Главная » Статьи » Творческая мастерская |
Лексикалық тақырып: Шешендік сөздер. Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: қазақ өнерін әлемге танытқан шешендік өнер туралы туралы мәлімет беру. Грамматикалық тақырыбын практикалық жұмысымен меңгеру. 2.Дамытушылық: окущының ойлау, іздеу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. 3.Тәрбиелік: шешен адамдардың айтқан нақыл сөздері, халықтың мақал-мәтелдері арқылы қазақ халқының тарихына, мәдениетіне сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздендіру, ойландыру. Сабақтың көрнекілігі: кластер, асықтар,мақал-мәтелдер. Сабақтың дәйексөзі: « Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі- сөз. Кісі көркі – жүз, жүздің көркі - сөз» Ж. Баласағұн Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. -Сәлеметсіңдер ме, балалар, отырыңдар. Бүгін ерекше сабақ, өйткені бұл той сабағы болып өтеді. Тойда не істейді? - Адамдар ән, би, өлең, жыр, құттықтау сөздер айтады, ойын, жарыстар өткізеді. -Әр адам өз өнерін, өз шешендігін көрсетеді. Той неден басталады? - Шащудан. - Ал сабағымыз өткенді қайталаудан басталады. 2.Өткенді қайталау. Қоржының ішінен балалар асықтарды біртіндеп алады. Олардың сандары бойынша сұрақтарға жауап береді. 1. Музыка зерттеушілердің ірі өкілдерін атап беріңдер. (Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина) 2. Дәулеткерей Шығайұлының шығармаларын атаңыз. («Ысқырма», «Қос алқа», «Қыз Ақжелең») 3.Ішекті аспаптарын ата. (домбыра, қобыз, жетіген) 4.Әйелдер қандай музыкалық аспабында ойнаған? (шаңқобыз) 5.Құрмалас сөйлем дегеніміз не? 6.Дина Нұрпейісова кімнен бата алған? (Құрманғазы) 7. «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі кім? (Нұрғиса Тілендиев) 8.Үрмелі аспапты атаңыз. (сыбызғы, сазсырнай,дауылпаз) 9.Динаның күйлерін атаңыз. («Той бастар», «Бұлбұл», «Әсемқоңыр») 10.Нұрғиса Тілендиев кім? 3. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын айту. Ал қазір « Көкпар» ойын ойнайық . Кім жылдам, тапқыр сол жеңіді. .Ой шақыру әдісі: « Кеше» деген сөздің екінші буынын алыңдар. «Пішен» деген сөздің екінші буынын алыңдар. « Мүмкіндік» деген сөздің жұрнағын алыңдар. Қандай сөз шықты, кім айтады? Шешендік 4. Жаңа тақырыпты түсіндіру Мұғалімнің сөзі: Шешендік өнер –ақындық, жыраулық, жыршылық айтыс секілді.Қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшелегін көрсететін негізгі жанрларының бірі. Шешендік сөздер көркем әдебиетінің жанрлары: ертегілер, батырлар жырлары, мақал- мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, баталар. Шешендік сөз парасатты ойға, ұшқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Шешендік сөз айтылған ойға, әрі қисынды, әрі жедел жауап қайтару.Яғни, шешендіктің басты қасиеті - тапқырлық, шапшандылық. Оқулықпен жұмыс. Шешендік өнер. 1.Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздермен сөз тіркес, сөйлем құрастыру. Шешендік - красноречие, ораторство қоғам- общество Туу- рождение озық-передовой Шығу- появление ой - мысль Лайықты – подходящий еркіндік - свобода Дауыссыз- бесспорный, верный бастауы - начало 2.Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінді тізбекпен оқиды. Мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар қойып, сөйлеседі. 3.Мәтінді бекіту сұрақтары Шешендік өнер халықаралық тілде қалай аталады? (риторика) Қазақ шешендік сөздерінің бастауы не? (мақал-мәтелдер) 5. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін қайталауға арналған тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерге синтаксистік талдау жасаңыз. Жолдасың көп болса, жалғызбын деме. (шартты бағыныңқылы) Б ұрынғыны айтпай, соңғы есіңе түспейді. (қимыл-сын бағыныңқылы) Біреуге жамандық тілегенше,өзіңе амандық тіле. (қарсылақты бағыныңқылы) Жаңа дос келгенде, ескі достың көзінен жас шығады.(мезгіл бағыныңқылы) 6.Топтастыру әдісі Сабақтас құрмалас сөйлем 7.Деңгейлік тапсырмаларды орындау. III деңгей 1.Мәтінді орыс тіліне аударыңыз. 2.Бір құрмалас сөйлемді теріп жазып, тұрлаулы мүшелерін табыңдар. II деңгей 1.Мәтінге диалог дайындаңдар. 2.Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, синтаксис талдау жасаңдар. Жасалу жолдарын түсіндіріңдер. 8. Сабақты бекіту А) Шешендік өнерге байланысты мақал-мәтелдерді жазып, мазмұнын түсініп айту. Шешендік - адамның көркі. Шешеннің сөзі – мерген, шебердің көзі – мерген. Шешендік күші - шындық. Шешен сөз бастар, батыр қол бастар. Ә) Шешен – бидің сұрағына оқушылар өз жауаптарын жазады. Ерте заманда Балаби деген атақты адам болған. Ол қартайған шағында дос- жарандары мен туыстарын жинайды да, оларға мынадай сұрақ береді: Жерден ауыр не? Судан терең не? Оттан ыстық не? Көктен биік не? Бұл сұраққа ешкім де жауап таба алмады. Мүмкін, сендер шешуін табасыңдар? В) Оқушалардың және Балабидің жауаптарын салыстыру. Оқушы Сұрақ Балаби Жерден ауыр не? ақыл, білім. Судан терең не? оқу, ғылым. Оттан ыстық не? адамның өмірі. Көктен биік не? тәкаппардың көңілі. 9. Анықтау тест. 1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?(6 түрі) 2. Шешендік өнер халықаралық тілде қалай аталады?(риторика) 3. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрақтары?(қайтсе? не етсе? Қайткенде? Не еткенде?) 4. Шешендік сөздерді айтушылар кім? (билер мен шешендер) 5. Мына сөйлемнің түрін анықтаңыз. Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып,қас шешендер сөз айтар. Бағалау: Білім дәрежісіне байланысты бағалау. 10. Рефлексия. «Шешендік» сөзден жаңа сөздер құрастыру. (шеше, еш, кеш, іш, ек, дене, енді, ішек, шеш,шешен,ене. іні) 11. Үйге тапсырма: 3-т, 79- бет. 12. Бағалау Қорытындылау. Той аяқталып келе жатыр өз шешендігімізді көрсетіп бата- тілек айтайық. Бір окушы бата айтады. Той сабағын аяқтап, Тілейтінім сендерге Тойымыз ұлысты болсын, Жеріміз ырысты болсын, Жорытқанда жол болсын, Жолдастарың көп болсын! Бестік баға мол болсын! Сабақ аяқталды. Қош сау болыңдар, балалар. | |
Просмотров: 9315 | Комментарии: 4 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|