымдық белсенділігін арттырады. Ғылыми еңбектермен жұмыс жасау әдістерін меңгереді.Ғылыми жұмыстардың теориялық және тәжірибелік аспектілерін шешуде шығармашылық белсенділік көрсетіп, ғылыми нәтижесін алады. Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады. Еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары деңгейде көтеретін ұрпақ даярланады.
Оқушылардың тиімді ғылыми –зерттеу ізденіс жұмысына осы айтылғандардың беретіні : а) Ғылыми –зерттеу жұмысы әрдайым ізденіске жетелейді және оны шығармашылық түрде орындайды.; ә) Күнделікті ғылыми –зерттеу жұмысына әсер ететін өзіндік білімін жетілдіреді.; б) Алған білімнің әртүрлі ғылыми – зерттеу жағдайларына пайдалана білуге және ұтымды нәтиже алуға бағыт береді.[ 5: 7-8]
Жеке тұлғаны қалыптастыруын дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жолында неғұрлым тиімді шараларын енгізу бүгінгі ұстаздың жауапты істері болу керек. Мұндай бағыттағы шараларды жүзеге асыру үшін жоғарыда айтып кеткендей бүгінгі күн талабы – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпаратттандыру, халықаралық ғылыми коммуникациялық желілерге шығу екендігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңында белгіленген.
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» - деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, Қазақстанның өркениетті әлемге қол созып, бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына бірігудің басты тетігі - білім екендігі анықталған.
Қорыта келе, жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту тәрбие мен оқытудың бірлігін сақтай отырып, сабақты шәкірт жанының ішкі қуатынң оянуына ықпал жасайтындай етіп ұйымдастыру, оқу процесінде әрбір оқушының бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды қарым –қатынасына түсіру арқылы дамыту және оларды білім, білік, дағдылар негізінде қалыптастыру. Гуманист –педогог Я. Корчактың сөзімен айтқанда «Оқушыны ең алдымен көруге, түсінуге және сүюге үйрету қажет, оқуға үйрету одан кейін келеді».
Шындығында , оқушының білім алу процесінде жеке тұлға ретінде дамуы, қалыптасуы оқу мен тәрбиенің ұштасып, біртұтас процеске айналған жағдайында жүзеге асады.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Білім беру сапасы – Қазақстан Республикасының тұрақты даму ұстанымдарын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету кепілі» атты материалдар жинағы
2009 жыл
2. Республикалық ғылыми –әдістемелік журнал «Мектептегі ғылыми жұмыс» № 4,6. стр. 13, 19, 21
3. «Педогогикалық кеңес» журналы № 2,3 2011жыл стр, 17,23,27.

]
Категория: Творческая мастерская | Добавил: Эльмира (2012-03-14) | Автор: Серикбаева Эльмира E
Просмотров: 10358 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 9:27 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru