Главная » Статьи » Творческие проекты учащихся |
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызғаөзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет. Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. “Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”. Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз. Әр бала – болашақ данышпан, Әр бала – зерттелмеген құпия. Дарынды оқушылармен жұмыс Мақсаты: Оқушының қабілетін анықтау. Сол бағытқа байланысты тереңдетілген түрдде тапсырмалар беру арқылы даму деңгейін, ой – өрісін одан әрі дамыту. Білім алудығы негізгі талаптарды жүзеге асыру. Халықтық тәлім- тәрбие білу. Міндеті: Бұл оқушылармен үнемі қосымша жұмыс жасау. Күрделі тапсырмалар, зерттеулер беру. Логикалық тапсырмаларды жиі ұсыну. Әр сабақта олардың ой-орістерінің өсуіне жағдай жасау. Оқуға деген белсенділіктерін дамыту, арттыру.Адамгершілікке, жақсы қасиетерді бойларына сіңіріп өсулеріне ықпал жасау. Халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық 20 олимпиада және 9 ғылыми сайыстардың тізімі бар. Ол тізімдер облыстың білім беру мекемелеріне таратылған. Қандай жағдайда да оқушы немесе ата-ана баласының қатысқысы келген сайыс түрін өз бетімен таңдамай, ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен олимпиадалар тізбесі бар бұйрықты басшылыққа алғаны жөн. ҰБТ-дан босату үшін міндетті түрде халықаралық сайысқа қатысқан сертификаты немесе жүлделі орынға ие болған дипломы, оқу үлгерімі туралы табелі қажет. Түлектер мектепте дәстүрлі емтихан тапсырады. Түлекке емтихандар мен табельдеріндегі бағаға сәйкес балл қойылған сертификат беріледі. Ол осы құжат негізінде жоғары оқу орнына түсуге ниет білдіреді. Ал олимпиада мен сайыста жүлделі орынға ие болған түлектер қатысқан пәні таңдаған мамандығына сәйкес болса, конкурстан тыс жоғары оқу орнына қабылданады. Жоғарыда аталған Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген олимпиада мен сайыстарға қатысқан мектеп түлектері Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша ҰБТ-дан босатылады. Бүгінгі ұрпақ – тарихи кезеңде өмір сүріп, ұлттың, елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырған ұрпақ. Ғасырлар бойы бабаларымыздың арманына айналған Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егемендікті еншілеген ұрпақ. Олардың болашақта ұлттық дәстүр мен салт-сананы берік сақтаййтын, саналы да парасатты болып өсуінің бір кілті ұстазда деп білеміз. Нағыз ұстаз қай ғасырда да - ұстаз болып қала бермек.Ұстазға қойылатын талап мен тілек қаашан да ортақ. Ол - Білімділік, Имандылық, Парасаттылық. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік, негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Қазіргі білім беру кеңістігінде орта мектеп түлектерін жан-жақты дамыған, айналасына өз көзқарасымен қарай алатын және баға бере алатын тұлға ретінде қалыптастыру міндеті тұр. Қазақстан Республикасы «Білім туралы Заңының» 11-бабының 2-тармағында «Жеке адамның шығармашылық, рухани, және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін қажетті жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» міндеттері қойылған. Зерттеу әдісі мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез –келген мамандықпен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет және ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуға өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады.Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Зерттеу-дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Айналасындағыларды танып білуге деген талпыныстың арқасында ғана тіршілік иесі белгілі бір ортаға икемделіп, өмір сүру қалпын қалыптастырады. Биік таным қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып, танысуға деген құштарлығы жоғары болады, танымдық қабілеті үнемі сұранысқа ие, мұғалімнің қандайда болмасын жаңашыл ұсынысын аса қызығушылықпен қабылдайды және орындауға асығып тұрады. Ал зерттеу мен ізденіс теориялық білімді практикамен ұштастыруға мүмкіндік береді, оқушының болашақ мамандық таңдауына да бағдар болады. Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерінің ашылуына мектебімізде мүмкіндік жасалған. Оқушылардың шығармашылығын шыңдау, ғылыми ізденістерін арттыру мақсатында білім мекемелерінде оқушылардың ғылыми қоғамы ұйымдастырылған (ОҒҚ). Ғылыми жұмысты бастаудың бірінші шарты: білімге ынтазар, табанды, танымдық қабілеті терең оқушыны сыныпта байқау және болашақ жұмысқа бейімдеу, әдеби кітаптар беру, ғылыми-көпшілік журналдарды оқыту. Әрине, бұл жерде мұғалім бір оқушыны бөліп-жармай сыныппен жұмыс жүргізуі тиіс; Екінші шарты: сабақ процесінде өтілетін тақырыптарды қызықты өткізу. Түрлі есептерді, зертеу, саралау, бақылау элементтеріне баулу. Сабақты үнемі өмірмен, басқа пәндермен байланыстырып отыру және ең бастысы оқулық шегінен тыс қызғылықты мәліметтерді беріп отыру. Бұл әрине мұғалімнің сабаққа тыңғылықты дайындалуына тікелей тәуелді. Үшінші шарты: сыныптан тыс шараларды, пән апталықтарын үлкен дайындықпен өткізу. Мектепішілік шараларда математика мәселесін оқушылар арасында кеңінен насихаттау.Осы шарттар орындалған жағдайда шәкірттердің арасынан пәнге деген қызығушылығы жоғары оқушылар іріктеле бастайды. Олар сабақ процесінде сұрақтарды көп қояды, шараларға белсене қатысады және мұғалімнің көмекшілеріне айналады. Мұғалім мен оқушы арасында өзара сенім орнайды. Төртінші шарты: пәрменді шаралар арқылы оқушылардың белсенділіктерін көтеру. Оларға акциялар, топсеруендер, саяхаттар жатады. Осы жұмыстардың басы қасында өз көшбасшылары пайда болады. Олар хабарламалар дайындап, қабырға газеттерін шығарады, өлең, шағын әңгімелер жазады, яғни шығармашылық белсенділіктерін көрсете бастайды. Осы шарттар орындалған жағдайда ғылыми жұмысқа дайын, үздік оқушы іріктеледі. Ізденіс барысында оқушыларға шығармашылық мүмкіндіктер беріледі. Оқушылар дүниетанымынң мүмкіндігіне қарай, ғылыми түрде шығармаларды таңдайды. Мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындады, осы міндеттер бойынша оқышылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады. Осы жұмыс барысында ғылыми жұмысты жүргізудің теориялық принциптерін пайдаланып, жұмыстанып келемін. 1. Ғылыми жұмысты ұйымдастыруда белгілі бір тақырып бойынша көмек көрсетемін, қосымша мағлұматтар беремін. 2. Ғылыми бағыт бойынша зерттеу материалдарының тізбесін жасаймыз және сұрыптаймыз. 3. Жұмыстың өміршеңдігіне мән беріп, ортамен байланысына көңіл бөлу. 4. Оқушының жұмыс барысындағы жеке қолтаңбасы, жаңалық қыры, шығармаларын талдай білуі ескеріледі. 5. Жұмыстың соңында қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттердің тізіміне көңіл бөлінеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді. Қазіргі оқытушының басты қызметі – білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамыту, айқындай үдері қалыптастырылыды. Ғылыми жұмыстарды орындау барысында оқушылар ғылыми әдебиеттермен, интернет арқылы мәліметтер жинап, бақылау жұмыстарын жүргізеді, зерттеу жұмыс жоспарын жасайды. Атап айтқанда: 1. Тақырыбын таңдау. 2. Пәні, мақсат-міндеттерін қою. 3.Зерттеудің теориялық, практикалық маңыздылығы. 4. Тақырыпқа сай мәліметтер жинау. 5. Теориялық білімінің жоспарын талдау, оны бақылау дәптеріне жазып отыру. 6. Практикалық бөлімнің жоспарын талдау, зерттеуге керекті тәжірибе жүргізу. 7. Нәтижелерін талдау. 8. Редакторлау. 9. Презентациялау. 10.Жобаны қорғау. Дарынды, шығармашыл балалар халқымыздың баға жетпес байлығы, ұлы қазынасы. Олар ертеңгі заман жүгін көтеретін, дәуір көшін бастайтындар. Ауданда шығармашыл, дарынды балаларға қолдау көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған. Мысалы: дарынды балаларды анықтау үшін мектепішілік, аудандық, облыстық пән олимпиадалары, сайыстар, фестивалдар, халықаралық ойын байқаулары, «Зерде» ғылыми жоба жұмыстары мен Кіші Ғылыми жоба жұмыстарының байқауларын өткізіп дарынды оқушыларды анықтаймыз. Жаста болса жүйрік ойлы еңбектерімен мектебіміздің абыройын асқақтатқан шәкірттеріміз баршылық. Атап айтсақ: 2013 жылы өткізілген Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясының 17-ші Облыстық ғылыми -практикалық конференциясының қорытындысы бойынша ІII дәрежелі дипломмен Орынбай Мерлан марапатталып Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясының 39-шы Республикалық ғылыми –практикалық конференциясына қатысып грамотаға ие болды. 2013 жылы өткізілген Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясының 17-ші Облыстық ғылыми -практикалық конференциясына қатысып Нұрбаулы Ермахан грамотамен марапатталды Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде оқушылар үлкен өмірлік тәжірибе жинақтайды. Ізденісте жүретін балаларды шығармашылық іс-әрекетке баулу өз нәтежиесін беретініне көзім жетті. Тек қана мұғалімнің жан-жақты ізденісі, таптауырын методикадан бас тартып оқушыларды өмірге практикалық, іс-әрекет тұрғысында тәрбиелеу үлкен нәтижеге жеткізбек. Дарындылықты дамыту, қызыреттілігі бекем тұлғаны өмірге дайындау өзіміздің қолымызда. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұраттың ең бастысы – өзінің ісін өмірін жалғастыратын саналы ұрпақ тәрбиелеу. «Атың болса жер таны желіп жүріп, асың болса ел таны беріп жүріп» дегендей, тамшының теңізге ұласуының іргетасы қалану жолуында еңбек етудеміз. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев белгілеген «Қазақстан – 2050» бағдарламасы және жыл сайынғы Жолдауы біздің адаспайтын жолымыз, айқын да ашық бағдарымыз. Елбасы өз Жолдауында «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» деп үлкен сенім білдірді. Білім – әрқашан адамзаттың ұлы мұраты, асыл болмыс – бітімі, рухани байлығы. Сондықтан ұстаздар жастар білімін өркендету жолында аянбай еңбек етіп, жас ұрпақты игілікті істерге құрметтеп, қарауға жұмылдыруда. Әдетте, алыс жолға шыққан жолаушы барар жерін бағыттап, жүрер жолын бағамдап алады. Біздер де жарқын болашаққа бет алған жолаушы сияқтымыз. Рухани жан-дүниесі мол, білімді, дарынды, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруда бағытымыз айқын. Халықаралық олимпиадаға қатысуға ниет еткен бала әр оқу жылының басында мектепте, аудандық білім бөлімінде, содан кейін облыстық Білім басқармасында тіркеуден өтеді. Онда оқушының ғылыми жобасының тақырыбы, бағыты, пәні, секциясы, тағы басқалары көрсетілуі керек. Аудандар және Петропавл қаласының білім бөлімдерінен сайысқа қатысуға тілек білдірген оқушылардың тізімі және олардың облыстық, республикалық зияткерлік сайыстардағы жетістіктері туралы ақпарат Білім басқармасына жолданады. Ол жетістіктердің нәтижелері іріктеліп, сол бойынша балалардың арасынан лайықтылары таңдалады да, оқушылардың көрсеткіштері республикалық сараптамаға жолданады. Онда сараптамадан өткендерден облыс командасы құрылады. Оқушылардың халықаралық олимпиадаларға қатысуын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырады. | |
Просмотров: 3803 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|