Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся

Шығарма
Орындаған:Керн Ольга
10-сынып оқушысы
2010 жылы
Қазақ тілі пәні мұғалімі:Қожахметова Қарлығаш Әлібекқызы
Шеминов орта мектебі
Қостанай облысы

Шығарма
Егеменді Қазақстан.
Қазақстан, ұлан далам,
Ұлы байтақ ұран далам.
Мол байлықтың мерейі бар.
Жеңіс үшін ұрандаған.
Біз –қазақ ежелден еркіндік аңсаған.Сондықтан қазірге дейін Қазақстан көптеген қиындық жолдардан өтті деуге болады, себебі өзінің егемендігін, тәуелсіздігін жариялау үшін. Биыл енді егемендігімізге 20 жыл толып отыр. Қазақстан осы жыл бойы қадамнан қадамға жол салды. Еліміздің егемендік алған алғашқы жылдары бар, күш-жігерімізді, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды көтеруге салған. Қазір енді біздің Қазақстанды экономикалық және әлеуметтік мемлекет деп мақтанышпен айтуға болады. Өйткені ол жылдан жылға дамып, гүлденіп келе жатыр.
Бүгін өзімнің Қазақстаным туралы мақтанышпен көптеген жақсы сөздер жазғым келеді. Отанымның ең басты тағдыры тәуелсіздігі мен егемендігі! Ең біріншіден 1990 жылы Қазақстан өзінің егемендігін жариялады. Екіншіден халыққа, елге өзінің егемендігін дәлелдеді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі қабылданды. Осы жылдан кейін Қазақстанды егеменді Республика деп атаған.25 қазанда Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің мемлекетіміздің құрметі және мақтанышы. Осы күнді «Республика күні» деп атаған. Үшінші қадам Қазақстанның жолында елбасының сайлауы болды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш елбасы болып сайланды. Бұл күн елдің тарихында ең басты оқиғаның бірі. Елбасы-халықтың сайланып қойылатын басшысы, ең жоғары лаузым иесі. Елбасының құқықтары мен міндеттері өте көп. Парламенттің келісімі мен Үкіметі басшысы Премьер-министрді тағайындайды.Біздің елбасымыздың арқасында біздің елімізде бейбітшілік, бірлік және амандық бар. 16 желтоқсан да 1991 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қабылданды. Биыл біздің еліміздің тәуелсіздігімізге 19 жыл толып жатыр. Осы жылға дейін ата-бабамыз көптеген қиыншылықтарды бастан кешкен.Сол себепті қазір біз үшін бұл ұлы мереке деп есептеледі. Сондықтан әрбір азамат өз елінің отансүйгіші болу керек. Мен өз Отанымның отансүйгішімін. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Респубилкасының Ата заңы жарияланды. Бұл-еліміздің тәуелсіз дербес мемлекет екендігін дүниежүзіне әйгілі, аса қасиетті құжаты. Осы күннен бастап еліміз ешкімге жалтақтамай, өз бетінше өмір сүріп келеді. 16 желтоқсан «Қазақстан тарихына Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл мемлекеттік және халықаралық мейрам. Себебі Қазақстан-көп ұлтты мемлекет .Біздің мемлекетімізде 150 ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстанның барлық халықтары достықпен, береке-бірлікпен тұрып жатыр. Тәуелсіздік күні Республикамыздың тарихында маңызды оқиға болды.
Төртіншіден Қазақстан 2 наурызда 1992 жылы Бас Ассамблеяның 46-сессиясы мәжілісінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды. Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі республика үшін әлем елдерімен бейбіт алмасуға кең мүмкіндіктер береді. 1992 жылы Қазақстан БҰҰ мүшелігі болды. Содан кейін біздің егеменді және тәуелсіз мемлекет екенімізді қабылдады. Әр халықтың тарихына, салт-дәстүріне мәдениетіне байланысты рәміздері болады, сонымен қатар егеменді Қазақстан Республикасының өзіне тән рәміздері бар. 4 маусым 1992 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданды. Қазақстанның рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.
Елтаңбасы елімнің Құт, береке-шаңырақ
Неткен әйбәт ,әдемі! Орын алған ол төрден.
Тұнығындай көңілдің Қанатты қос арғымақ
Ортада аспан әлемі. Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған....
Билігім-өз қолымда,
Еркіндігім- Елтаңбам.
С.Қалиұлы.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айырықша белгісі-Ұлттық валюта. «Ақша-асыл қазына, халық байлығы», -дейді қазақ халқы. Бұл сөздерді қазақ халқы босқа айтпаған. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылы қарашаның 15-інде қабылданды. Қазақстанның ұлттық валютасы-теңге.Ұлттық валютасы барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді. Теңге-біздің дербес ел болғанымыздың белгісі.Әр елдің өзінің Ата Заңы бар. Ата Заңы –бұл егеменді және тәуелсіздік мемлекетінің негізгі Заңы. 28 қаңтар 1993 жылы Қазақстанның тұңғыш Ата Заңы қабылданды. Екінші Ата заңы 30 тамыз 1995 жылы қабылданды. Ата Заңға кішкене өзгерістер енгізілді. Ата Заңы бойынша Қазақстан Республикасы демократиялық зайырлы және құқықтық мемлекет болып саналады. Мемлекеттің жоғары құндылықтары-адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Біздің Ата заңымызда 9 бөлім, 98 бап бар. Ғасырдың соңғы ең маңызды оқиғасы – бұл Алматының Астанаға ауысуы. 1997 жылында Н.Ә.Назарбаев астанаға көшуге деген ұсыныс береді. Оны көбі қолдады.1997 жылы 10 желтоқсанда Қазақстанның астанасы-Ақмола қаласы болды.Ал 1998 жылы Ақмоланың жаңаша аты Астана болып өзгерді. Қазақ елінің тарихында төрт астана болды. Соның ең керемет астанасы-Астана қаласы. Астана қаласы іскерлік пен мәдени орталыққа айналды. Астана қаласы Еуразия құрылығының орталығында орналасқан. Астана сауда, экономикалық және халықаралық қатынастар орталығы. Бүгінгі Астана өте әдемі, әйгілі және көп ұлтты қала.Қалада көптеген сәулетті және зәулім ғимараттар бар. Астана қаласы –біздің мақтанышымыз.Астана-қазақстанымыздың жүрегі. Астана-арман қала!
Астана-арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап-жасыл боп,
Мен үлкен болғанда да.

Төкті оған нұрын дала,
Астана-сұлу қала.
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында да.
Т.Молдағалиев.
Биыл 1-2 желтоқсанда Астанада айрықша мәнді оқиға өтті. Халықаралық самет ЕҚБҰ ең басты мәселелерге шешім тоқтады.Саметте әр түрлі мемлекеттің елбасшылары мәселелерді шешім талқылады. Саметтің басқарушысы біздің елбасымыз Н.Ә. Назарбаев . Бұл біздің биікке көтерілген деңгейіміздің дәлелі. Астанадағы өткен самет бұл біздің еліміздің мақтанышы мен беділі. Негзігі ризашылығымды біздің елбасымызға білдіргім келеді. Ол біздің еліміз үшін көптеген еңбек еткен . Осы біздің елбасымыздың арқасында біздің ортақ үйіміз гүлденіп, дамып жатыр.

Отан-сенің ата-анаң
Отан –досың, бауырың
Отан өлкең, астанаң,
Отан туған ауылың
Отан-тарих, отан-тіл
Туған өлең,отан –тіл
Көтерген көкке ел даңқын.
Б.Ысқақов.
Әрбір адамның өзінің Отаны, жері , мәдениеті, салт-дәстүрі бар. Сол сияқты менің де Ұлы Отаным бар. Ол-Тәуелсіз Қазақстаным. Қазақстан – өте үлкен, бай, егеменді, көп ұлтты мемлекет.Менің кіші Отаным-Шеминов ауылы. Мен Шеминов ауылында туып-өстім. Онда көптеген әдемі жерлер бар. Шеминов ауылы мал шаруашылығымен айналысады. Бізде екі қабатты мектеп бар. Мектеп –ауылымның ең басты ғимараттардың бірі. Біздің ауылымызда ақылды және дарынды адамдар тұрады. Мен Шеминов ауылымды жақсы көремін және мақтан тұтамын.
«Дүниеде біздің елден де басқа елдер көп, әр түрлі мемлекеттер мен жерлер бар,бірақ адамның туған анасы да жалғыз,Отаны да жалғыз.»Мен осы пікірмен келесемін. Өйткені мен өз отанымды, елімді, жерімді жақсы көремін және қадірлеп, мақтан тұтамын. Қазақстан Респубилкасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі.Қазақстанда қазақ және орыс тілдер бір қалыпты қолданылады.Өйткені, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі-ұлтаралық тіл. Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді меңгеру және білу керек.
Мен өзім неміс қызы болсам да, қазақ тілін білуге тырысамын. Өйткені, ол менің болашағым. «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде», дегендей сөз бар ғой.Бұл сөзді елбасымыз бекер айтпаған.Мен қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тарихын, мәдениетін білуге тырысамын. Мен қазақ тілінен көптеген іс шараларға қатысамын.Сол арқылы қазақ тілін жетік меңгергім келеді.
Менің ойымша, мен келешекте қазақ тілің жетік білетін азамат боламын. Менің ойлауымша, әр азамат өз елін, жерін қадірлеу керек.Сонда ғана біз тату,бейбітшілікте өмір сүреміз. Мен барша Қазақстандықтарға бақыт және зор денсаулық тілеймін.Ал Қазақстанымызға бақыт және амандық тілеймін.Қазақстанымыздың жылдан жылға гүлденуімен және дамуына тілектеспін.
Қазақстанның болашағы үлкен, жарық!


Орындаған:Голубева ольга
10-сынып оқушысы
Пән мұғалімі:Қожахметова Қарлығаш Әлібекқызы


Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді
Бізге мұны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік-Қайрат, Ляззат,Ерболдың
Тас көшеде, тас-талқан болып өлгені.
Шала жансар қар астына көмгені,
Тәуелсіздік ата-баба арманы.
Қандай елмін бүгін міне, көр міне!
Алаулайды мүшкен емес сөнбегі.
Бүгін мен өзімнің шығармамда өзімнің елімнің өткені мен келешегі туралы айтқым келеді.
Ғасырлар бойы ата-бабамыздың аңсап кеткен, біздің қолымыз жеткен ұлы күніміз- Тәуелсіздік күні. Бұл күнге де халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Ата-бабамыз өз жерін, Отанын, халқын қорғаймын деп талай тарихи оқиғаларды бастарынан кешірді.
Тәуелсіздік деп нені айтамыз?
Еліміздің еңбегі, дамуы, бірлігі, отанымызды қорғау деген мағынаны білдіреді. Бұл дегеніміз үлкен бақыт пен жауапкершілік. Қазақ елінің қайраткерлердің бірі хандар, олар өз елінің тәуелсіздігі, ергіндігі үшін күрескен. Олар: Жәнібек пен Керей.
Осыдан көптеген ғасырлар бұрын қазіргі Қазақстан жерінде әртүрлі хандықтар болған. Солардың бірі- Шейбан Әбілқайыр хандығы. Ол қырық жыл ел билеп,өз халқына қаталдық көрсетеді. Сол кезде оның қол астында Керей мен Жәнібек деген сұлтандар болады. Ол екеуі бір-біріне жақын туыс екен. Екеуінің аталары кезінде ел билеген атақты хандар болған. Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр ханға бағынбай, еркін өмір сүргілері келіп, өз адамдарымен бөлініп кетеді. Олар Шу өзені бойына көшіп келіп, өмір сүре бастаған. Жасы үлкен болғандықтан халық Керейді ақ киізге көтеріп хат етіп сайлайды. Осылайша жаңадан хандық құрылады. Әбілқайыр хандығы ыдырап. Оны «Қазақ хандығы» деп, ал оның халқын қазақ халқы деп атай бастайды.
Кейін керей хан мен Жәнібек ханның өлімнен кейін,олардың жолын да Бұрындық хан тұрған-ол билікті отыз жылдан астам уақыт жүргізеді, оның кезінде қазақ хандығы Сырдария өзенің бойындағы ежелгі қазақ қалалары Түркістан, Отырар, Сауран және тағы басқалары үшін күрестер жүргізеді, оның негізінде Сырдария өзені бойындағы қалалардың барлығы қазақтарға өтеді. Осымен қатар Тәуелсіздік және бостандық үшін көптеген қазақ ақындарымен жазушылар күрескен. Мысалы , «Бес арыс». Олар: А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов. Олар өмірлерінің ақырына дейін өз халқының тәуелсіздігі үшін күрескен. Нәтижесінде халық оларды дұшпандары ретінде атын өлтірді. Олардың өмірлері өте қайғылы болған. Осылардың өмірлері өте қайғылы болған. Осылардың ішінде менің ең сүйікті ақыным Мағжан Жұмабаев. Ол өте мейірімді адам болған. Ол өзінің Отанның ақыны, отансүйгіші болған. М. Жұмабаев өзінің халқының бостандығы үшін күрескен ақын. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан өткізді. Тәуелсіздік үшін көптеген хандар, батырлар, ақын-жазушылар өз тағдырларын құрбан еткен. Қаншама асыл азаматтарымыздың қантері көз жасымен жеткен. Біздің болашағымыз үшін. Олардың алдарында біз қарыздармыз. Біз оларды әрқашанда құрметтеп еске алып өтеміз. Бәрімізге де белгілі 1986 желтоқсанның тарихы. Жастар халықпен санаспаған үшін ызалы бөледі. Колбиннің сайлауына қарсы болады. Бостандыққа сүйіспеншілікпен көрсеткен қазақтың жастары «Желтоқсанның жұлдыздары». Олар: Қайрат,Ләззат, Сәбира , Бахыт және тағы басқа асыл азамттарымыз. Олардың ерлігі, қайсар өмірлерінің алдында біз қарыздармыз. Өйткені ол соңғы үш жүз жыл бойы тәуелсіздіктен айырылған еді. Екі жүз жылға жуық патшалық Ресейдің отары болды.
Ал соңғы 74 жылға Кеңес мемлекетінің құрамында болып, дербестікті де, тәуелсіздікті де мүлден жоғалтты.
Өзіндікі –Елің де, Орыс,ұйғыр,неміс те
Өзіндікі – Жерін де. Үміт қосын жеңіске
Өзіндікін өзің еткен Бақ Жұдырықтай жұмылды.
Тәуелсіздік-төрінде! Келешегі кең іске

Асқар тау да – сенікі, Өзіндікі- Туың да,
Бақша , бау да – сенікі От пен ауа, суың да
Қалтқысыз дос пенен Жаса, Қазақстаным
Қатал жау да –сенікі Белді бекем буын да!...
Осы жиырма жыл бойы болған өзгерістерге тоқталамын:Яғни Тәуелсіздіктен кейінгі тарихи оқиғаларға.
Алғашқы акт 1990 жылы 25 қазанда қабылданған «Қазақ Советтік Социалистік республикасының егемендігі туралы декларация» болып табылады. Ал 1991 жылы 1 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан респубилкасының конституциялық заңы жарияланды. Бұл қазақ халқының көптеген қиындықтардан өтіп, өзінің деген мақсатына жеткенінің белгісі. Тәуелсіз ел екенін жариялағандығы. Осы жылдан бастап ел өмірі түгелімен өзгеріп, дамудың жаңа жолдарына кешті. Қазақстан 1992 жылы 4 маусымда өзінің Тәуелсіздік екенін бір белгісін болып, мемлекеттік рәміздерді, яғни Елтаңбасын, Мемлекеттік Туын және бірінші әнұранын бекітті. Олар мемлкеттің ең басты белгілері болып есептеледі.
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы,
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабағы.
Бұлт баспасын күнімді,
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туынды-
Қасиетті борышым.
Тудың түсі-көк. Оның авторы Шәкен Ниязбеков. Тудың ортасында күн және бүркіт бар. Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов. Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Ал шетерінде екі пырақтар бар, жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз бар, төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.
Әнұран халық жүрегінің лүпілін тұмар қып түйген музыкалық сәлемхат іспеттес.
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы бір жылдық қызметінің бастап-қысында Президент Н.Ә. Назарбаевтың өзі болды.1992 жылдың қыркүйек айында ол Тәуелсіз Қазақстан Республикасының елбасшысы ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының сессиясына түңғыш рет қатысып, сөз сөйледі. Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау жөнінде құнды ұсыныстар жасады.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Ата заңы 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданды.1993 жылы алғашқы Конституция қабылданғанға дейін Қазақстан азаматтары Қазақ КСР конституциясын пайдаланып келеді. Ал 15 қарашада Ұлттық валюта қабылданды. Осы уақыт ішінде Қазақстанда көп өзгерістер болды. 1995 жылы 30 тамызда жаңа Ата заңы қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізуге себепші болды. Оған азаматтардың 90,51 пайызы қатысып, олардың 89 пайызы Ата заңы жақтан дауыс берді.
Менің ойымша, Ата заңды құрметтеп, оны жақсы білу және мүлтіксіз орындау әрбір азаматтық міндеті болып саналады.
Мен өз Ата заңыма құрметпен қараймын. Мемлекетіміздің астанасы- Астана қаласы. 1998 жылдың 10 маусымында Қазақстанның жаңа астанасы Астана қаласының салтанатты тұсаукесері болды. Астананы ауыстыру көптеген экономикалық, саяси, демографиялық, географиялық жағадайларға байланысты туындады.Аз уақыттың ішінде Президенттік Мәдени орталық, Конгресс-хол, мәдениет сарайы, Л.М. Гумелев
Атындағы Еуразия университеті,халықаралық деңгейде мейрамханалар салынып, Абай мен Кенесары ханға ескерткіштер орнатылды.
Қазіргі Астана-арман қала!
Сосын 2005 жылы желтоқсанда Елбасының сайлауы болды. Елбасы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.Содан кейін 2006 жылы екінші мемлекеттік әнұраны қабылданды.
Қазір Қазақстан – дербес, тәуелсіз,үлкен мемлекет.Қазақстан ТДМ-ң ең алғашқы елі, ал ЕҚБҰ келбеті болды.
Қазақстан саясаттық және экономикалық ел екенін көптеген елдер біліп, мойындаған. Бұл біздің Тәуелсіз ел екеніміздің дәлелі болып есептеледі.Сондықтан да қазір Қазақстаным туралы үлкен, аса зор мақтанышпен айтуға болады.. Ол менің мақтанышым! Қуанышым!
Тәуелсіз Қазақстаным әрі қарай дамып, гүлдене берсін тек қана жақсы өзгерістер болсын. Еліміз бейбітшілікте, бірлікте өмір сүрсін.
Категория: Творческие проекты учащихся | Добавил: Шеминовка (2014-02-05) | Автор: Қожахметова Қарлығаш Әлібекқызы E
Просмотров: 3682 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 2:00 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru