Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся |
Мазмұны Кіріспе................................................................................................................... 3 1. Қазақтың ұлттық киімдері............................................................................... 4 2. Киімнің негізгі түрлері..................................................................................... 5 2.1 Қазақ халқының бас киімдері........................................................................ 6 2.2. Сырт киімдер................................................................................................. 8 2.3. Іштік киімдер................................................................................................. 9 2.4. Аяқ киімдер................................................................................................... 10 3. Киімдердің әлеуметтік дәрежесі...................................................................11 4. Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар................12 Қорытынды............................................................................................................15 Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................16 Қосымша................................................................................................................17 Кіріспе Қашанда қазақ халқы ұлттық киімді қадір тұтқан. Қазақ қыздарының ұлттық киімін - баршын, торғын, шәйі, қырмызы сияқты жұмсақ нәзік маталарды пайдалана отырып бүрмелі етек, бүрмелі жеңін аса кең етіп көлбеңдете тіккенінде қазақтың бүкіл тұрмыс-салты жатыр емес пе. Қыз балалардың, әйел адамдардың киімін жұмсақ, нәзік матадан тігетіні нәзіктігі мен әдептілігі үстіндегі киімінен-ақ көрініп тұрған ғой. Етек-жеңінің кең болатыны – қазақтың дархандығы, үрімді-бұтақты екендігі, мейірімі, қонақжайлылығы, даладай кең пейілі, қолының жомарттығын білдіреді. Кең етектің қабат-қабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады. Жеті қазына, жеті кие, жеті қат жер, жеті ата тазалығы осы ұғымға сиып тұр. Әйел ұлтты тәрбиелейді, келген қонаққа ілтипат көрсетіп, дәмін ұсынған әйел атаулының киген киімдері арқылы бұрынғы бабаларымыз елдігімізді таныған. Үсіндегі киімі арқылы қай елден келгенін, кім екенін біліп отырған. Қыз балалар мен әйел адамдардың киім кию ерекшелігі арқылы айыра білген. Қазір қазақтың ұлттық киімін тігіп жүргендер сол қазақ көйлегінің етегінің желбірі жеті сатыдан тұратынын біле бермейді. Тіпті желбір салып тігуді қойып келеміз. Табиғатпен біте қайнасып, жер еміп өсіп, ырымға салғырт қарамаған бабаларымыз тұрмыс-тіршілік салтының болмыс бедері біздің еркіндігімізді алыс заманалармен жалғастырып жатыр емес пе? Дильназ бұл жұмысты теориялық жағынан саралап практикалық жағдайда дәлелдей білген. Жұмыстың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық бас киімдерінің ерекшеліктері, түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы түсінік беру. Міндеттері: 1. Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту 2.Ұлттық киімдердің ерекшелігін көрсету. 3. Қазақ халқының ұлттық ерекшелігі тұрғысынан салт- дәстүрі мен ырымдарына сипаттама беру. Болжамы: Ұлттық киімдер адамдардың ой-санасын толықтырып,тіл байлығын арттырады.Сөз қорын молайтады.Ұлттық киімдерді түрлеріне қарай топтастыру. Жұмыстың өзектілігі: ата-бабаларымыз асыл мұраларды, тәрбиелік терең мәні бар өнегені күнделікті тұрмысымызда елеулі орын алатын ұлттық киімдер арқылы беріп отырған дәлелдеу. Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: «Керегең кең, екі босағаң тең болсын», «Аяғын көріп асын іш, анасын көріп қызын ал» деп түсінген бабаларымыз киім үлгісіне, күнделікті тұрмыс құралдарына баса назар аударған. Күнделікті тұрмыс құралдары, дәстүр салт арқылы ұрпағын үздіксіз тәрбие бесігінде тербетіп отырған. Олай болса бүгінгіде хиджап киіп, өрмекшінің суреті салынған жейделерді модаға айналдырып отырған тұста қазақтың ұлтық киімдерін арнайы тігетін орындар ашып, үлкен тарихи мәнге ие ою-өрнекті символ ретінде тануға тиіспіз. 1.Қазақтың ұлттық киімдері. Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Адамзат полеолит-тас дәуірінде-ақ тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланып, сүйек ине, сүйек бізді қолдана отырып тері және тоқыма киім-кешек жасауды үйренген. Ал енді неолит дәуірінен бастап өру, иіру, тоқу кәсібі өмірге келіп, иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Қазақтардың қазіргі киімдерінің көбісі сақ дәуірінен бастау алады. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім-кешегін палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зерттеген С.И.Руденко, тіпті күпінің қазаққа, оның ата-бабасына кем дегенде екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берді. Негізінен, қазақ киімдерін кеңінен зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана қолға алынды. Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз. Ұлттық киімдеріміз пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай күнделікті, сәндік киімдер, жыл мезгілдеріне байланысты қыстық, маусым аралық, жаздық, күздік киімдер болып бөлінеді. Ұлттық киімдердің түрлері Бас киімдерXIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. 2. Киімнің негізгі түрлері Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түрге бөлінеді: іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер. Бұларға мынандай киімдер жатады: Іштік киімдер 1. Бешпент. 2. Дамбал. 3.Жейде, көйлек. 4.Қамзол. 5.Күртке (желетке). 6.Шалбар. Сыртқы (өң) киімдер 1. Жадағай шапан. 2.Жарғақ. 3.Күпі. 4.Сырмалы шапан. 5.Тайжақы. 6.Тон. 7.Шапан. 8.Шидем. 9.Ішік. Сулық киімдер 1.Аба. 2.Кебенек. 3.Кенеп. 4.Сырттық. 5.Шекпен. Ерлердің бас киімдері 1.Башлық. 2.Бөрік. 3.Далбай. 4.Жалбағай. 5.Жекей тымақ. 6.Күлапара. 7.Қалпақ. 8.Құлақшын. 9.Малақай. 10.Мұрақ. 11.Тақия. 12.Тымақ. 13.Шалма. Әйелдердің бас киімдері. 1.Бергек. 2.Бөрік. 3.Жаулық. 4.Желек. 5.Кимешек. 6.Күндік. 7.Орамал. 8.Қарқара. 9.Сәукеле. 10.Тақия. 11.Шәлі. Аяқ киімдер 1.Кебіс. 2.Көк етік. 3.Мәсі. 4.Мықшима. 5.Саптама етік. 6.Шоңқайма. 2.1. Қазақ халқының бас киімдері: әйелдер бас киімі және ерлер бас киімі деп бөлінген. Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшелігі бар баскиімдер киген. Олар-дың жазғы, қысқы түрлері болады. Әйелдердің негізгі баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы ж.т.б.). Бөрік- қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі , оны бағалы аң терісінен және жас төлдің тірісінен тігеді . Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік, т. б. деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді . Бөріктің төбесі көбінесе алты сай (қиық) , төрт сай болып келеді . Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа киізден төрт не алты сай етіп пішеді . Бөрікті қазақ халқы сияқты қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар, ұйғыр т. б. халық тарда киеді . Сәукеле – ұзатылатын қыз-қалындық киетін ғұрыптық бас киім. Оның күмістен құйылған төбесіне ұкі тағылып, маңдайына жақұт қондырылады. Өне бойы алтын, күміс сияқты қымбат металдармен өректкліп маржан гауһар сияқты асыл тастармен безендіріледі. Екі шекесіне моншақтан салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ желек жабылады. Сәукелені ұзатылатын қызға арнап шеберлерге дайындаттырады. Оның бағасы өте қымбат, мәселе жүз жылқыға дейін барабар болған. Сәукелені қалындық ұзатылған күннен бастап бір жылға дейін киеді. Орамал. Ұзатылған қыз өзіне таяу сіңілісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл «ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген тілек. Мұны «шарғы салу» деп атайды. Тақия. Оны қымбат матадан тіккен. Бұл ерлер тақиясынан басты ерекшелігі. Қыздардың тақиясы міндетті түрде үстіндегі қамзолға, бешпентке сәйкес келуге тиісті. Етегі, жоғары бөлігі алтын немесе күміс паршамен оюланып, сәнді жіптермен тақияға зер төгіледі. Қазақтың «үкі-дей үлбіреген», «тотыдай таранған» деп қыздарды әспеттеуі содан шық-қан тәрізді. Қыздар кепеші. Қабырғасы биік, төбесі дөңгелек, ою-өрнектермен, мон-шақ, асыл тастармен безендірілген сәнді баскиім. Сораба. Тақия тәріздес. Артында салпыншағы бар. Қыздар тіл-көзден аман болсын деп, оларға ырымдап кигізеді. Қарқара. Биік төбелі, милығына айнала құндыз тұтады. Маңдай тұсын жоғарыдан төмен қарай үш-кілдеп жырға тігеді. Оған құтанға, тырнаға ұқсас сұңғақ, сымбатты құс – қарқараның қауырсыны қадалады. Бұл қыз баланы пәле-жаладан сақтап жүрсін деген ырым бойынша жасалады. Кимешек. Жас келіншектерден бастап егде әйелдерге дейін киетін дәстүрлі ұлттық баскиім. Ақ матадан, жібек матадан тігіп, әртүрлі әшекеймен безендіріледі. Қазақтың салт-дәтүріне сәйкес жас келіншек балалы болғаннан кейін кимешек киюге тиіс. Төменгі бөлігі – кимешек, жоғарғы бөлігіне жаулық оралады. Кимешек кеудені, иықты, жонды жауып тұрады, бет-әлпеті көрінетін жері ойық келеді. Шылауыш немесе жаулық. Ақ түсті матадан немесе жібектен тігіл-ген жаулықты егде әйелдер басына орап киеді. Жаулық әр руға байланысты әрқилы аталады. Шығыс Қазақстанда матаның көлеміне қарай оны шаршы деп, Жетісу, Алтай өңірінде шылауыш деп атап, аналарды «ақ жаулықты аналар» деп ардақ-тайды. Орамал. Ол пішіміне сәйкес шаршы, қиықша болып бөлінеді. Орамалды (парсы, араб, румал) жаулық деп те атаған. Арзанқол матадан да, қымбат матадан да жасайды. Ерлердің бас киімі Айыр қалпақ – аса қымбат матамен ішіне жұқа киіз немесе қалын мата салынып тігілетін ер адамдардың киімі. Сыртына өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленді. Оны ертеде негізінен хан – сұлтандар салтанатқа киетін болған Тақия – шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге бөлінеді. Қытайдағы Шыңжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руында «Қызай тақия» бар. Мұрақ – екі жағы қошқар мүйізді, лауазымды адамдар киетін қалпақ. Оны сән – салтанатқа киеді. Тымақ – аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны жауып тұрады. Вл. Плотников 1859 – 1862 жылдары тымақтың 15 түрі туралы жазған. Олардың бізге жеткен кейбір түрлері мынандай: жаба салма тымақ; қайыр-ма тымақ; дөңгелек төбелі тымақ; шошақ төбе тымақ; жекей тымақ. 2.2. Сыртқы киімдер Ішік – сырты матамен тысталып, түрлі аңнын терісінен жүні ішіне қаратып тігілетін қысқы сырт киім. Қолданылатын терісіне қарай олар: түлкі ішік, қасқыр ішік, сеңсен ішік, нысқақ ішік деп әр түрлі аталады. Шапан Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі . Оны қалың адам арасына жүн, мақта салып, астарлан немесе қос астарлан сырып тігеді. Ол негізінен тік жағалы, ішінара қайырма жағалы да болады. Шапан: сырмалы шалан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді. Қызкеліншектерге арналған қималы шапанды түрлі-түсті масатыдай тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады. Қазіргі кезде түрлі-түсті масатыдай екі өңірі мен жеңі кестеленген немесе зер ұсталған жадағай (арасына жүн, мақта салмай) шан айдар тігіліп сатылады. Қазақ халқының арасында сыйлы адамдарға сыйлық ретінде шапан кигізу дәстүрі кең тараған. Оқалы немесе зерлі шапан – қымбатты матадан жағасы мен өңіріне зор салынып арқасы мен етек жені оқалы жіппен өрнектеліп тігілетін сырт киімі. Арқасы күн тәріздес дөңгелек өрнек өн бойына өсімдік тектес аюлар салынады. Ертеректе мұндай шапандарды хан сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған. 2.3. Іштік киімдер Қос етек көйлек – жібек, торғын шәлі сияқты асыл матадан тік жаға кең етек етіп тігілетін қыздардың көйлегі. Етегіне өрнектеліп, бүрмеленген қос желбіршек салынады сондықтан «Көйлек – әйелдерге арналған киімнің бір түрі (Қазақстанның кейбір аймақтарында ерлер жейдесін де Көйлек деп атайды). Қыздар мен әйелдер Көйлектің бүрмелі, тік етек, қос етек, үш етек, көп қатарлы деген бірнеше түрге бөледі. Қос етек көйлек бір етектің үстіне бір қатпар етек қосылып тігіледі. Көп етек көйлекке екі, үш етек қосып тіккен. Кең етекке ештеме қоспай тігіледі. Тік етек, кең етекті көйлекті -қарт әжелер, бүрмелі көйлекті көбінде -орта жастағы әйелдер, қатарма, таспа жүгірткен бүрмелі, қос етек көйлекті -жас келіншектер мен қыз балалар, етегі үш қатпардан көп қатарма қатпарлы Көйлекті жаңа түскен келіншектер мен бойжеткен қыздар киеді. Етегінің қатпарына сай жеңіне де қатпар түсіріледі. Тана, шытырма, жармалармен сәнделеді. Көйлектер тігілген матасының түріне, мақсатына (күнделікті киілетін Көйлек, жиын-тойға арналған “кештік” Көйлек, т.б.) байланысты да бөлінеді. Жарғақ шалбар- иленіп әбден өнделген жұқа теріні қазақтар «жарғақ» дейді. Қызғылт түске боялып түрлі - түсті өрнек салынған. Жарғақ теріден тігілген шалбарды « жарғақ шалбар» деп атаған. Бұл сәнді киімді,кезінде батырлар, бектер мен билер, сал серілер салтанатқа киген. 2.4.Аяқкиім- аяққа киетін киімнің жалпы атауы. Аяқкиім түрлері олардың жасалған материалына,тұтынушысының жасы мен жынысына, әлеуметтік жағдайына байланысты жасалады. Аяқ киімнің өңделуі мен әшекейленуі жоғарыда аталған жайттарға байланысты болады. Аяқ киімнің қыстық, жаздық, еркектер мен әйелдерге, балаларға, жұмысқа, салтанатты шараларға, қарттарға, жастарға арналған түрлері болады. Дәстүрлі ортада аяқ киім тігумен тері, қайыс өңдеумен айналысқан маманданған адамдар айналысқан. Олардың атадан балаға беріліп отыратын өзіндік технологиясы, яғни тәсілдер жүйесі болды. жылқышылар, отардағы малшылар, шанамен жолға шыққан жолаушы жылы аяқкиімінің сыртынан киеді. Өкшелі Аяқ киімдерге саптама етік, мөкі (киіз қонышты саптама), сырма киіз етік тәрізді өкшесі әртүрлі пішінді етіктер жатады. Әйел мен еркектер киюіне ыңғайластырылып тігіледі. Оларды өкшесіне қарай жуан өкше, қазық өкше, биік өкше, жез (тойнақпен қапталған) өкше, шоққайма, мықшима деген түрлерге де бөледі . Жергілікті тілде жұмыс aяқ киімдерінің бір сұқпай (шәркей), көн шабата (кебіс орнына киетін аяқ киім), қайыс етік, қалың, қатты көннен тігілген шоқай - шоқай, шапаты, шәркей, шәтиөр, шәрке, шепік, мөкі кебіс (кебістің шарық сияқты түрі) секілді жеңіл түрлерінің атаулары кездеседі. Былғарыдан етік киюге шамасы келмейтіндер, әсіресе, жасы үлкендер жазда, қыста сірімен қаптаған киіз байпақпен жүрген. Көн шабата, шабата, көн шарық, көн шоқай жазда киетін жұмыс aяқ киіміне жатады. Дәстүрлі қазақы ортада аяқ киімдердің мынадай негізгі түрі таралған: етік, кебіс, мәсі, салтама, байлақ, шоқай және т.б. Кебіс пен мәсінің сан алуан ыңғайлы да, әдемі түрлері тігілген. Кебіс көбінесе малдың сауыр терісінен тігіліп, қалыпқа қатырылады. Көк суыр етік – қалындықтың етігі де басқа киімдермен қатар арнайы тігіледі. Қазақ етігінің өкшесі биік табаны ағаш шегемен шегеленіп тігілген. Қонышы өнделген теріден түрлі өрнектер салынып, көкшіл бояуға баялып әсемделеді. Мұндай етікті « көк суыр етік» дейді. Саптама етік -қонышы тізені жауып тұратындай ұзын, табаны қалың сіріден оң-солы жоқ, түзу болып тігілетін аяқ киім. Оны киіз байпақпен киеді. Қысқы күнгі аязда ат үстінде жүргенге жылы, әрі қолайлы. Кебіс – табан қалын, өкшесі биіктеу сыртына түрлі өрнектер салынып тігілетін мәселенін сыртынан киюге арналған аяқ киім. Мәсі Аяқ киімнің бір түрі , оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіснеластық (галош) киіледі. Көбінесе мәсінің қойыпты астарланып, көмкеріледі. Ал ұлт айы жалаң қабат болады. Ол тарамыспен ішкі жағынан жөрмеп немесе жара шаншыл өбістіре тігу арқылы ұлтарылады. Етікші мәсі тіккенде ең алдымен мәсінің басын, қонышын жұқа былғарыдан, ұлтанын қалың былғарыдан пішіп алады. Одан соң тігісін ішіне қаратыл, басын қондырады. Осыдан кейін мәсінің қонытын тігеді. Мәсінің қонышын қусырғанда тігістің арасына жіңішке сыздық салады. Мәсі — әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім.Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы. Соңғы жылдары жергілікті көсі порындар мәсіні көптеп шығаратын болды. Аяқ киімнің бұл түріне деген сұраныс жылдан-жылға көбейе түсуде. 3.Киімдердің әлеуметтік дәрежесі Қазақ халқы киімге аса жоғары мән берген. Ешқандай арнайы фабрикасы болмай-ақ, ешбір оқу бітірмей-ақ ұл-қызын өзінің төл киім-кешегімен қамтамасыз етті. Және де киім болғанда қандай! Оған қарап ел-жұртын, жасын, атақ-даңқын, қоғамдағы орнын ажыратуға болады. Сәбиіне үкілі тақия кигізіп, ұзатылатын қыздың сәукелесін бір үйір жылқыға бағалап, арындай аппақ жаулығынан сәбилі болғанын, күмбездей кимешегінен үбірлі-шүбірлі ана екенін танитын болған.Ұлттық киімдеріміз пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай күнделікті, сәндік киімдер, жыл мезгілдеріне байланысты қыстық, маусым аралық, жаздық, күздік киімдер болып бөлінеді. Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес мынандай түрлерге жіктеледі: сәби киімі (иткөйлек, сылау тақия), бала киімі (кепеш, малақай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар, етік, бешпент, шапан), бозбала киімі (тақия, етік, жейде, шалбар), бойжеткен киімі (желбіршек- ті көйлек, тақия, кәзекей), қалыңдық киімі (сәукеле, желек), келіншек, бәйбіше киімі (көйлек, кимешек, жаулық, қамзол, кебіс, мәсі, көкірекше), күйеу, жас жігіт, ақсақал киімдері (шапан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ жейде, дамбал, саптама етік, кебіс, мәсі). Әлеуметтік дәрежесіне, қызметіне байланысты ұлттық киімдер мынандай да топқа бөлінеді: жоғары текті қазақтардың киімі, сал-серілер киімі, сән-салтанат киімдері, ұлттық ойын-сауық, жарыстарда киетін киімдер, ғұрыпты киімдер, қазақтың неке киімдері, күйеу жігіт киімі, қалыңдық киімі, дінге байланысты салт- тық және ғұрыптық киімдер, діндарлар киімі, жерлеу рәсіміне байланысты өлікке кигізілетін киім, аза тұтушылардың қаралы киімдері, қазақтардың ертедегі сулық және кәсіптік киімдері, малшылар киімі, аңшылар киімі, батырлар киімі және т.б. Біздің арнайы зерттеп, пайымдағанымызда білгеніміз: қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы көп. Тіпті киімдерді ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп те танып жатады. Сондай-ақ, кейбір киімдер ру, тайпа аттарымен де былайша аталып, танылады: қыпшақ тымақ, арғын тымақ, найман тымақ, адай бөрік, қызай бөрік т.с.с. Қазақтың ұлттық киімдерін географиялық аймағына қарай Жетісу үлгісі, Арқа үлгісі деп те атау кездеседі. Бірқатар қазақ киімдерінің үлгісіне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халықтарының киім тігу мәнерінің де әсер еткені мәлім. Ал енді көне ғасырларда пайда болған қазақтың көптеген киім түрлері мен үлгілері бізге жеткен жоқ. Біздің ұлттық киімдеріміздің негізгі түрлеріне байланысты арнайы салт-дәстүр, ырымдар бар. 4.Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар Баскиімдер бойынша Тымақ. Ол қасиетті баскиім саналады. Оны айырбастамайды, аяқ тигізбейді. Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар. Біреуге бас ұрғанда да аяғына тымағын тастайды. Тымақ тастап кешірім сұрау бітімге шақырудың ең үлкен белгісі. Баскиімге қауырсын тағу «Алтын Адамның» баскиіміне де төрт алтын қауырсын ілінген. Тамғалы тастағы суреттерде де қауырсынды баскиім киіп, малдас құрып отырған адам бейнеленген. Баскиімге қауырсын тағу көп халықта бар. Ол мифтік наным бойынша жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста екендігін танытады. Жаулық. Оған қатысты арнайы заң жолы, салт бар. «Жеті жарғы» бойынша қылмыстық, бұзақылық істе ол үшін кімге, кімнің құн төленетінінің орнына «сары жаулық» жүрген. Бұл жаулық құн төлеуге келіскендікті білдіреді. Күйеуі өлген әйел өзінің қаралы екендігін таныту үшін бір жыл бойы сары жаулықты тағып жүретін болған. Баскиімге қатысты тыйымдар Баскиімді іліп қояды, кез – келген жерге тастай салмайды, астыға басып отырмайды. Олай жасаса, бастан бақ таяды. Ер адам әйелдің жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектіктен айырылады. Қыз бала басына ақ, қара орамал тартпауға тиісті. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі. Жалаңбас отырып бала емізбейді, ас – су әзірлемейді. Баскиімнің төбесін басып кимейді, оны айырбастамайды, ешкімге сыйламайды, сатпайды. Тек сыйлыққа киілмеген, жаңа баскиім алып беруге болады. Сырт киімдер бойынша Ішік. Қазақ салты бойынша, қасқыр ішікті жиырма беске толмаған жастар кимеуге тиіс. Өйткені қасқыр ішік жас адамның жалыны мен тері қызуын тұмшалап, оны ауруға ұшыратуы мүмкін. Екі адам боранда адасып кетіп, қасқыр ішікті аман қалып, қасындағы адам үсіп өлсе, оның туған – туыстары аман қалған адамнан құн даулауға құқылы. Себебі, бір қасқыр ішік екі адамды суықтан қорғап қала алады. Мұның бәрі дала заңында бекітілген тәртіп. Ішік қазақта сый – сияпат, киіт орнына жүрген. Шапан. Қазақтар оны «жағалы киім» ретінде бағалайды. Адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» – үлкен құрмет. Бұрындары хандар батыр, би, жақсы – жайсаңдарына дәреже бергенде соның белгісі ретінде арнайы тіктірткен шапанды олардың иығына жапқан, түрлі мемлекеттік қатынастарды бекіту белгісі ретінде де шапан жіберетін болған. Қазақта ат мінгізіп, шапан жабу дәстүрі қазірде бар. Ханның өзі киген шапанын сыйға алу – қазақ халқында үлкен мәртебе. Жейде. Ұзақ жасаған, халқына өте қадірлі болған, ба- қытты тұрмыс құрған қариялардың жолын берсін деп, олардың жейде – көйлегін сұрап алып, ырымдап киген. Мұндай киім өте тозыңқы болса, оны алғысы келгендер көбейіп кетсе, әлгі киімді бұзып, кішкентай беторамал көлемінде тәбәрік деп бөліп алған. Шалбар. Қазақтар шалбар мен етікті отырып киюге тиіс. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киген. Ұл тапқысы келген әйелдің еркектердің қару – жарақтарын, шалбарын басына жастап жататын, қыз тапқысы келген әйелдің қызыл ала шыт, әйелдің жүзігін, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді басына жастап жататын ырымы ерте кезден келе жатқан наным – сенім. Сырт киімдерге қатысты ырымдар мен тыйымдар Баланы бесікке салғанда бесіктің үстіне жеті түрлі сырт киімдерді (шапан, тон т.б.) жабатын ырым бар. Киімнің жағасын баспайды. Ол жамандық шақыру. Киімді бисмилла деп оң қолдан, оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан, сол қолдан бастап шешеді. Киімді желбегей жа-мылуға болмайды. Өйткені аруақтар ғана (мүрделер) жеңсіз кебін киеді, кебінін желбегей жамылып үйге кіреді, екі қолы жоқ адам да киімді желбегей жамылады. Тозбаған киімді тастау да – жаман ырым. Неке киімдеріне қатысты салт – дәстүр Сәукеле. Оны қыз ұзатыларда әкесінің үйінде, оң жақтағы үкілі тақиясының орнына кигізеді. Келін болып түскеннен кейін сәукелені шешіп алып қояды да жас келін бір жыл бойы желек жамылып жүреді. Орамал. Ұзатылған қыз өзіне таяу сіңілісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл «ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген тілек. Мұны «шарғы салу» деп атайды. Той киіміне қатысты ырымдар мен тыйымдар. Жаңа түскен келіннің бетін тобылғы сапты қамшының басына қызыл торғын орамал байлап ашатын дәстүр бар. Бұл – «келіннің беті айдай жарық болсын, жемісті ағаштай ұрпағы көп болсын» деген ырым. Күйеу жігіт қалыңдығын алып бара жатқанда оның етегінен басып, шапанын алып қа-лады. Бұл күйеу бала киімін жаңаласын, өмірі ажарлан-сын деген ғұрып. Жаңа түскен келін киімін тектен-текке қысқарта беруге тиісті емес. Олай жасаса, нәрестесінің кем болып тууы мүмкін. Сәбилер киімдеріне қатысты ырымдар мен тыйымдар Бойына бала бітпеген әйел баланың иткөйлегін қалап алады. Иткөйлекті аяқ асты, далаға тастамай, қастерлеп сақтайды, кім көрінгенге бермейді. Оның сыры, қазақтар иткөйлек баланың бақытын сақтайды, сәбидің бақыты иткөйлек киген күннен басталады деп сенеді. Аяқ киім бойынша Кебіс. Ол «табандық киім». Даладан үйге кірген адам қалыптасқан ғұрып бойынша кебісін шешіп, оң жақ босағаға қатарластырып, тұмсығын отқа, сірі өкшесін іргеге қаратып қоюға тиісті. Аяқкиімге байланысты ырымдар Аяқ киімді төңкеріп қоймайды, теріс кимейді. Олай жасаса, адамның жолы болмайды. Қазақ аяқ киімнің табанына қарамайды, егер табанына көзі түссе үш мәрте түкіргені жөн. Себебі аяқ киімнің баспайтын заты жоқ. Аяқ киімнің табанына қараған адамның көзінің ұшынуы мүмкін. Жорықта басқа жастанатын еш- нәрсе болмағанда етігін жастанып жатады. Өйткені, «Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды». Сұқ тиген баланы ұлтарақпен үш мәрте ұрып, ұшықтайды. Жаңа ұлтарақты аяқ киімге салғанда алдыңғы жағының басын бойлата тіліп, иесіне «жолын ашу» ырымын жасайды Қазақ aяқ киімнің табанына қарамайды. Өйткені оның бармайтын жері, баспайтын тауы «қалмағандықтан» былғанышты болады дейді. Оны көрген адамның көзі ұшынады-мыс. Ал аяқ киімінің табанына жазатайым көзі түссе, табанға үш мәрте түкіру керек. Яғни көзім ұшынбасын, аяғым ақсамасын деп ырымдағаны. Аяқ киімді төңкеріп қоймайды. Шешкеннен кейін қатарлап қояды. Төңкеріліп қалса, қайтадан оңдап орналастырады. Бытыратып шашып тастауға да болмайды. Аяқ киім төңкеріліп қалса иесі қайғыға ұшырайды, шашылып жатса жолы кесіледі деп санаған. Аяқ киіміңді сол аяқтан бастап кимейді. Қазақта басқа кісілерге қаратып аяқ киім шешпейді. Әйелдер аяқ киімді тасаланып киеді немесе шешеді. Иен түзде, жаугершіліктен босып-көшкенде немесе түрлі жағдайларға байланысты түнде ұйықтаған кезде басына жастанатын ештеңе болмаса аяқ киімді жастануға рұқсат етілген. Ол туралы қазақта «етік жолға бастайды, шалбар сорға бастайды» деп етікті жастануға болады дейді. Ал шалбарды жастануға мүлдем тыйым салынады. Аяқ киімнің табанына салынатын ұлтарақты маңдайынан тіліп қояды. Мұны ұлтарақтың жолын ашу дейді Қорытынды Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі бүгінгі таңда тек қана мұражай мұрағаттарында сақталған мұрағаттар мен тарихи әдеби еңбектерде, мерзімді ұлттық мерекелі жиындарда ғана елес беріп қалады. Мәдени мұралар арқылы ғана тіл қатып, тарих сахнасында мыңдаған жылдар бұрын өзіндік болмыс бітімі бөлек көшпенді бабаларымыз ойсыз көзге шалына бермес асыл мұраларды, тәрбиелік терең мәні бар өнегені күнделікті тұрмысымызда елеулі орын алатын ұлттық киімдер арқылы беріп отырған екен. Қолымызда бардың қадірін білмейтін аңғал басымыз мәні терең құндылықтардың сырын ұқпаған екенбіз. Халықтық мәдениет, біздің түп тамырымыз, тініміз. Бірақ біз осы бір қарапайым киім үлгісін ұлттық мерекелерде ғана жоспар бойынша ғана пайдаланамыз. Киімнің мұндай үлкен тәрбиелік мәні бар сырын ешкім айтып түсіндіріп жатқан жоқ. Өйткені оған мән беріп жатқан да ешкім жоқ. Егер ұлттық киімнің қадірін біліп, сырын ұғып, ұлтын құрмет тұтса өзге ұлттың киімін кимеген болар еді. Ұят та болса мойындауға тиіспіз! Қырдағымыздың да, ойдағымыздың да, оқығанымыздың да, тоқығанымыздың да қазақтың ұлттық киімдері туралы білетініміз тым таяз. Әйтпесе бүгінгідей белінің қай тұста екенін білмейтін қыздар мен түр ұсқынын сопайтып, суық қылып көрсететін өзге ұлттың киімдерін әуелде – ақ киізбеген болар едік. «Керегең кең, екі босағаң тең болсын», «Аяғын көріп асын іш, анасын көріп қызын ал» деп түсінген бабаларымыз киім үлгісіне, күнделікті тұрмыс құралдарына баса назар аударған. Күнделікті тұрмыс құралдары, дәстүр салт арқылы ұрпағын үздіксіз тәрбие бесігінде тербетіп отырған. Олай болса бүгінгіде хиджап киіп, өрмекшінің суреті салынған жейделерді модаға айналдырып отырған тұста қазақтың ұлтық киімдерін арнайы тігетін орындар ашып, үлкен тарихи мәнге ие ою-өрнекті символ ретінде тануға тиіспіз. Біздің ел басы Н.Назарбаевтың мынадай сөзі Біз кешегі бабаларымызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек. Қолданылған әдебиеттер 1.Ата кәсіп, А., 2001. 2.Жақытов Ә. Түйе өсірушінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 1989 3.Казахи, А., 1995 4.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: 5.Раимханова Г.Н. 6.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : 7.Шойбеков Р.Н. Етікшілік өнеріне байланысты кейбір атаулар // Тілтаным, 2006. №3 Қосымша-А Қосымша Ә | |
Просмотров: 11823 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|