Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся |
Ақмола облысы Ерейментау ауданы «Новодолинка орта мектебі» ММ Еркабаева Шынарай 9 сынып «НАСЫБАЙДЫҢ ЗИЯНЫ» Бағыты: Жақсы табиғи орта – «Қазақстан 2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі Секция: Салауатты өмір салтын қалыптастыру Жетекшісі: география пәні мұғалімі Еркабаева Т.К. КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі: Оқушылардың денсаулығы – мемлекетіміз үшін ерекше өзекті мәселелердің бірі. Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширақтандыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.Ел Президентінің "Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты” тармағында,"…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған. Бүгіндері елімізде осынау қауіпті нашақорлықпен айналысатындар саны өсіп барады. Есірткінің медициналық-әлеуметтік проблемалары республика орталығының мәліметіне қарағанда, бұл кеселге тәуелді болғандардың саны 250 мыңнан асады екен. Ал 1,5 млн-дай адам нашақорлыққа бейімділік сәтінде отпен ойнағандай әрі-сәрі күй кешуде. Әсіресе кәмелетке толмағандардың әлгіндей қатерлі дертке әуестене түсуі қатты ойландыруы тиіс. Міне, сондықтан да қоғамымызда ертеңгі болашағы үшін мұндай тағылымды шаралардың өткізіліп тұруы ғанибетті іс болмақ. Жылына БҰҰ-ның сараптауы бойынша есірткінің негізгі массасы 65% Орта Азия арқылы өтеді, ал Қазақстан арқылы жылына 150 тонна өтеді. Қазақстан Республикасы бойынша 47 мың адам есірткіні қолданатындар тізімінде. Қазақстан жерінде жеңіл есірткіден гөрі өте улы түріне көбірек сұраныс болып жатыр. Республикадағы есірткіні көп пайдаланатын нашақорлар саны қарқынды өсіп келе жатқан қара дақтар. Өкінішке орай , көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша ескертсе де, жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді. Жалпы, халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасы әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. "Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған. Бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі – ол жастардың зиянды әдеттерге берілуі: темекі тарту, ішімдік ішу, есірткі құмарлық және насыбай атудың кең таралғаны ешкімге сыр емес. Олар жастар арасында адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алудың басты себебі болып табылады. Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады. ҚР халқының денсаулығындағы қолайсыз тенденцияның негізгі себебі – зиянды әдеттердің, оның ішінде насыбай атудың таралуы. Қазақстан насыбай атудың таралуы бойынша жоғары болып саналатын елдердің қатарына кіреді. Егер қазақстандықтардың темекі шегушілерінің саны 40% асатын болса, онда насыбай атушылардың саны 18% таяу. Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», яки болмаса «Денсаулық – терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Осы ұғымға сүйене отырып , мен жұмысымды насыбайдың зиянын зерттеуге арнадым. Зерттеудің мақсаты: Насыбайдың шыққан жерін, таралу географиясын, құрамын зерттеу барысында құрамындағы қоспалардың жас ұрапақ денсаулығына тігізетін әсерін зерттеу. Зерттеудің міндеттері: Жастардың бойында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру; Қазіргі заманның талаптарын есепке ала отырып салауатты өмір салтын қалыптастырудың міндеттері мен мазмұнын жас ерекшелік тұрғысында айқындау; • Саламатты Қазақстанның негізін қалайтын ұрпақ ол біз жастар екнімізді ескере отырып ол әдетпен мектеп жағдайында күресу НАСЫБАЙДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТАРАЛЫУЫ Қазір ауыл, аудан, қала көшелерінің қай мүйісінде де темекі, құрт, шемішке тәрізді ұсақ-түйектерді сатып отырған әйелдердің сөресіне көз тастасаң, жылтыр қағазға ұзынша етіп оралған насыбайлардың бірнеше түрін көресің, ішінде ұп-ұсақ түйіршіктілері де, талқан тәрізді түрлері де бар. Ал, аудан, қала орталығындағы базарлардың қайсына барсаң да әр түрлі құтыларға салынған насыбайлар тұнып тұр. Соны көргеніңде өзің насыбай атпайтын болғандықтан, «Осы насыбай дегенің қандай зат?», - деп ойға қалады екенсің... Бір кезде «нас» деген иісі жұпар ағаш болыпты. Сол насты жұрт иіскейді екен. Насыбай о баста содан шыққан… Міне, осындай аңыз бар. Иә, ол аңыз. Шындық басқаша. Отарлаушы орыс мемлекетімен, Қытаймен етене араласып, сауда-саттық жасаудың нәтижесінде қазақ даласына темекі келіп, насыбай жасау, оны ату етек жайған. Темекінің құрғатылған жапырағынан мүштікке папирос салып тарту- дың пайда болуы тәрізді, темекіні ұнтақтап, оған түрлі заттар қосып насыбай дайындауды далада мал бағып, көшіп-қонып жүрген қазақтардың әу- баста өзгелерден үйренгені белгілі. Мамандардың айтуы бойынша насыбай қазақ даласына Орта Азия елдерінен келген. Бұл гипотезаның негізі қазіргі кездегі статистикаға жүгінсек Өзбекстан, Қырғызстан, Тажікстан елдерінде насыбай атушылар саны бүкіләлемде ең жоғары орын алуда. Кезінде қазақтар насыбайды күл немесе калампыр қоса жасаған және оны қариялар мүштік арқылы тартқан. Бірақ қазіргі кезде оның құрамы мүлде өзгеріп, насыбайды тартпай ерін, тіл астына салып және мұрынға атады. Кейбір батыстық мәдениеттанушылар «насыбай – Орта Азия халықтары мәде¬ниетінің бір бөлігі» дейді. Әрине, насыбайды мәдениетпен ұштастыру – жаңсақ пікір. Әйтсе де, өзгелердің жаңсақ пікір айтуына өзіміз себепші болмағанымыз, жаман әдеттен бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн.Темекінің зияндылығы туралы әңгіме бір басылған емес. Темекінің қорабында оны шеккен адамның өз денсаулығына өзінің балта шауып отырғаны туралы сүйектен өтердей суық сөз жазылған. Арақ пен темекіні ашық жарнамалауға тыйым, шектеу бар. Ал насыбай ұмыт қалған. Оған қарсы үгіт-насихат та, күрес те байқалмайды. Насыбайдың құрамы және оның адам ағзасына келтірер зияны туралы зерттеп жүрген мамандар туралы да естімеппіз. НАСЫБАЙДЫҢ ҚҰРАМЫ Енді затына, яғни құрамына қысқаша тоқталып өтейік. Темекі — күтімді қажет ете бермейтін өсімдік. Өсіру және оның ұзын да жалпақ жапырақтарын теріп алып, кептіріп, шикізат қорын жасақтау ешқандай қиындық тудырмайды. Темекінің жайы кім-кімге де түсінікті, әрине. Нағыз сұмдықтар насыбайға жеткенде шығады. Алдымен кептірілген жапырақты шағын темір келіге салып, ұнтақтау керек. Бұл әлі насыбай емес! Күл керек. Ол үшін насыбайшы өзі қалаған ағаштың қабығын сыдырып алып, алдымен кептіреді де, содан соң оны жағып, күлін жинайды. Сөйтіп темекі ұнтағына тиісінше күл қосылады. Насыбай түйір-түйір болып тұруы үшін кәдімгі әк те қажет екен. Ол да насыбайшының қалауымен ыдысқа түседі. Бірақ ақша табудың жолына түскендер бұнымен шектелмейді деседі. Сонымен насыбай құрамында: никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне (қатерлі ісік) ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер (бензопирен, полоний, висмут, т.б.) бар темекіден жасалатындығы, кейінгі кезде кей жерлерде оған өзге де улы заттардың қосылатындығы. Соның басты – бастысы: біреулер насыбайдың құрамына тауықтың немесе басқа да жануарлардың қиын қосатынын біреу білсе, біреу білмес. Насыбайға әктің суын, қара ағаштың смоласын қосып әзірлейді. Бұлардың қай-қайсы да өте зиянды. Тауықтың қиы қаншалықты қауіпті екенін айтып жеткізу қиын. Қазақтар тауықты «Құстың шошқасы» деп атайды. Өйткені оның жемейтіні жоқ, тамақ талғамайды, бәрін қылғыта береді. Сондықтан тауық ішегінде құрттар да көп. Тауық қиының қаншалықты улы екеніне бір мысал келтірейін. Жай ғана тауықтың саңғырығын жеп қойған қойлардың бір сағаттың ішінде өліп қалғандығы жөнінде оқиғалар өмірде болған. Қара ағаштың смоласының зияны да тауықтың саңғырығының уынан кем емес. Осындай нәрсені қалай ауызға салуға болатыны, айталық, түсініксіз.Өзіне-өзінің қастығы болмаса, адам баласы бұндай шалыс қадамға бармауы керек-ақ… САУАЛНАМА ЖҮРГІЗУ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы. Ақмола облысы ересектер арасында насыбай ататындардың үлесі 2010 жылы 19,6%-дан 2012 жылы 16,9%-ға дейін, 18-24 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдер арасында 2010 жылы 23,3%-дан 2012 жылы 19,4%-ға төмендеген. Біздің Ақсуат ауыл тұрғындары арасында өткен «Насыбай туралы шындық» сауалнама қорытындысының көрсеткіші алаңдатады (1). Сур.1 Марат, 25 жаста – Насыбай ата бастағаныма біраз болды. 2-3 күнде бір шақша насыбайдың түйіршік түрін қолданамын. Насыбайды тастауға әрекеттеніп, үш күн пайдаланбай көріп едім, басым айналып, жүрегім айнып, тамаққа тәбетім болмай, мазам қашты. Дегенмен, өз болашағым үшін міндетті түрде насыбайды тастаймын деп, алдыма мақсат қойдым. Насыбай асқазанды құртады, мидың жұмысына кедергі болып, ұмытшақтық (склероз) ауруына әкеледі деп естігенмін. Сондықтан, мен мектеп жасындағы балаларға «насыбайға қызығушылық танытпаңдар, оларға әуес болмаңдар», – дегім келеді. «Ертең бармақ тістеп өкінгенде бәрі кеш екенін түсінесің. Қуат, 19-жаста насыбайды пайдаланушы: - Мен насыбайды 5 жылдан бері пайдаланамын. Бірақ бұл жайында ата-анам, туған-туыстарым білмейді. 2 күнде 3 шақша насыбайдың түйір түрін қолданамын. Айына 3000-дай қаражат жұмсаймын, сапасына қарай бағасы да әр түрлі. Насыбайды тастау үшін әрекеттендім, үш күн пайдаланбай, бас тарттым. Басым айналып, жүрегім айнып, тамаққа тәбетім болмай, мазам қашқан болатын, ешқандай нәтиже болмаған соң, насыбайға тәуелді болғанымды ұққандаймын. Насыбайды тілдің астына салып қолданатындар 10-15 жылдың кейін тілдің астындағы тамырлары өлі тамырға айналады деп естігенмін. Сондықтан еріннің астына салып та пайдаланамыз. Негізінен насыбай ауыз қуысындағы тамырларды өлі тамырға айналдырып, асқазанды құртады, мидың дұрыс жұмыс жасауына кедергі болып, ұмытшақтық (склероз) ауруына әкеледі деп те естігенмін. Мұның барлығын біле тұрсам да насыбайға тәуелділігімнен бас тарта алмай келемін. Балалар мектеп жасында пайдалана бастайды, оларға әуес болмаңдар дегім келеді. Ерлан, 22-жаста насыбайды пайдаланушы: - Мен насыбайды 16 жасымда, үлкен ағамның пайдаланғанын көріп, қызығушылықпен бастадым. Бастапқыда басым айналды, кейін маған рахат сыйлайтындай сезіндім. Менің әкем темекіні тастау үшін насыбай атуға ауысты, оған насыбай ұнамай, қайтадан темекіні пайдаланып кетті. Насыбайдан бас тартқым-ақ келеді, бірақ үйреніп кеттім. Мен насыбайды ашық базардан сатып алып, пайдаланамын. Гүлзат, базардағы сатушы: - Маған насыбай Шымкеттен тасымалданады, тез арада сатылып кетеді. Сіз насыбайды пайдалану зиян дегіңіз келе ме? Неге? Біздің қарттарымыз өмір бойы насыбай пайдаланып 90 жасқа дейін өмір сүрген ғой. НАСЫБАЙДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНЫ Жастар, тіпті, жасөспірімдер арасында насыбай ату кең таралып, жаппай етек алып кеткені рас. Себебі насыбайдың бір орамының бағасы ап-арзан. Оны бірнеше рет бөліп атып, елтуге қолайлы. Ал оның орнына темекі сатып алып тартайын десе, насыбай сатып алған тиын-тебен темекінің бағасына жетпейді, әрі насыбайды одан кім көрінген сұрай бермейді. Олардың насыбай деп тартып жүргендері негізінен түрлі химиялық қоспалардан астыртын дайындалатын, сапасы аса күмәнді, денсаулыққа орасан зор зиянын тигізетін зат. Біздің әкелеріміз, бабаларымыз тартатын аршадан, түрлі емдік өсімдіктерден жасалатын таза, табиғи насыбай қазір жоқ. Бұрынғы кезде әркім өзі қолдан дайындап алатын насыбайдың өзін үлкендер болмаса, жастар қолданбайтын. Насыбай атқан адамды қанын тексеру арқылы оп-оңай анықтауға болады дейді дәрігерлер. Дәрігерлердің айтуынша, кез келген наркотикалық заттар, алкогольдік ішімдіктер, оның ішінде насыбай адам денсаулығына аса зиян. Ол – әсіресе, қатерлі ісік ауруларының басты себептерінің бірі. Жастардың көбі оны қызық көріп, сонан соң басқаларға еліктеп тартады. Оны өздерінше мақтан көреді. Насыбай - жасөспірімдер үшін түтінін шы¬ғар¬май, ата-анадан жасырынып темекі шегудің амалы болып отыр». Бірер жыл бұрын Үкімет насыбайды есірткі деп танып, оны таратуға, тұтынуға тыйым салды. Бірақ соған қарамастан, қаладағы базарларда насыбай саудасы қызып тұрғаны жасырын емес. Насыбай – құмарлық үшін пайдаланатын, құрамында есірткі бар темекі өсімдігінен жасалатын зат. Насыбай ату – темекі тарту, араққа салыну, нашақорлық тәрізді дерт болғандықтан, оған үйренгендер бір мезет насыбай атпаса, басы ауырып, жүрегі соғып, мазасыз күйге түседі. Сөйтіп отырғанында насыбайды атып жіберсе, жаны жадырап, басының ауырғаны тиылып қоя береді. Насыбай темекіге қарағанда әлдеқайда улы, зиянды, былғаныш. Ол рак ауруына жол ашады. Насыбай ататындардың ауыз қуысы ойылып, жара-жара болып жүреді. Бұл — әктің әсері. Желім де ағзаға зиянды зат. Өзбекстанның онкологиялық орталығы таратқан мәліметтерге қарағанда, ауыз қуысының рак ауруына шалдығатындардың 63 пайызы насыбай ататындар екен. Ауыз қуысының, жұтқыншақтың, кеңірдек пен қолқаның рак ауруы қазақстандық ер-азаматтарда әйелдерге қарағанда 5 есе көп кездеседі. Сондықтан да дәрігерлер, ұстаздар, жалпы жұртшылық болып жастардың, әсіресе, жасөспірімдердің, залалды дағдыдан аулақ болуы үшін аянбай жұмыс жасауда. Зиянды әдеттің жиіркенішті жағын, ағзаға зиянды әсерін жете әрі толық айтып түсіндірейік. Сонда ғана «Жаңылыспайтын жан – жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» - демекші, бір сәттік алдамшы қызықтың жетегіне кеткен, жасөспірімдер өз ерік – күштерімен бері қарай, түзу әрі тура жолға түседі деген ойдамын. Ертеректе үлкен бір ауылда насыбай ататын бірлі-жарым ғана қария адам болушы еді. Сол қарияның насыбайы таусылып қалса, ерте тұрып, атқа мініп, көрші үлкен ауылға жолға шығатын. Ал қазір болса насыбай атушылардың саны көбейіп, өздері тым жасарып кетті. Насыбай ататын әжелеріміз де көп. Насыбай да темекі мен есірткі сияқты бір бастасаң қоя алмайсың. Соған әуес болып, психикалық тәуелді болып шыға келесің. Насыбай тұралы аңыз: Насыбай атқан адамдар бір көргенде елітіп, ақ жарқын, әңгімешіл болып көрінеді. Көтеріңкі көңіл – күй жарты сағатқа созылады. Әдетте бір шөкім насыбайды аузына салған адам оны тілдің немесе үстіңгі еріннің астында, яки ұртында ұстайды. Ауыз қуысына түскен дәрі-дәрмек, сол сияқты басқа да еритін заттар қанға тез сіңіп, денеге тез жайылады, миға жылдам әсер етеді. Ауызға түскен насыбай да солай, ол бірер минуттан соң-ақ басты айналдырып, көзді бұлдыратып жібереді.Басқаша айтқанда үнемі ұйқысырап жүретін жалқау денені сілкіп, оятқандай болады. Бұл, әрине, бір сәттік қана әсер. Насыбай тұралы шындық: Екі – үш ай өткеннен кейін насыбай ату мерзімі (уақыты) жиілей береді. Күніне 8 – 10 ретке дейін насыбай атады. Насыбайға тәуелді болып, ауызға ұстау мерзімі де ұзарады. Насыбайға басыбайлы (толық) құл болған адамның жұмыс қабілеті төмендеп, сәл нәрсеге ренжіп, болмашы затқа ашуланып, ұрысқақ болып алады. Ылғи да насыбай атқысы келіп, өзінің негізгі жұмысына, оқуына деген ынта – ықыласы нашар болады. Насыбай бітіп қалса, сол насыбай қайта табылып ауызға түскенше басы ауырып, көңіл – күйі болмайды. Жүрегі соғып, әлсізденеді, ұйықтайын десе ұйқысы келмейді. Тамаққа тәбеті болмайды. Айналасындағы жанұядағы адамдардың сөзін көтермей, ызақор болады. Соған қарамастан, кәрі де, жас та насыбайды еріннің астына салып атады. Сол себепті насыбай ататындардың 80 пайызының ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі ісікке ұшырап ауырады. Әуелі қызық үшін насыбай ататындар кейін оған әбден әуестеніп, үйреніп кетеді де, насыбайға тәуелді болып қалады. Нарколог дәрігерлердің айтуынша, насыбайды үзбей атқандардың көпшілігі жаман ауруға шалдығып, жандары қиналады. Өйткені насыбайдың құрамында денсаулыққа өте зиянды заттар көп. Оның арты қатерлі ісік ауруларына ұласады. Құрамындағы жануарлардың қилары олардың құрамында түрлі микробтар бар. Ал, олар адам ағзасына енгеннен кейін адамды улап, жұқпалы аурулар мен ішек ауруларын туғызады. Ауыз қуысы арқылы пайдаланатындықтан, адамның миы зақымданып, жүйке жүйесі әлсіреп, тез ашуланшақ болып кетеді десе, ал онколог дәрігердің айтуынша он жылдан аса уақыт атқан адамдардың ауызында қатерлі ісіктің пайда болу мүмкіндігі бар. Ауыз сілекейімен ішке кеткен 3-4 грамм насыбай ит пен мысықты өлтіреді екен. Ал содан кейін ағзасы әлі толық жетілмеген жасөспірімдер үшін «насыбайдың» қаншалықты зиян әрі қауіпті. Жалпы, дәрігер мамандардың айтуын¬ша, насыбайдың адам денсаулығына тигізер зияны өте көп. Біріншіден, насыбай ату темекі тарту, араққа салыну, нашақорлық тәрізді дерт болғандықтан, оған үйрен¬гендер бір мезет насыбай атпаса, басы ауырып, жүрегі соғып, мазасыз күйге түседі. Оның құрамына никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне ұшырататын әртүрлі радиоактивті қоспалар қосылады. Әрі насыбай ату адамның жасын қысқартады. Ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі қатерлі ісігіне ұшырайды. Өмір сүруге, еңбек етуге, отбасын асырауға деген ынта-ықыласты азайтады. Тыныс алу жолдары қабынады. Ұдайы насыбай ату ұйқысыздыққа әкеліп соғады. Тамаққа деген тәбетті жойып, адам ағзасы әлсірейді. Сондықтан насыбайдан аулақ болған жөн. Насыбай ататындардың есіне: • Насыбай ату адам жасын қысқартады. • Ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі қатерлі ісікке ұшырайды. • Өмір сүруге, еңбек етуге, отбасын асырауға деген ынта-ықылас азаяды. • Әйелдер насыбай атса, ішіндегі баланың денсаулығына зияны тиеді. • Тыныс алу жолдары қабынады. • Ұйқысыздыққа апарады. • Адамды ерте қартай-тады. • Ауызы, үсті, айналасы сасып жүреді. • Тамаққа деген тәбетті жояды, адам ағзасы әлсірейді. • Рухани күйзеліске ұшыратад ҚОРЫТЫНДЫ Адамдардың арасындағы адасудың ең үлкен жолы насыбай қолдану болып табылады. Қазіргі таңда мемлекет бұл қауіпті қоспадан қорғау үшін барлық амалдарды жасап отыр. Ал оның қауіпті екендігі дау туғызбайды. Көптеген сатушылар өзінің улаушы қоспасын сата отырып, насбайды ата-бабаларымыз қолданған деп шімірікпестен өтірік айтады. Бұл мүлде өтірік! Қазіргі насыбай тарихпен еш қатысы жоқ. Бірінші шындық. Насыбайдың құрамында не бар екенін және оның қандай қоспалардан тұратын жан баласы білмейді. Оны құпия жолмен даиындайды және әрбір сатушы оған қалаған ңәрсесін қосады, ал бұл дегеніміз- психобелсенді зат болып табылады. Сонымен қатар, мамандардың жүргезген зерттеуіне сүйенсек, улы қоспаның құрамында ацетон, толуол, бутилацетит және кәдімгі бояу бар. Мұнымен қоса, күдікт қоспаның құрамына махорка, темекі және темекі кулі, ағаш кулі, әк пен тауықтың саңғырығы қосылады. Екінші шындық. Бағбандарға бұрыннан таныс бір шындықтың бетін ашайық: егер өсімдікті тауық саңғырығы араласқан қоспен суғарса, ол күйіп кетеді! Дәрігерлер осыны айтады. Яғни, біріншіден ауыз қуысы және асқазан, ішек жолдары зардап шегеді. Насыбайды ұзақ уақыт қолдану асқазан жарасының пайда болуына себеп болады. Мұнда әк қосылса тіптен жаман... Үшінші шындық. Насыбай ер адамдарды бедеулікке алып келеді! Оны ұзақ уақыт бойы қолданған жағдайда бұл олқылықтың орнын толтыру іс жүзінде мүмкін емес. Төртінші шындық. Қазақстандық наркологтар насыбайдың көптеген түрлерінде, темекі табагынан басқа да есірткі заттары кездеседі деп есептейді.Демек, бұл қоспаны қолданушы адамдарда никотинге ғана емес, басқа да химиялық заттарға деген тәуелділік пайда болады. Бесінші шындық. Онкологтардың мәліметінше, тілдің, еріннің және басқа да ауыз қуысындағы, көмекейдегі қатерлі ісік ауруының 80 пайызы насыбай қолдануменбайланысты. Оның тағы бір зиянды әсері- тістің тез бұзылуы,тіс жегі және пародантоз. Егер сен улы қоспаның құмартушысы болсаң,әдемі күлкіңмен қоштаса беруіңе болады. Алтыншы шындық.Бұл қоспада тауықтың саңғырығынан бөлек,басқа да жануарлардың нәжісі қосылады. Сондықтан оны қолдана отырып, іш құрлысының улануы және паразиттік аурулармен ауруыңыз бек мүмкін. Және бұған талшықты гепетит пен құс тұмауын қосып қойыңыз. Жетінші шындық.Насыбайдың негізгі әсер етуші күшінің бірі темекі табагы бол,андықтан, насыбай атқан адам темекі шегуші адамдар тәрізді никотинге тәуелді бола бастайды. Ал адам темекі табагының бұл түрінен аса көп мөлшерде никотин дозасын алатындықтан бұл аса қауіпті. Сегізінші шындық. Насыбай қолдану жасөспірімдердің психикалық дамуына кері әсер етеді. Көбіне олардың зейіні төмендеп, есте сақтау қабілеті нашарлап, балаларда ұшқалақтық мінез қалыптасады. Насыбай қолданатын сенің құрдастарың есте сақтау қабілеті мен ұмытшақтықтың пайда болғаны жайында жиі шағымданады. Бұл жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуы мен жүйке жүйесініңі бұзылуына алып келеді. Тоғызыншы шындық. Жас ағзада қауіпті өнімді қолдану тез арада әдетке айналып, қалыпты жағдай ретінде қабылдана бастайды.Адам алдағы уақытта бұдан да күшті әсер алғысы келіп тұрады. Егер сен улы затты сағыз сатып алғандай емін-еркін сатып ала беретін болсаң, таяу болашақта күшті есірткі заттары қызықтырмайды дегенге кепіл жоқ. Мұның соңы –ажал! Оныншы шындық. Насыбай қолдану кезінде пайда болған сілекейдің өзі уға айналады. Бұл дегеніміз – жүрек айнуы, ауыз қуысы ісініп, асқазан дертінің пайда болуы, еріксіз дәрет шығару мен асқазан құрылысының бұзылуы. Насыбайда кадмий мен қорғасынның көп мөлшері бар. Яғни, оны қолданушы адам мидың және бүйректің улануы, аяқ қолдың сал ауруына шалдығуы мен сүйектің жұмсаруынан қашып құтыла алмайды. Қорыта келгенде, академик Н. М. Амосов айтқандай: "Денсаулығың мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.” Құрметті достар, егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық. Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз. Осы бағыттама аясында ел басқарған ағалармен біріге отырып, түрлі індеттердің алдын алу керек. Салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс бітірмек! Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ. Досың спорт, таза ауа, өсімдік. Ала жүріп, осылардың сыйлығын – Жаңа ғасырға біз берейік көріктік. | |
Просмотров: 5697 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|