Главная » Статьи » Творческая мастерская |
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті колледжі Агро –ақпараттық пәндік циклдік комиссия оқытушысы Жумахан Алия Ануарқызы Адамның ең қымбаттысы –өмірі. Ол адамға бір –ақ рет беріледі. Сондықтан оны «қайран босқа өткен жылдарым –ай» деп өкінбейтіндей, барлық күш –қуатыңды дүниедегі ең тамаш іске, адам баласын азат ету жолындағы күреске жұмсалады деп айтарлықтай етіп өткізу керек. Н.А. ОСТРОВСКИЙ Өмір – сен қымбатсың! Мақсаты: Оқушыларға тақырып бойынша жалпы түсініктер беру, білім көлемін кеңнйту. Зиянды әдептерден аулақ болуға тәрбиелеу. Адамзат баласына бір –ақ рет берілетін өмірді қадірлей білу. Өзіне –өзі қол салу жөнінде мағлұмат беру. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар 1 топқа бөлініп отырады. 1- жүргізуші: Саламатсыздар ма, қадірменді көрермендер. Бүгірні дебаттық клуб басындағы талқылайтын тақырыбымыз- «Өмір –сен қымбатсың»! Бүгінгі талқылатантын тақырып мынадай бөлімдерден тұрады: 1. Таныстыру. 2. Өз өмірім –өз қолымда 3. Өмір жайлы.... 4. Өмір –театр 2- жүргізуші. Ғашықпын, өмір саған көктем үшін. Қорқыныш, үрей үшін, от дем үшін. Ғашықпын өмір саған азды –көпті. Дәміңнен бұйырғаны жеткені үшін,- дегендей өмір адамзат баласына бір –ақ рет беріледі. сол қамшының сабындай қысқа өмірде өкінбейтіндей, мағыгалы өмір сүру қажетү 1- жүргізуші. Иә, өмір,өмір, өмір.... Аллаһ адамға өмірді тек бір рет қана береді, сол арқылы адамның бұл өмірдегі жасаған жақсылығына, адамгершілігіне, кішіпейілділігіне, өзі алданса да ешқашан өзге адамды алдамай, адал болса ғана өмірде шынайы бақытқа жеткізеді. өмірде басыңа қандай қиыншылық түссе де, соған төтеп беріп, шыдамды, сабырлы болып сол қиын кезеннен шыға білсең бұл да сенің жеңісің. 1. Таныстыру. бүгінгі пікірталасымызға қатысып отырған топтар өздерін таныстырып кетсе. сөз кезегі топ басшыларында. 2- жүргізуші. Өмір құлып, кілтін тапсаң ашасың Өмір өрт ол, қорқақ болсаң қашасың. Өмір деген сабырсызға қыс мәңгі. Өмір көктем болсаң егер ұстамды. 1-жүргізуші. Өмір –өзен, адамның көңіл күй сезімі де-өзен, уақыт та –өзен, тағдыр да –өзен. Сол бір өзенде сансыз қасірет пен қуаныш қатар ағып жатады, онда мұрат та, жауапкершілік те, өмірдің ащысы мен тұщысы да бар. Өмір. Бұл ұзақ жол. Бұл жолда әркім әр түрлі қиындықтар мен қызықтарға, бар мен жоққа, аштық пен тоқтыққа, қуаныш пен қайғыға кездесіп отырады. өмірде барлық адам бір жолмен жүрмейді, олар бірдей емес. Әркімнің өмір жолы әр түрлі. Десе де, әркімге өз өмірі қымбат. Қымбат боа тұрса да, кейде адам өз өмір жолында кездескен қиындықтарға төзе алмай әдепсіз жат әдеттерге беріледі. -Ал, ол қандай жат қылық? 2- жүргізуші. Кезекті келесі бөлімге берейік. «Өз өмір –өз қолымда». «Суреттегі ой» Әр топқа әр түрлі сурет таратылып беріледі. сол сурет бойынша оқушылар өз ойларын айтады. 1 топқа –иығына темекі асынып алған қаңқа, иығына арақ асынып алған қаңқа. 2-топқа- иығына щприц асынып алған қаңқа, өзін –өзі өлтірген адам суреті. -Міне, өздерің айтқандай, темекі, есірткі, ішімдік адам өміріне өте қауіпті дерт. Осы қауіпті дерттің соңы неге апарады? -Әрине, өлімге апарары анық. Сонымен зиянды әрекеттерден бойымызды аулақ салсақ, біздің өміріміз ұзақ та, мәнді болмақ. М.Мақатаев «Өмір жайлы» Өмір жайлы сұрай берме сен менен Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем, Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар Жалғыз ұлы қан майданнан келмеген. Жесір келін бір де бала көрмеген Жетім шалды бала орнына тербеген. Өмір жайлы не білемін мен деген Өмір жайлы сұрай берме сен менен. Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар Өміріне кегі кеткен өлмеген. Жалғыз айып тағылғанда көлденең. Ақиқаттың әппақ туын бермеген. Содан сұра, содан сұра өмірді, Нені көрді, нені сезді, не білді? Неге ақылды ақымақтан жеңілді. Жабырқаулы, біреу неге көңілді? Содан сұра, содан сұра өмірді. 2-жүргізуші. Келесі бөлімге кезек келеді. Келесі бөлім «Өмір жайлы» 1. «Өмір жайлы не білеміз?» 2. «Өмірге деген сендердің қөзқарастарың қандай?» 3. «Менің өмір сүрудегі мақсатым не?» осы сұрақтар төңірегінде ой қозғасақ. 1- жүргізуші. «Өмір мен де ғашықпын». Келесі кезекте әр топ өздерінің өмір жайлы шығармаларынан ой қозғаса. 2- жүргізуші. Өмір –театр дейді емес пе? Күлесіз, жылайсыз, қуанасыз.... Басты кейіпкерде өзінің жүргендейсің. Ал кейбіреулер оны роезбен теңестіреді. Ал енді біреулер өмірді өземен теңейтеді. Өмірге деген көзқарас әр адамда әр қилы. Бірақ менің ойымша оның мәні юолу керек. Келесі бөлім «Өмір -театр» Кезекті көріністерге береміз. Проблемаларды жою. Оқушылар үнтаспадан баяу әуен тыңдайды. Оларға қағаз таратылып беріледі. Сол қағаздағы айтылған проблемаларға байланысты әр түрлі сөйлемдер айтылады. Оқушылар осы проблемаларға байланысты әр түрлі сөйлемдер айтылады. иОқушылар осы проблемаға сәйкес тез арада сурет салады. 1. темекі адамның ағзасын улайды. 2. Есірткі пайдалану адам өміріне қауіпті. 3. Өз-өзіне қол жұмсағандар –аманатқа қиянат жасағандар. 4. Арақ адамның қас жауы. Барлығы сурет салып болған соң әр оқушы салған суретті бүктеп қоқысқа тастайды. Тастап тұрып «Мұндай нәрселерден бойымды аулақ саламын» дейді. Топ жетекшісі: Өмір деген жұмбақ дүниенің ащысы мен тұщысы қатар жүреді екен. Сол өмірді жетік танып, білу де мүмкін емес сияқты. Бірақ менің түйгенім өмірден өз орныңды тауып, не үшін өмір сүріп жатқаныңызды біліп, жаныңа қолтықтан демеп демеушіңізді тапсаң, бұл өмір әрбір адам баласы үшін қызықты болмақ. әрине, Алла тағала жақсылық пен жамандықты береді дейді. Алайда, өміріміздің көшбасшысы өзіміз болғандықтан жақсылыққа да, жамандыққа да баратын өзіміз. Біз бұл қысқа ғана өмірге келген қонақпыз, сол қамшының сабындай ғана өмірді бағалап, ғашық көзбен қарап, өмір сүре білу қажет деп ойлаймын. Бір –бірімізге жүрегімізден шыққан жылы лебіздерімізді айтып, бүгінгі пікірталасымызды аяқтайық. 2- жүргізуші. Психологиялық ойын –«Жүректен жүрекке». Ойынның шарты бойынша жансыз жүректі жандандыру. Қорытынды. Бүгінгі дебаттық клубта «Өмір –сен қымбатсың!» атты пікірталасымызды аяқтау отырып, адам баласына бір –ақ рет берілетін өмірді мәнді де, сәнді, бақытты да, қызықты өткізулеріңізге тілектеспіз. | |
Просмотров: 7482 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|