Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческая мастерская

Іс шара Қыз еркем,анасымен көркем.
Астана қаласы
№48 мектеп-лицейі
Аренова Ж.С.
қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған ашық тәрбие сағаты
«Қыз еркем, анасымен көркем»
Мақсаты:
ана жайлы, қыз-қызғалдақтар жайлы сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді, қыз-қызғалдақтарды мерекесімен құттықтау;
ұстаздарға, аналарға, қыз-қызғалдақтарға деген құрмет;
ана еңбегін қадірлей білу.
Көрнекілігі: Сахнаны мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар, қабырға газеттері, «халқымыздың 100 ұлы әйелі» атты фото көрмесі, слайд, интерактивтік тақта.
Алдымен бір топ ұл сахнаға шығып, аналға , әжелерге, ұстаздарға, қыз-қызғалдақтарға, қонақтарға өздерінің жылы лебіздерін білдіреді. Ұлдар бірінен соң бірі алдыға бір қадам басып, жүректен шыққан жылы лебіздерін айтады.
Бүгін –наурыздың сегізі Анасыз жоқ бір үнің,
Сұлулықтың негізі! Әжесіз жоқ бір күнің,
Әдемі сөз-Ұсынамыз бүгін
Адамның Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын.
Ана десем сезім білер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық
Ана –дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ,
Алғыс ана! Мені өмірге әкелдің,
Байлық, бақыт , ғұмырымды әпердің.
Өмір атты тете сүйреп кемені,
Бағын аштың қадірменді әкемнің.

Елін, жерін сүйетін, ей, адамдар!
Алдымен ананы аялаңдар! Ана-алып бәйтерек.
Бәйтеректің бойына топтасып саялаңдар!
Ұлдар сахнада отырған әже, анларға гүл шоқтарын сыйлайды. Осы кезде анаға арналған әдемі ән орындалып жатады .Сахнаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші:
Армысыңдар, ардақты көрермендерім,
Көрсетеді өнерін өрендерім.
Біз сайысқа келеміз қадам басып,
Алдымен алайық амандасып.
2-жүргізуші:
Құрметті әжелер, аналар, ұстаздар, қыз-қызғалдақтар, қонақтар бүгінгі мерекелік кешке қош келдіңіздер! Жылына бір келетін мерекеде дүниедегі ең асыл жандардың еңбектерін бағалап, сый-құрмет көрсету біз үшін қуаныш, әрі парыз да. Жүздеріңізден қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін!
1-жүргізуші:
Көктемнің алғашқы мерекесі қарсаңында өткелі отырған«Қыз еркем, анасымен көркем» атты сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.(ортаға сайысқа қатысатын жұптар шығады.)
2-жүргізуші: Құрметті көрермендер!Сіздерің алдарыңызда бүгінгі сайысқа қатысушы аналар мен қыздар. Анасымен қызы бір топ. Қол соғып, қошемет көрсетейік.
1-жүргізуші:
Сайыстың жастарына көз тимесін,
Бұл жұптырға ешқашан сөз тимесін.
6а,6ә,ән шырқаса,
6г,7а дөңгелеп би билесін.
7ә,7б,сіздерден қалыспайды,
7в болса ән шырқайды.
Біліммен таңдантып 7е мен 7г
Өнерін көрсетуге жалықпайды.
1-жүргізуші:
Сайысты бастамас бұрын,сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
2-жүргізуші:
Сонымен алдарыңызда тоғыз топ өзара сайысқа түседі.Нешінші болып өнер көрсететіндеріңізді анықтау үшін, алдарыңызда тұрған себеттен өздеріңізге ұнаған гүлді алыңыздар. Гүлдің артында нөмірі бар,сол нөмір бойынша бүгінгі сайыста өз өнерлеріңізді көрсетесіздер.Ал қай жұп ең батыр да,батыл екен көрелік
1-жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген әр жұп кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
2-жүргізуші:
Әр жұп өздерін таныстырады. Жұптың атын, ұранын, эмблемасын қорғар шығу керек.Ең жоғарғы ұпай саны-10
1-жүргізуші:
1-ші нөмірлі топты ортаға шақырамыз.Өздерін түрлі формада таныстыруы керек.
2-жүргізуші:
Келесі кезеңге көшейік.«Өмірде кең бол,өнерде өр бол-деп» жұптардың өнеріне кезек береміз.Әр топ өз өнерін ортаға салып,көрермендерімізді бір таңғалдырсыншы.1-ші нөмерлі топты ортаға шақырамыз.Ортаға шықсаңыз.Бұл сайыстың ең жоғарғы ұпай саны-30.
1-жүргізуші:
Қызыңмен сырлассаңшы,туған дала,
Қай жаққа кетемін деп қуғамда да?
Менің кім болғанымды қалап едің,
Қолымнан келгені ме жырлау ғана.-деп жырлағандай Ақұштан Бақтыгереева ақын апамыз,қыздарды қызғалдаққа теңеп,қыр гүліндей жайнаған қыз бала демекші аналар,қыз-қызғалдақтарға арналған қай ақынның өлең шумағын білесіздер? Естеріңізге түсірсеңіздер.Сол өлең шумағын нақышына келтіріп,мәнерлеп айтып берсеңіздер.Бұл сайыстың ең жоғарғы ұпайы-25.
1-жүргізуші:
«Қыз өссе-елдің көркі,гүл өссе-жердің көркі»- дегендей, халқымыз қыздарымызды болашақ аналар деп,оларды ұяңдылыққа,инабаттылыққа тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген.Қыздарымызға,аналарымызға арнап халқымыз ән,өлең,роман,поэма,новелла ғана жазып қоймаған,сонымен қатар оларға арнап мақал-мәтелдер де жазған.Кезек мақал-мәтелге.Жұптарымыз айтылған мақалдың жалғасын тапсын.Біз сіздерге мақал-мәтелдер айтамыз,сіздер сол мақалдарды әрі жалғастырыңыздар. Әр мақалға -5 ұпай .Бастайық.Ал, тыңдаңыздар.
1-ші жұп сіздің мақалыңыз
1.Жақсы қыз- …
Жауабы: 1.Жақсы қыз –жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт-көктегі жұлдыз.
2.Анасын сүйгеннің…
Жауабы: 2.Анасын сүйгеннің баласын сүй.
2-ші жұп мақалдарыңызды тыңдаңыз. Мұқият болсаңыздар.
1.Алып-…
Жауабы: 1.Алып-анадан,
Ат-биеден.
2.Қызым саған…
Жауабы: 2.Қызым,саған айтам,
Келінім сен тыңда.
3-ші жұп мақалдарыңызды тыңдаңыз.
1.Төркін десе,қыз…
Жауабы: 1.Төркін десе,қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.
2.Шешеге қарап…
Жауабы: 2.Шешеге қарап қыз өсер.
4-ші жұп мақалдарыңызды тыңдаңыз.
1.Қарындасқа бұрмағанның…
Жауабы: 1.Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
2.Қарындасың…
Жауабы: 2.Қарындасың-қарылғашың
5-щі жұп мақалдарыңызды тыңдаңыз.
1.Аяғын көріп…
Жауабы: 1.Аяғын көріп асын іш,шешесін көріп қызын ал.
2.Қыз-өмір…
Жауабы: 2.Қыз-өмірі гүлі.
6-ші жұп мақалдарыңызды тыңдаңыз.
1.Көріп алған көріктіден,…
Жауабы: 1.Көріп алған көріктіден,көрмей алған текті жақсы.
2.Бұрымды қыз-…
Жауабы: 2.Бұрымды қыз сұлу қыз.
1-жүргізуші:
Жас ару жас ғұмырдың толғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қамдап сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқан-демекші,кезекті сұраққа берейік.
2-жүргізуші:
Мына дорбаның ішіндегі ұнаған оюыңызды алыңыздар,артында нөмірі бар,сол нөмірдің сұрағын мен сіздерге оқимын.Жауабын сіздер айтуларыңыз керек.Сұрақтарыңызды мұқият тыңдаңыздар. Дайынсыздар ма? Онда іске сәт! Әр жауапқа -5 ұпай.
1-жүргізуші:
Бірінші нөмірлі жұп дорбаға жақындап,ұнаған оюыңызды алсаңыз.
Сұрақтар жарысы.
1.«Қара шаңырақ» деген сөздің мағынасын ашып беріңіз.
Жауабы: 1.Отбасындағы ең кенже бала үйленіп,қара шаңыраққа ие болып қалу керек.
2.«Наурыз» деген сөз қай тілден енген,не деген мағынаны білдіреді?
Жауабы:«Наурыз»яғни «Нау» және «рыз»парсы тілінен енген,«Жаңа күн»деген мағынаны білдіреді.
3.«Көзмайым» деген сөздің мағынасын ашып берсеңіздер.
Жауабы: Жақын адамды аңсап,сағынтқан алыс жолдан келгенде қуаныш үстінде айтылатын жақсы ниетті білдіретін сөз.
4.Қазақтың атақты Әйел-Аналарын атап берсеңіз.
Жауабы: Мәншүк пен Әлия,Роза Бағыланова;Бибігүл Төлегенова,Фариза Оңғарсынова,Дина Нүрпейісова,Қыз Жібек,Баян сұлу,Әмина Өмірзақова,Күлаш Байсейітова,Сара Назарбаева,Абайдың анасы Ұлжан,Домалық ана,Шоқанның әжесі Айғаным,т.б.
5. 8 Наурыз қай жылдан бастап,қай қалада тойлана бастады?
Жауабы: 1910 жыл Копенгагенде Осылай сұрақ қою жалғаса береді.
2-жүргізуші:
Ана –тіршілік гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Өмірде анаға деген сағыныш, оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас. Күннің шуақты сәулесіндей, ыстық ана жүрегі, одан туындайтын ананың махаббаты әр перзент үшін қымбат. Баршамыз ана атына кір келтірмей, оларды әр уақыт құрметтеуіміз керек.
1-жүргізуші:
«Өнер-адамның бойындағы қабілеттің ен биік көрінесі,»-деп орыс жазушысы Л.Н.Толстой айтқандай,кезекті өнерге береміз.Үйден өз өнеріне байланысты,өз қолдарымен жасаған бір нәрсені алып келіп,қорып шығу керек болатын.Анаңыздың қолынан шыққан асыл дүниесін көрерменге қалай жеткізесіз? Жарнама түрінде ме, әлде қалай өз қиялыңыз біледі.Ал бастаймыз.Бұл- дайын жарнама.
2-жүргізуші:
Бірінші нөмірлі топ бастаймыз.Бұл сайыстың ең жоғарғы ұпайы- 20
Бойларында от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
1-жүргізуші: Ал халайық,ықыласпен демейік,
Әділдікпен бағаларын берейік.Әділ-қазылар алқасына сөз беріледі:Сахнаға көтерілсеңіздер.
2-жүргізуші:
Қош демейміз,әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін,қайыспаңдар.
Ойлы орта кенейсін күннен-күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспандар.
Екі жүргізуші бірге; Қош,сау болыңыздар! Көріскенше күн жақсы.Мерекелеріңіз құтты болсын!
Категория: Творческая мастерская | Добавил: zhamila74 (2013-02-11)
Просмотров: 4465 | Теги: внеклассные мероприятия | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 3:09 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru