Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческая мастерская

памятки по чтению на казахском языке
Кітаптың көптен-көп өтіне сұрауы

Мені кір қолмен ұстамауларыңызды өтінемін, себебі басқа балалар оқуға алғанда мен ұяламын.

Мені қарындашпен шимайламаңыздар – бұл әдепсіздік.

Оқып отырғанда маған шынтақтарыңызды қоймаңыздар және столға ашылған бетімен төмен қаратып қоймаңыздар, өйткені мұндай қарым-қатынас сіздерге де ұнамайтын еді.

Маған өзге заттарды тастамаңыздар – түбіртегім үзіліп кетеді.

Дымқылды ауа-райында мені қағазға ораңыздар – мұндай ауа-райы маған зиян.

Егер сіз оқып болғаннан кейін, тоқтаған жеріңізді жоғалтпау үшін тырнақпен белгі салмаңыз, бетімді бүктемеңіз, арнайы белгілеме салып қойыңыз.

Қымбатты балалар! Маған ұқыпты әрі таза қалпымда қалуға көмектессеңіздер, мен сіздерге ақылды бола түсуге көмектесемін.

Тегін оқулық – баға жетпес оқулық
Оқулықты ұқыпты сақтау қиын емес, оларды тек:

Қағазбен немесе жұқа қағазбен тыстап қою керек ( тек газетпен емес);
Жазба үшін арнайы дәптер жүргізу керек;
Барлық оқулықтарға әдемі белгілер жасау керек;
Оқулықты оқығаннан кейін, сөреге қою керек немесе ұқыпты түрде портфельге салып қою керек;
Ұсақ-түйек жөндеулерді уақтылы жасап отыру керек;
Сабақты арнайы жеке столда дайындау керек.

Кір қолмен ұстамау КЕРЕК;
Беттері мен жиектерін шимайламау КЕРЕК;
Беттерін бүктемеу КЕРЕК;
Қалай болса, солай тастамау КЕРЕК;
Беттерін жыртпау КЕРЕК;
Ашылған бетін төмен қаратып салмау КЕРЕК;
Онымен футбол ойнамау КЕРЕК;
Достарыңның бастарын оқулықпен соқпау КЕРЕК;
Ыдыс-аяққа тіреу ретінде қолданбау КЕРЕК;
Беттерін ауыстырғанда саусақты сілекейлемеу КЕРЕК;
Сурет салмау КЕРЕК.

Қымбатты балалар!

Оқулықтарды ұқыпты ұстаңдар және оларды басқа да оқушылардың пайдаланатынын ұмытпаңдар.

Сенің
кітапханадағы
алғашқы
қадамың

Кітапхана, грек тілінен аударғанда, кітап сақталатын орын (библио – кітап, тека – сақтау) дегенді білдіреді.;
Кітапхана, негізі екі бөлімнен тұрады: абонемент және оқу залы;
Абонементтегі кітаптар үйге беріледі;
Оқу залындағы кітаптар, журналдар, газеттер үйге берілмейді.
Олармен оқу залында жұмыс істейді;
Кітапхананы пайдаланатын адамдарды оқырмандар деп атайды. Сіздерге кітапханада кітапханашы қызмет көрсетеді;
Кітапханадағы кітаптар белгілі бір уақытқа беріледі. Кітаптарды уақтылы қайтаруға тырыс. Басқа да оқырмандардың бар екендігі, есіңде болсын;
Әр кітапханада «кілт» бар, олар – каталог, картотекалар, кітап көрмелері…;
Егер сен кітапты жоғалтып немесе байқаусызда бүлдіріп алсаң, онда сол кітаптың мазмұны мен құнына сәйкес болатын кітаппен ауыстыру керек. Демалысқа шығар алдында, алған кітаптардың барлығын кітапханаға өткізу қажет.

Жүйелі тізімді пайдалануды үйрен

Каталог – кітапханада том бойынша қандай кітаптар және қандай білім саласының бар екендігін білуге көмектеседі.
- Жүйелі каталог КБТ – кітапханалық-библиографиялық топтамалар – негізінде құрылған.
- Егер сіз тақырыбыңыздың қандай білім саласына қатысты екенін білсеңіз, онда сандық индекс бойынша іздестіруді бастаңыз.
- Әр каталог бөлімдерінің алдында бөлшек бөлімдері көрсетілген бөлгіштер бар және олардың индекстері тізбеленген.
- Сәйкес бөлімшелерді тауып алып, каталогты карточкалардан барлық жинақталған баяндамаларды қарап шық.
- Каталогты карточкаларда кітаптың шифры көрсетілген. Ол кітаптың сөредегі орнын білдіреді. Шифр бойынша кітапты сөреден тез табуға болады.

Оқырман, саған сәттілік!

Оқырман қағидалары

Кітапты бір қалықты оқып қоя салмаңыз. Оқу амалы оқу мақсатына сай болу керек.
Оқу – маңызды, байыпты керекті жұмыстардың бірі.
Ең болмаса, бір кітапты пысықтай отырып оқы. Мұндай оқуға күшіңді де, уақытыңды да аяма. Бар күшіңді оқуға сал. Қиял, елес және жалқаулықпен күрес. Бұлар оқырман адам үшін қаскүнем жаулар.
Әр кітапты әбден, анық, түсінікті игеруге тырыс
Кітап оқу үстінде ештеңені қалыс қалдырма.
Қиын, күрделі кітаптан басқасын орта жолдан қалдырмай, соңына дейін оқы.

ЕСІҢДЕ САҚТА:
Қызықты емес кітап жоқ, бірақ нашар оқырмандар бар. Бірақ сен олардың қатарына кірме.
Кітапты қолыңа қалам ала отырып оқуға тырыс. Міндетті түрде ескертпелер, конспектілер және көшірмелерді жазып ал.
Мазмұнды, ескертпелерді, сөз соңы мен алғы сөзді, түсініктеме мен аңдатпаларды пайдалануды үйрен.
Ең алдымен кітапты түсінуге тырыс, содан соң сына, кітапты оқып болған соң, басқалардың сындарын оқы. Оқылған мәліметтерге орал. Кітапты оқып болған соң, оның мазмұнын анықта. Оларды оқу күнделігіңе жазып ал.
Түсініксіз сөздерді міндетті түрде жазып ал және олардың мағынасын сөздіктен, анықтамалықтан, энциклопедиядан анықтауға тырыс.
Сен үшін оқу жетекшісі – оқу жоспары болу керек.

Оқырман, саған сәттілік!

ОҚУШЫЛАР ҮШІН
ОҚУ ЕРЕЖЕСІ
1. Егер ой-өрісің мен ақылыңды дамытқың келсе, онда күніне, кем дегенде, жарты сағат оқуға тырыс.
2. Кітапты жатқан күйіңде оқыма, ыңғайлы орын таңда (тіпті, кереуетте болсаң да).
3. Кітап оқу уақытында көңіліңді алаңдататын заттарды алып таста, музыка мен теледидарды өшіріп қой. Егер сен бұларды орындамасаң, онда еңбегіңнің зая болғаны.
4. Асықпай оқы, мәтіннің бөлімдеріне, сөз орамдарына, теңеулеріне көңіл аудар. Олар саған кітаптың мазмұнын есте сақтауға көмектеседі.
5. Егер кітап оқып отырып, уақытқа алаңдай берсең, онда оқыған мәтініңнің мағынасын тез ұмытып қаласың.
6. Егер кітап сені қызықтырып, одан әрі оқуды жалғастырғың келсе, онда аздап үзіліс жасап алып, оқуды жалғастыр.
7. Қаһармандардың іс-әрекетіне көңіл аудар, оларды талда, өзің үшін қорытынды жаса. Оқылған кітап қаһармандарының жақсы әдеттері мен іс-әрекеттерін үйрен.
8. Егер келесіге дейін кітап оқуды тоқтатқың келсе, онда белгі қойып қой. Бұл кітап басқаларға да қызықты болуы мүмкін. Олар кітапты таза, ұқыпты күйінде алуы керек.
9. Достарыңмен қызықты, әсерлі әрі тартымды кітаптар туралы ақпараттармен бөліс.
10. Егер саған кітапта қызықты сөз орамдары кездессе, онда оларды жеке дәптерге жазып алуға ерінбеу керек. Күндердің-күнінде, мұғалім тапсырмасын орындағанда немесе өз қажетіңе жарауы мүмкін.
Категория: Творческая мастерская | Добавил: галинам (2013-01-03)
Просмотров: 1366 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 9:01 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru