Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся

Сиқырлы сөздер
Бұқар жырау ауданы
Ростовка ауылы
Тақырыбы:
«Сиқырлы сөздер»
Ізденуші: шағын орталығының “Ботақан” тобының тәрбиеленушісі Торбаева Алтынай
Жетекшісі: тәрбиешісі Тусупова Жұлдыз Темірханқызы
2014 ж.

Жобаның мазмұны:
І. Кіріспе.
1.1 Таңдауға негіздеме.
1.2 Жұмыстың мақсаты.
1.3 Міндеттері.
1.4 Жұмыстың кезеңдері.

ІІ. Негізгі бөлім.
1. Адамның әдепті екенін
қай жағынан білеміз?
2. Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
3. Маған ұнайтын сиқырлы сөздер
ІІІ. Қорытынды.
Мен әдепті баламын
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Жобаның мақсаты:
• Сиқырлы сөздерді зерттеп, үнемі қолданып, әдепті бала болып өсу.
Жұмыстың міндеттері және кезеңдері:
1. Сиқырлы сөздерді зерттеп, баланың қызығушылығын арттыру.
2. Сиқырлы сөздерді күнделікті өмірде қолдануға, әдептілікке үйрету.
1-кезең Материалды әзірлеу
2-кезең Баланың мәтінді түсінуі және жаттауы
3-кезең Жобаны қорғау
І. Кіріспе.
Тақырыпты таңдауға негіздеме:
Топтағы зерек бала Торбаева Алтынайдың әдептілік қылық-дағдыларын ашып, басқа балаларға да үлгі етіп көрсету негізгі мақсат болып табылады. Алтынайдың «Мен өзім естіп жүрген сөздердің сиқыры бар екенін анықтап білгім келеді» деген сөздерін жүзеге асыру. Балабақша балаларының көпшілігін қызықтыратын және күнделікті қоятын сұрақтарына жауап беру негізінде туған ой жоба түрінде ізденуге негіз етіп алынды. Бір баланың анықтап білген мәліметтері топтағы барлық балаға оң әсерін тигізеді. Әдептілік дағдыларына баулиды.
ІІ.Негізгі бөлім
1. Адамның әдепті екенін қай жағынан білеміз?
Мен ата-анамды, тәрбиеші апайлар мен достарымды қуантатын әдепті сөздерді зерттедім.
Егер бала - ұялса, кішіпейіл болса, таза, ұқыпты, қайырымды болса, сәлем берсе, басқаны құрметтесе әдепті бала болады. Оған сиқырлы сөздер көмектеседі.
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса,
Сыйлы болмақ өзі де,
Үлкен болған кезінде.
Сыйластықты іздеген,
Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі,
Үлкендерге «сіз» деген.

Атам менің әманда,
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
Жасы үлкенге жол берем.
2. «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді»
Үлкенге сәлем беру - кішінің міндеті.
Сәлем беру –имандылықтың, мәдениеттіліктің белгісі.
Кездескенде сәлемдесу керек.
• Сәлеметсіз бе.
• Қайырлы таң.
• Қайырлы кеш.
• Қайырлы күн.
• Қош келдіңіз!
• Кездескеніме қуаныштымын.
• Қалыңыз қалай?
Кетерде Қоштасу керек
• Қош болыңыз.
• Сау болыңыз.
• Жолыңыз болсын.
• Кездескенше.
• Жақсылықта болыңыз.
• Амандықта болыңыз.
• Көріскенше.
Қателік жасасаң, Кешірім сұрау керек
• Кешірім өтінемін.
• Мені кешіріңіз.
• Ғапу етіңіз.
• Кешірім сұраймын.
• Менен қателік кетті.
Айтқаныңды орындату үшін, Өтіну керек
• Өтінемін, қарсы болмаңыз.
• Рұқсат етіңіз.
• Егер қиын болмаса.
• Рахмет жаусын.
• Рұқсат етуіңізді өтінемін.
• Рахым етіңіз.
Кез келген жақсылыққа, Алғыс айту керек
• Үлкен рахмет!
• Өте ризамын.
• Көмегіңізге рахмет!.
• Алғыс білдіремін.
Мереке мен қуанышты күндерде Құттықтау-тілектер айту керек
- Құтты болсын!
- Мерекеңізбен!
- Асыңыз дәмді болсын!
- Туған күніңізбен!
- Наурыз құтты болсын!
3. Маған ұнайтын сиқырлы сөздер
Маған ұнайтын ең сиқырлы сөз - «Айналайын» деген сөз. Анамыз сүйікті баласының тәтті тілі үшін, жақсы қылығы үшін «айналайын» дейді.
Ал үлкендер айтқанда, балаға өте ұнайтын сиқырлы сөздер де бар:
- Айналайын!
- Денің сау болсын!
- Үлкен азамат бол!
- Ұқыпты бол!
- Батыл бол!
-Кішіпейіл бол!
-Ізетті бол! Әдепті бол!
-Ақылды бол! Білімді бол!
-Сүйкімді бол!
-Қазақтың баласы бол!
-Отаныңның баласы бол!
-Еліңе қорған бол!
-Арманшыл бол!
-Әжеңнің шуағы бол!
-Атаңның ұрпағы бол!
–Өнерлі бол!
-Биші бол! Әнші бол!
-Өнерің өрге жүзсін!
-Талабыңа Нұр жаусын!
-Мерейің үстем болсын!
Осындай сиқырлы сөздерге бала «рахмет» деп жауап беруі керек.
-Рахмет!
ІІІ. Қорытынды
Баланың сотқар қылығына қатал сөздермен тыйым салады,
«Олай істеуге Болмайды!» дейді.
Әдепті және сыпайы сөйлеудің ғажайып күші бар. Осындай «Сиқырлы сөздерді» үнемі айтып жүрсек, біз әдепті бала боламыз. Мен әдепті баламын!
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Әдептілік-әдемілік, Алматыкітап, 2007ж.
2. Өзін-өзі тану Хрестоматия, Алматы: «Бөбек», 2010ж.
Категория: Творческие проекты учащихся | Добавил: Жулдыз2876 (2014-10-10) | Автор: Жулдыз
Просмотров: 3324 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 10:53 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru